Аңызға айналған қаһарман

Сабақтың тақырыбы: Аңызға айналған қаһарман.

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының қаһарман ұлы, жазушы Бауыржан Момышұлының өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін артында қалдырған өсиет сөздерін үлгі ету, оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, видеопроектор, кітаптар, журналдар, музыкалық

аппарат .

Сабақтың түрі: таным сабағы

Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, тірек сызба,

Жоспары:

І. Батыр болмыс- биік тұлға.

ІІ. Батыр бейнесі.

ІІІ. Батырдан қалған асыл сөз.

ІV. Сан қырлы өнер иесі

V. Естелікке толы ғұмыр.

VI. Қорытынды.

  1. Ұйымдастыру.

Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар. Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен заманда жауға қарсы шығып, елін жерін қорғаған айбарлы да айбынды, ержүрек, қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші. Осындай батыр болмысты, қайсар рухты, биік тұлғалардың бірі- Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, жазушы Б. Момышұлы. Батыр атамыздың батырлық, ерлік істері ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа үлгі.

9- мамыр « Жеңіс күні» қарсаңында өткізіліп отырған ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Батыр болмыс - биік тұлға

Хронологиялық таблица( слайдтан көрсетіледі)

Батырдың лақап аты Шаң тимес болған

«Жақсының аты өлмейді демекші» елімізде көптеген мектептер ашылды, ерлігін насихаттауға арналған орталықтар, мұражайларашылып, көшелерге аты берілді бұл ердің атының ұмытылмайтындығын білдіреді.

Сонымен қатар 2007 жылдан бері елімізде « Бауыржан Момышұлы» атындағы нөмірленген Құрмет белгісі беріліп келеді.

Батырдың 95, 100 жылдықтарына орай « Батыр шапағаты» деген медаль беріліп жүр. Бұл медальмен батырдың жақсы көретін күйлерін шебер орындаушы, жас күйші Мұрагер Сауранбаев марапатталды.

Батыр бейнесі ( слайдта суреттері көрсетіледі)

Баукеңнің қай суретіне қарасаңда, оның қөз жанарының оттай өткір, баданадай үлкен екенін байқайсың. Көз көргендердің айтуынша соғыс кезінде немесе ашуланған кезде бұл көздер найзағайдың отындай жарқылдаған. Бұл - Бауыржан батырдың ең басты ерекшелігі. Бет әлпеті сұсты, маңдайы кең, шашы тікірейген қайратты, фото суреттерінде қос иығын қомдап, ұшуға дайын отырған қыран бүркітті көз алдыңа елестетеді. Қатулы сәтінде оған қарсы сөз айтпақ түгілі көзіне тіке қарау мүмкін емес. Мінезі тік.

Жалған сөйлейтін, жасанды мінез көрсететін жандарға қаһарын төгіп, бірден меселін басып тастайды. Ал енді әңгімесі жарасқан, көңілі түскен кісіге жайдары, жанашыр, ақкөңіл мінез танытады. Бала көрсе маңдайынан сипап, бауырына тартатын балажан. Әрбір уақытты есептеп жүреді. Жас кезінен кітапты көп оқыған, үлкендерді сыйлаған, білімділердің сөзін құлақ қойып тыңдаған. Өз ұлты мен оның тілін, дәстүрін жанындай сүйген.

ІІІб Батырдан қалған асыл сөз

Баукең өзінің жазушылық қасиетіне былайша баға берген: « Мен әскери маманмын, әдебиетке соғыстан кейін келдім. Өте шебер жазушымын деп мақтанбаймын. Бірақ шындықты айтқан, дәл берген, бір жағы мемуарист, бір жағы деректі, нақтылы нәрселерді қағазға түсіріп отыратын жазушымын. » ендігі кезекті батыр бабамыздан қалған асыл сөздерге кезек берейік.

  1. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу- сатқындық. Мирас
  2. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін. Бекзат
  3. Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып, қырдан аса алмайсың. Ырысбай
  4. Қазақ тілі . . . өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді . . . қысылтаяң қатал жағдайда қайрап, егеп « сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болады. Нұрсат
  5. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту. Рзабек
  6. Кейбір ұл- қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата- ана кінәлі. Шерхан
  7. Отбасының өнегесі- Отан өнегесі. Мұхтархан
  8. Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік жігіттің қасиеті. Асқар
  9. Тіл дегеніміз- қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағыры емес, бүрсүгінгі де тағдыры. Дәулет
  10. Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеушілік - шынайы патриоттарды тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян. Берекет
  11. Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды. Нұрлан

Отан үшін отқа түс күймейсің.

Тәрбиелі - тәртіптің құлы,

Тәртіпті - елдің құлы.

Батыр бабаға арнау

Ырысбай

Мөлдір

Айсұлу

« Ескертпе» өз өлеңі оқитын Шерхан

Сан қырлы өнер иесі

Мұғалім сөзі:

Мен кім едім, мен едім,

Менде мыңның бірі едім.

Қызықпай баққа, атаққа,

Адал еңбек ұлы едім.

Қызмет еткен халыққа

Ақ ниет мыңның бірі едім, - деп өзі жырлағандай Бауыржан атамыздың игерген өнерлерін тыңдап көрелік:

Шерхан

  1. Құралайды көзге атқан мерген.
  2. Турникке тартылу және басқа спорт түрлеріненде озық жетістіктерге жеткен.
  3. Ат құлағында ойнайтын шабандоздылығымен және атбегілігімен аты шыққан. Мәскеу түбіндегі шайқастағы атақты ақбоз аты тупалы аңыз- әңгіме көп.
  4. Қарамағындағы жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте озық нәтиже көрсеткен. Нағыз қаһармандарды тәрбиелеген және жауынгерлерінің « Батька», « Ақсакал» дегендей қошеметіне ие болған.

Рзабек

  1. Әскери қолбасшылығы өз алдына бөлек әңгіме. « Б. Момышұлының тактикасы» деген оқу пәні Израйл еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады. Кубаның әскери мектептерінде де Баукеңнің соғыстағы әдіс- тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Осыны ескерсек Баукеңді әскери ғылымның нағыз білгірі декге болады.
  2. Кітабы әлемге тараған жазушы.
  3. Билярд ойынының шебері. Сегіз шарды тоқтатпай торға тоғытқан сәттерін ескерсек бүгінгі ең мықты бильярдшылармен бәйгеге түсетіндей қабілет иесі.
  4. Сөзге шешен және тапқыр
  5. Көпшілікке белгісіздеу өнері - суретшілі
  6. Араб әліпбиін білген
  7. Болашақты болжайтын қасиеті бар.

Естелікке толы ғұмыр. Экранға назар аударып көрейік. ( слайдтар)

Мұғалім сөзі: Бауыржан атамыздың өмірі, ерлігі - бізге үлгі. Ол кісі туралы жазылған шығармаларды оқи отырып, өмірде ештеңеден қаймықпаған, әділ, бірбеткей, туған халқын шексіз сүйген адам деп танимыз.

Бауыржан атамыздың өзімен бетпе -бет жүздесіп, сұхбат түрінде жазылған шығарма - халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың « Ақиқат пен аңыз» туындысы. Осы шығарманы оқи отырып атамыз туралы ақиқат пен аңызға көз жеткізуге болады.

Нұрбике « Шуақты күндер» туралы

Ырысбай Бақытжан Момышұлының кітабы туралы

Сезім Жәмила Ергембаеваның кітабы туралы

« Баукең ешбір жақсы қасиеттерді аямай, табиғаттың ерекше жаратқан адамы. Ол- ақын. Ол - жазушы. Ол - философ. Ол - екі тілде бірдей шешен. Ол - қас батыр. Ол - полководец. » Қасым Қайсенов


Ұқсас жұмыстар
Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә
Соғыстан кейін
М. ғабдуллин «батыр бауыржан»
Аты аңызға айналған батыр
Бауыржан Момышұлы, 1947 жыл
Отан үшін алға
Қазақтың хас батыры – қарасай. дүниетану
Бауыржан момышұлы "ұшқан ұя" 8-сынып
Момышұлының өмірі
Қазақ хандығына саяхат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz