Сабақ жоспары :: Сурет, сызу

Файл қосу

Иллюстрация


[pic] Қарағанды облысы
Сәтбаев қаласы
№7 Жалпы орта білім беретін мектебі
«Бейнелеу өнері, сызу және технология» пәнінің
мұғалімі
Жоғары санатты ұстаз
Жаманов Ербол Тұрарұлы

Бейнелеу өнері
6 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Иллюстрация

Сабақтың мақсаты: 1. Иллюстрация туралы жете түсіндіру.
2. Иллюстрациялық суреттер орындаудың
мән – мағынасын
орындауын үйрету. Бояу мен
қылқаламмен жұмыс істеулерін
жетілдіре түсу.
3. Иллюстрациялық суреттерден
әсемдікті тани білуге
тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Іскерлікке баулу сабағы.

Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, сарамандық жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: Иллюстрациялық суреттер, плакат, интерактивті тақта,
қалташалар, оқулық.

Сабаққа қажетті құралдар: Түрлі – түсті бор, қарындаш, өшіргіш, бояу,
қылқалам,
сызғыш, тушь, альбом.

Пән аралық байланыс: Әдебиет, тарих, математика, музыка, өмірмен байланыс.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін, әуелі осы сабаққа қажетті
құралдарды түгендеу үшін «жасырынған түстер» ойынын ойнаймыз.

Үстел үстінде сұрақтар жазылған дөңгелектер тұр.
1.Білім бұлағы не? (кітап)

2.Жаза – жаза батыр.
Бойы қысқарып жатыр. (қарындаш)

3.Оқушы қате жазса кешіреді,
Сосын өзі сүртіп – сүртіп өшіреді. (өшіргіш)

4.Түрлі – түсті бөкендер,
Суреттерге сән берген.
Олар егер болмаса,
Суреттер қара күйге енген. (түрлі – түсті бояулар)
(осыларды бірлесе отырып шешеді)

Мұғалім: Сонымен бәріміздің бейнелеу өнері кітабымыз, өшіргішіміз,
альбомымыз, қарындашымыз, бояуларымыз түгел ғой, яғни бүгін сабаққа дайын
екенсіңдер. «Солдат майданға мылтықсыз бармайды» дегендей бейнелеу өнерінің
өзінің құрал – жабдықтарсыз келуге болмайды екен.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Мұғалім: Үйге не берілді?
Оқушы: Композиция және бейнелеу өнерінің түрлерін қайталап, еске
түсіріп келу.
(Оқушыларға бір – бір сурет таратып беремін: Олар суретті тақтада тұрған
қалташаларға дәл тауып, апарып салады, әр оқушы суреттің сыртына
қарындашпен аты – жөнін жазады).
Қалташалардың сыртына натюрморт, пейзаж, портрет, мүсін өнері, графика деп
жазылған. (Суреттерді қалташаларға салып болған соң, сабақ соңында
бағалайтынын ескертемін).

Мұғалім: Енді сендерге мынандай сұрақтар қоямын.
1. Кескіндеме өнері яғни живопись дегеніміз не?
2. Кескіндеме өнерінің қандай түрлері бар?
(портрет, пейзаж, натюрморт, анималист,
композиция)т.б.
3. Портрет дегеніміз не?
(адам кескінің бейнелеу).
4. Автопортрет дегеніміз не?
(суретші өз суретін салуы)
5. Пейзаж дегеніміз не?
(табиғатты бейнелеу).
6. Анималист деген не?
(жануарлар мен аңдардың суретін салушы).
7. Композиция дегеніміз не?
(композиция латынның composio, яғни ойлап
шығару, «құрастыру»
деген сөзінен шыққан ұғым).
8. Композицияны салғанда суретші нені ескеру керек?
(симметрия, ритм, тепе – теңдік, контраст және
нюанс)
9. Симметриялы дегенді қалай түсінесің?Бұл сөзді көбірек қай
сабақтан естідіңдер? (грек сөзі заттың екі жағы бірдей, тең болып
тұрады. Біз

математика сабағында көп естиміз).
10. Композицияны салғанда қалай бастайды?
(композицияны нобай жасаудан бастайды. Түзету
оңай болу үшін
сурет
сызықтарын ақырын жүргізу керек).

Иллюстрация жоспары:
1. Иллюстрация.
2. Иллюстрация туралы түсінік.
3. Кітап графикасы және салыну мәні.
4. Абайдың «Желсіз түнде, жарық ай» өлеңіне салынған иллюстрация
туралы.
5. «Қазақ эпосындағы иллюстрациялық» суреттер туралы түсінік.

ІІІ. Жаңа тапсырманы түсіндіру:
Мұғалім: Жаңа біз композицияның түрлі – түсті бояуымен өте жарасымды, тепе
– теңдігі сақталған кескіндеме өнерінің түрі екенін айттық.
(живопись суреттің түрлерін көрсетіп, сұрақ қою).
Мұғалім:Бұл өнерінің қай түріне жатады:
- живопись (кескіндеме)
- неге?
- себебі түрлі – түсті бояумен салынған.
Ал, түсіндірейін деп отырған иллюстрация да түрлі – түсті бояумен салынады.
Иллюстрация латынның «иллюстро» жарықтандыру сөзінен алған. Мысалы, кітап
сыртына иллюстрациялық суреттер салынады, ол кітаптың мазмұның аша түсу
үшін керек. Кітапты иллюстрациялау графика өнерінің бір түрі.
Графика туралы естеріңде ме? Графиканы салу үшін алғашқы кезде қарындаш
көмір, тушь пайдаланған дегенмін. Кітапты иллюстрациялағанда оның мазмұнына
сәкестен-діру. (Мысалы, ретінде бірнеше кітаптардың суретін көрсету керек).

Кітап графикасына атақты суретшілеріміз Ә.Қастеев, Қ.Қожықов, Н.
Смағұловтар көп еңбек сіңірген. Бұдан иллюстрациялық суреттергі тоқталайық
Қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларына кезінде суретшілер бірнеше
иллюстрация жасаған. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін айтып
көрейікші.
[pic] [pic]

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны – терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп,

Қалың ағаш жапырағы.

Сыбырласып өзді - өзі,

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

(интерактивті тақтадан көрсет).

Ақынның бұл өлеңінен ғажайып сырлы үн ғана емес, түрлі – түсті бояулардан
жасалған күйлі де келісті бір дүниені жанымызбен сезіп, көзімізбен
көргендей боламыз.
Желсіз, тымық түн. Айнала жым – жырт. Аспан толықсыған ай сәулесі өзен
бойын алтын түске бөлеп, діріл қағады. Ағаштың қалың жапырағы, маужыраған
түн, жасыл шөп, қырмызы гүл – бәрі ерекше сұлулық танытқандай.
1. Табиғаттың көрінісін суреттеуді не деуші еді?

(пейзаж).
2. Абайдың тағы қандай өлеңдері бар?
(қыс, күз,
жазғытұрғы) т.б.
Сондай – ақ, халқымыз ел қорғаны батырлары қадір тұтқан, ардақтаған.
Қылқалам шеберлері оларға да сан алуан иллюстрациялық суреттер салған.
Мысалы, «Қазақ эпосы» кітабы батырларға арналған иллюстрациялық суреттер
көп. Онда зор тұлғалы, тұлпар мінген Қобыланды батыр бейнесін салынған. Кең
жазық дала, аспан. Қобыланды батыр-дың басқыншылар мен күреске шығуға
аттанып бара жатыр. Халық оның жеңіске жететініне сенеді, өйткені ол батыл,
ер жүрек, қайратты туған елін шексіз сүю.
Сендер де Қобыландыдан өз еліңді, жеріңді. Отаныңды яғни Қазақстаныңды
сүюлерін керек. «Қазақстанның болашағы мектептен басталады» деп ел басымыз
Н.Ә.Назарбаев айтқандай еліміздің сендерсіндер, осы естеріңде болсын.
(Қобыланды батырдың иллюстрациясын көрсету) Сол сияқты иллюстрациялық
суреттер қазақ ертегілер мен аңыздарыңда да көп. Иллюстрацияны әр уақыт
мазмұнға қарап салу керек.

V. Бекіту кезеңі: Сарамандық жұмыс. (тақтамен жұмыс сурет салу). Оқушыларға
көрсету, салдыру.
VІ. Қорытынды:
1. Иллюстрация деген не деген?
2. Кітаптың мұқабасына иллюстрациялық суретпен безендіргенде нені ескеру
керек?
3. Ертегілерге салынған қандай иллюстрациялық суреттер білесіңдер?

VІІ. Бағалау: Баға қою.

VІІІ. Үйге тапсырма: Өз ойларынан бір – бір иллюстрация салып келу.


Ұқсас жұмыстар
Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу
Құжатта сілтемелерді ұйымдастыру. Атау. Иллюстрация тізімі
Суретшілер шығармалары
Электрондық оқулық жасау және пайдалану мүмкіндіктері
Бояулар сыр шертеді
Жаңа технологияларды қолданудың алғышарттары
Абай шығармаларына иллюстрация
Пейзаж
Компьютерлік графиканың қолданылу салалары
Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың тақырыбы
Пәндер