Ғажайып ертегі

Ғажайып ертегі .
Байтугелова Гаухар. «Балауса» балалар бақшасы.
Жамбыл обл. Құлан ауылы. Т. Рысқұлов ауданы.
Білім саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта. Шығаршылық.
Бөлімі: Тіл дамыту . Көркем әдебиет . Сурет . Жапсыру .
Мақсаты: ертегілер арқылы тіл байлығын молайту.
Білімділік :балалардың халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру, танымдық аясын кеңейту .
Дамытушылық: балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, есту зейінін, қиялын, сөйлеу тілінің диалогтық формасын дамыту. Ірі және ұсақ моториканы жетілдіру, эстетикалық танымдарын арттыру.
Тәрбиелік: балаларды достыққа, бірлікке баулу, ертегілерді сүюге және адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: дат, бұйымтай, ізет, бірлік, мейірім.
Көрнекі құралдар :қуыршақ театры, теледидар, қақпа, магнитті тақта, тақырыпқа сай үлгілер.
Керекті құрал-жабдықтар: ақ парақ, түрлі-түсті субояқ, жай қалам, желім, қызғылт түсті қағаз, сулық, допшалар, құм жәшігі.
Билингвистикалық компонент: күн - солнце - sun, апа - бабушка - grandmother
ата - дедушка - grandfather.
Инклюзивтік әлеумент: даму мүмкіншілік шектеулі балаларға жеке көмек көрсету.
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Қәне қонақтармен сәлемдесейік.
- Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз .
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме ? - деп,
Сәлемдесіп аламыз .
Шаттық шеңбері:
Балабақшам армысың !
Сені жақсы көремін .
Достарым менің бармысың !
Құшақтасып алайын .
-Балалар бүгінгі күніміз сәтті өту үшін берілген карточкадағы суретке байланысты жылы лебіздеріңді білдіріңдерші. (Магнитті тақтаға суретті іліп тілегін айтады)
«Күн» - Әрқашан күн сөнбесін .
«Су» - Суымыз тұнық болсын .
«Нан» - Нанымыз көп болсын .
-Күнді орысша не дейді ? Ағылшынша не дейді ? (солнце - sun )
Ұйымдастыру.
- Сендерге ертегі ұнайды ма ?
Ертегі тыңдағанды жақсы көрксіңдер ме?
Көздерін жұмып жақсы көретін ертегілерін елестетіп, кім қай ертегіні елестеткендерін, сұрастырады. (мен «бауырсақ» ертегісін көрдім . . . т. с. с. )
Ертегі қандай сөздермен басталады ?(ерте, ерте, ертеде . . . )
Қандай ертегілер болады ?(аңдар туралы, құстар туралы, қиял-ғажайып. . )
Қандай елдің ертегілерін білесіңдер? (орыс, қазақ, неміс . . . )
-Ал, енді балалар мен сендерге ертегі айтып берейін. (ертегі айтылып жатқанда қуыршақ театры арқылы көрсетіледі )
-Ерте, ерте, ертеде бір ауылда Асанбай ата мен Жамиля апа өмір сүріпті. (Олардың Құралай деген қыздарын мыстан кемпір ұрлап кетіп балалардан көмек сұрайды, балалар уәде береді. ) . Осы кезде қорқынышты әуен шығып мыстан кемпір ұшып келеді.
- Сендер мұнда неге жиналып алғансыңдар?
-Мыстан ханым сізге қояр датым бар. Біз, Құралай қыз сізде деген хабар есті- дік. Қызымызды қайтарсаңыз қандай болсада шартыңызды орындаймыз.
-Мына балалардың қолынан не келеді дейсің.
-Бәрі келеді «Үлкеннен ақыл, кішіден ізет сұра » демейме атам қазақ. Балалар гүл егеді, үй соғады . . . т. б. (балалар түлі-түсті мақталы таяқшамен үйдің пішінін құрастырады, тақпақ айтады.
Біздің үйде ән тарап,
Думандатар өмірді .
Біздің үйде салтанат,
Біздің үйде көңілді . )
-Сендер бір үйде тату тұралмайсыңдар . Ертегідегі аңдар секілді үйлерің сынып қалады.
- «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші достық шеңберін жасап, дос туралы өлең тақпақ, мақал-мәтелдер айтып беріңдерші. (Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. )
-Мыстан ханым Құралайды жіберіңізщі.
-Жоқ, мен балаларды шаршатамын,
тапсырмаларды орындамай қалса Құралай өзімде қалады.
Мыстан балаларға ертегілерді шатастырып айтып қатесін табуларына ұсыныс жасайды.
Д/о. Дұрысын тап. (Баяғыда бір ешкінің жеті қозысы болыпты . . . т. с. с. )
-Мыстан ханым балалар теледидардағы тапсырманы да орындай алады. Ойынның аты «Мен бастаймын, сендер аяқтаңдар » (теледидардан топтағы бір баланың анасы тапсырма береді. Мысалы:ата мен апаның суретін көрсетіп «Баяғыда . . . » ата мен апа болыпты - деп балалар аяқтайды) .
-Мыстан ханым бір келісімге келейік. Жол жүріп шаршап келдіңіз, балалармен бірге бойыңызды сергітіп алыңыз. Балалар сізге арнап сыйлық жасамақшы, мүмкін сонда жүрегіңіз жұмсарар.
Сергіту сәті.
Ойын: Кім жылдам.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz