Тіл-халық қазынасы

Тіл халық қазынасы.

Байтугелова Г. Е. «Балауса» балалар бақшасы

Жамбыл обл. Т. Тысқұлов ауданы. Құлан ауылы.

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық».

Бөлімі: Тіл дамыту, айналамен танысу, сурет, жапсыру.

Мақсаты: Балалардың Қ. Р. Отаны, тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейтіп, оның табиғатытуралы мағлұматберу. Туған елге, тілге, жеріне, отанына деген сүіспеншілдігін білдіруге тәрбиелеу. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын жетілдіру. Шығармашы-лық қабілеттерін, ой-қиялдарын, эстетикалық танымдарын дамыту, ірі ж/е ұсақ моториканы жетілдіру.

Көрнекілік: Қ. Р-ның мемлекеттік рәміздері, сандықша, қоржын, үлгілер.

Керекті құрал-жабдықтар: Ақ парақ, субояқ, түсті қағаз, желім, мақта, бұршақтар.

Сөздік жұмыс: Рәміз, тәуелсіз.

Билингвистикалық компонент: Отан - родина, елтаңба - герб, ту - флаг, гимн.

Инклюзивтік әлеумент: Даму мүмкіншілігі шектеулі балаларға тіл жаттығуын қайталату.

Іс-әрекет кезеңі:

Мотивациялық қозғаушы.

Қазақстан Респуликасының мемлекетік гимні орындалады.

Балалар орындарынан тұрып оң қолдарын жүрек тұсына қойып гимнді орындайды.

Амандасу:

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Біз әдепті боламыз,

Иіліп сәлем береміз

Жылулық шеңбері: «Менің сүйікті отаным!» Жүрекшені кеудесіне төсей отырып жылы лебіздерін білдіреді.

-Мен, балабақшамды сүйемін!

-Мен, ауылымды жақсы көремін!

-Мен, әке-шешемді сүйемін! Т. с. с.

Барлығы бірге:

-Жас ұланымын елімнің,

Болам ұл-қыз зор әлі.

Қазақстан жалауын,

Көтеремін жоғары.

Балалардан Отан, дос туралы тақпақ мақал-мәтел сұрайды.

-Отан оттан да ыстық.

-Аққуды атпа, досыңды сатпа.

-Отан асыл анамыз,

Ана сүтін ақтаймыз.

Есейгенде ер болып,

Елді жаудан сақтаймыз.

Іздену ұйымдастырушышы кезең:

Тосын сәт: Қоржынын арқалап Алдар көсе келеді.

Балалардың назары Алдар көсеге бөлінеді.

-Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен кең байтақ қазақ жерін аралап көмекке зәру адамдарға көмектесіп жүрмін. Міне сендердің жерлеріңе де келіп жеттім.

-Туған ауылдарың қалай аталады?

-Құлан ауылы.

-Ұлттарың кім?

-Қазақ.

-Мені таныдыңдар ма? Мені қандай ертегілерде кездестірдіңдер?

-Ия. Алдар атасыз.

-Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе.

-Қазақ халқының ұлттық ертегілерін атап беріңдерші.

-Шықбермес Шығайбай мен Алдар көсе.

-Мақта қыз бен мысық . Қарлығаштың құйрығы неге айыр. Ұр тоқпақ. . т. б.

-Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

-Ханталапай, қыз қуу, бәйге. . . (Осы кезде атаның ұялы телефоны шырылдайды, оны қонаққа шақырады. Алдар балаларға рахмет айтып сиқырлы сандықша сыйлап қоштасып кетеді. )

-Мынау неткен әдемі сандықша, ашып көрейікші(сиқырлы дауыс шығады)

Жаұяның қатысуы:

Сиқырлы дауыс жанұяның қатысуымен айтылады. Тапсырма орындалса ғана сандықша ашылатынын ескетеді. Компьютерден сұрақтар қояды.

1-тапсырма:

1. Сендер тұратын мемлекет қалай аталады? (Қазақстан республикасы)

2. Мемлекеттік тілдерің қай тіл? ( Қазақ тілі. «Тілін білмеген, түбін білмейді»)

3. Қ. Р. қандай Республика? (Тәуелсіз )

4. Қ. Р. елбасы кім? Н. Ә. Назарбаев .

5. Қ. Р. астанасы қай қала? (Астана қаласы)

2-тапсырма:

1. Қ. Р. мемлекеттік Рәміздерін ата.

-Елтаңба, ту, гимн.

-Герб, флаг, гимн.

2. Рәміздер туралы тақпатар айту

-Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

-Қәне балалар жаңа сөздерді қайталайықшы.

-Рәміз, тәуелсіз.

Әсем әуенмен сандықша ашылып ішінен түйілген орамал шығады.

Д/о: Түйілген орамал. Шеңберді айнала ойынды бастадым,

Бір баланың қасына келіп орамалды тастадым.

-Екі көзің не үшін керек? ( Жақсыларды көру үшін )

-Екі қолың не үшін керек? . ( Елге көмек беру үшін. )

-Аспанда неше жұлдыз бар? (Көп ) т. с. с. сұрақтар.

-Біздің Қазақстанымыздың табиғаты өте бай, әсем, тамаша. Табиғат дегеніміз не еді еске түсірейікші.

-Табиғат дегеніміз не ? ( Тау, ана, тал, күн, тас, қозы. т. б )

-Табиғат нешеге бөлінеді ? ( Өлі және тірі табиғат болады. Тірі табиғат өседі, өнеді:тал, жануар, адам. Өлі табиғат өспейді:тас, су. т. б. )

-Олай болса бойымызды сергітіп, табиғат сиынан аналарымызға арнап сыйлық жасайық. .

Сергіту сәті. (Балалар «Өз орныңды тап» ойыны арқылы суретті карточкадағы бейнеге қарап «Гүл», «Қой», «Алма», «Күн» орталықтарына бөлінеді


Ұқсас жұмыстар
Тіл және сөйлеу
Қасиетті менің ана тілімде
Қазақ тілі - асыл қазынам
Мақал салыстыру
Тіл туралы
Құрманғазы Сағырбайұлы кім
“тіл – халық қазынасы” атты xxi ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойыны
Ана тілім - ажарым, асыл мұрам
Тарихи сөзді тап
Табиғатты қорғаңдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz