7-сыныпқа арналған ашық сабақ: Қазақ тілін үйренейік - тұйық етістік пен сан есімдерді пысықтау

Есенбике Какимова,

Алматы қаласындағы

ХҮББК-нің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

7- сынып

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қазақ тілін үйренейік

Мақсаттары:

Білімділік: тұйық етістік формасын, сан есімді қайталатып, түрлі жаттығулар арқылы пысықтау.

Дамытушылық: алған білімдерін ізденіспен қолдана білуге үйрету, ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ете отырып, қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқыту әдістері: сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, интерактивті оқыту, ойландыру, диалог құру.

Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, кітаптар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Амандасу;

2. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру;

3. Оқушылардың іске тез арада қосылуы;

4. Сабақ мақсаты мен жоспарының тұжырымдалуы

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Міндеті: барлық оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс, толық және түсініп орындауын пысықтау.

- Сабаққа жақсы дайындалып келдіңдер. Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Қазақ тілін үйренейік». Мынадай сұраққа жауап беріңдерші: - Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін нені үйрену керек?

- Дұрыс, қазақ тілін үйрену керек. Қазақ тілін жақсы білетін мамандар жақсы жұмысқа орналасады. Көрейік, қалай сендер қазақ тілін білесіңдер! Сендер бірнеше сынақтан өтесіңдер: мәтін бойынша тапсырма орындайсыңдар, сан есім мен тұйық етістікті қайталайсыңдар.

Сынақтан өту үшін 3 топқа бөлінеміз. Мына геометриялық пішіндерді таңдап алыңдар, кім қайсын таңдайды, сондай пішін жатқан үстелдің қасына отырады.

1-сынақ. Тіл туралы мақалды жалғастыр / бірінші топ бастайды, екінші немесе үшінші топ жалғастырады/:

Тіл жетпейтін түкпір . . . / жоқ/

Сөз - . . . /дүниенің сәні/

Сөйлесе білген, . . . /үйлесе біледі/

Тілдің құлпы . . . / тіс/

Тәтті сөз . . . / тас балқытады/

Халықтың тілі . . . / қайнар бұлақ/.

Өте жақсы. Келесі тапсырма:1- топ: берілген мәтінді жалғастыру, мәтіндегі тұйық етістікті септеу; 2 -топ: мәтінді мазмұндау, мәтіндегі реттік сан есімдерді атау; 3- топ: мәтін бойынша диалог құру, мәтіндегі есептік сан есімдерді атау.

2- Бұл сынақтан да жақсы өттіңдер. Ал көрейік, қалай диалог құра аласыңдар.

1- ҚР рәміздері туралы;

2- қазақ тілі сабағы туралы;

3- ҚР спортшылары туралы.

3- Ал енді ойын түрінде сан есімдерді қайталайық. Ойын жүргізушісі Адель болсын. Жүргізуші : - мен сан есімдерді атап тұрамын, сендер жинақтық сан есімдерді естігенде, 1 рет шапалақтайсыңдар; болжалдық сан есімді естігенде, 2 рет шапалақтайсыңдар, т. б.

4- Келесі тапсырма оқулықтың 215-бетіндегі 3- тапсырма:

а) тапсырманы оқу, мәтінді оқу.

ә) сөздік жұмысы / жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру/.

б) тапсырмаларды орындау.

5- Ал енді сөзжұмбақ шешеміз

C: C
:
:
:
:
:
:
:
:
C: А
:
:
:
:
:
:
:
:
C: Н
:
:
:
:
:
:
:
:
Е
Е: С
:
:
:
:
:
:
:
:
:
Е: I
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
Е: M
:
:
:
:
:
:
:
:
:

Бұл сынақтан да жақсы өттіңдер.

6- Қазір «Кім көп біледі?» ойынын өткіземіз. Қай топ көбірек мақал - мәтел, жаңылтпаш айтып береді, солар ұтады.

7- Рефлексия. Ал енді «Қазақ тілін білу үшін не істеу керек?» деген сұраққа кластер құрып, жауап беріңдер.

8- Өте жақсы, осымен сабағымызды қорытындылаймыз, әрбір топ өз-өзін бағаласын.

- Бәрекелді, сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар, сендер болашақта жақсы маман боласыңдар деп сенемін.

Үй тасырмасы: 216 - б., 4 - тапсырма, жаңа сөздерді жаттау.

Осымен сабағымыз аяқталды, сендерге рақмет.


Ұқсас жұмыстар
Етістік: пысықтау ашық сабағы
7-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Тұйық етістіктің түрленуі
Қазақ тілінде сан есімдерді оқыту: әдістемелік құрал
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Салт етістік пен сабақты етістік
Сабақты етістік пен салт етістік: қазақ тілі сабақ жоспары
Сан есімдерді қайталау: сабақ жоспары мен тапсырмалары
Жедел өткен шақ пен сан есімдерді қайталау: сабақ жоспары мен жаттығулар
7-сыныпқа арналған қазақ тілін тереңдетіп оқытудың факультативтік бағдарламасы (34 сағат, 2013-2014 оқу жылы)
6-сынып қазақ тілі: Сан есімдерді қайталау және жинақтау
6-сынып: Үй жануарлары және тұйық етістік (у жұрнағымен құралуы мен түрленуі)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz