№2 Гүлдерай тобына ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Көлік түрлері мен жол ережелері

№ 2 «Гүлдерай» тобына ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Бағдарлама тараулары :Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы:Көлік түрлері.

Мақсаты:Көліктер туралы түсініктерін кеңейту. Көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту. Көлік түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығы туралы білімдерін бекіту. Көлік мамандарының еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Достыққа, мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Құрал жабдықтары: слайд «Көлік түрлері», үлкен ойыншықтар:ат, есек, машина, көлік суреттері бар карточкалар, бағдаршам.

Қостілдік компонент:көлік-транспорт, бағдаршам-светофор, самолет-ұшақ, вертолет-тікұшақ, корабль-кеме.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Әрекеткезеңдері:

Мотивациялық

қозғаушы

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Жылулық шеңбері.

Дос болайық бәріміз,

Әрқашан дос, біргеміз

Ажырамас іргеміз,

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер.

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз.

Баланың іс-әрекеті: Шеңбер бойына тұрып орындайды.
Әрекеткезеңдері: Іздену-ұйымдастырушылық
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қалдарын қалай?Бізге бүгін қонақтар келіпті қонақтармен амандасып алайық.

Есікті тоқылдатып Дымбілмес кіреді.

Дымбілмес:

-Сәлеметсізбе, апай!Сәлеметсіңдер ме, балалар!Мен сендерге көмек сұрай келдім. Мен және аулада достарыммен ойнап жүріп көлік түрлерін ажырата алмадым. Олар мені мазақ қылды. Сол үшін сендерге келдім. Маған көлік түрлерін ажыратуға көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші:

-Балалар, көмектесеміз бе?

Дымбілмес балалар жанына отырады.

Тәрбиеші:

-Адамға көлік не үшін керек?Қандай көлік түрлері бар?

-Ертеде адамдар алыс жерлерге қандай көлік түрлерімен жеткен?

-Дұрыс айтасыңдар. Ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы және оларға жегілген екі дөңгелегі бар арбалармен қатынасқан. Кейінірек адамдар двигательді ойлап тапты. Уақыт өте келе көліктің сырт көрінісі өзгеріп, двигателінің қуаты арта түсті.

-Қалай ойлайсыңдар көлік қозғалысына қарай неше түрге бөлінеді?

-Өте дұрыс. Көлік әрқалай қозғалады. Суда кеме, қайық жүзеді.

Жерде жедел жәрдем, өрт сөндіруші көлігі, экскаватор, автобус, қар күрейтін машина, бульдозер т. б көліктер жүреді.

Темір жолмен-трамвай, поезд жүреді.

Ауамен ұшақ, тікұшақ, әуе шары, зымыран ұшады.

Көлік түрлері әртүрлі мақсатта қолданылады. Бірі жүк тасыса, екіншісі-адам тасиды.

(Слайд арқылы көрсетіледі) .

-Әр көлік түрінде әр түрлі мамандар жұмыс істейді. Сендер атап бересіңдер ме?

3346542_professii_11[1] водитель[1] моряк[1]

Машинист[1] стюардесса[1] полицейский[1]

-Өте жақсы, балалар!

-Балалар, Дымбілмес біз шаршаған шығармызСергіту сәтін жасап алайық.

Сергіту сәті: «Жолың болсын!»

-Ал балалар, Дымбілмес менімен ойын ойнағыларын келе ме?

-Онда «Дауысынан тап»ойынын ойнайық.

Үнтаспадан көлік түрлерінің(пойыздың гудогі, ұшақтың, кеменің, жылқының, тікұшақтың, мотоциклдің) дыбыстары естіледі. Балалар қандай дыбыс естігендерін қайталап, қандай көлік түрінің дыбысы екендігін табады.

-Дымбілмес, балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақ шешуін табасыңдар ма?

Сөйлеуді ол білмейді

Бірақта тоқта, жүр дейді. Ол не?

-Дұрыс. Балалар, қалай ойлайсыңдар бағдаршам не үшін керек?

-Дұрыс . Бағдаршамның неше көзі бар?Бағдаршамның көздерінің қызметтерін айтып беріңдерші.

-Өте дұрыс, балалар. Мен сендерге бағдаршамның тарихын айтып бергім келіптұр. Дүниеде ең бірінші бағдаршам 10 желтоқсан 1868 жылы Лондон қаласында Британ парламентінің алдында орналасқан екен. Ол газбен қолдылатын болған. Уақыт өте келе қазіргі заманғы бағдаршам жасалынып шықты.

-Ал қазір мен сендермен «Бағдаршам» ойының ойнағым келіп тұр.

Баланың іс-әрекеті:

-Сәлеметсіз бе, Айнұр Муфталовна. Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Балалар қызыға назар аударады.

Әрине көмектесеміз. Кел біздің жанымызға отыр.

Дүкенге бару үшін. Алыс жерге тез жету үшін. т. б.

Жылқы, түйе, есек.

-Әуе, жер, су, теміржол көлігі болып бөлінеді.

Дымбілмес қызыға қарап отырады.

Әр түрлі машиналарда-жүргізуші,

Поезда-машинист пен жол серік.

Ұшақта-ұшқыш, бортинженер,

стюардесса.

Су көлігінде-капитан, боцман, матрос қызмет етеді.

Қимыл қозғалыспен сергіту сәтін жасау.

-әрине.

Балалар қызыға ойнайды.

-Әрине табамыз.


Ұқсас жұмыстар
Өрнек әжеде қонақта: II кішілер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №2: Табиғи оркестр (Экология негіздері)
Мектепалды даярлық тобына арналған Пішіндер әлеміне саяхат ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Құлыншаққа арналған жол - сенсорика, түс тану (қызыл, көк)
Түстер әлемі: Бөбек I кішкентайлар тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Бағдаршам және біз: балабақшада жол жүру ережелерін оқытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ересектер тобына арналған Қошқар мүйіз оюын салу бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Дайындық тобына арналған қазақ тілі сабағы: Дене мүшелері - ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары
Балдырған тобына арналған Ыбырай Алтынсариннің Әке мен бала ертегісінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz