Бастауыш сыныпқа арналған Қазақстан жолы 2050 стратегиясы мен Елбасы Жолдауын таныстыру сабақ жоспары

Алғашқы сабақтың тақырыбы: Қазақстан жолы - 2050:

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Қазақстан Республикасының президенті

Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір

болашақ» Жолдауымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ел тарихын білуге қызығушылықтарын ояту.

Еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтейтін, еліне, халқына қызмет

ететін жеке тұлға қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, бірлікке, Отанымыздың байлығын

қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы,

Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер,

Қазақстан туралы әндер.

Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрнекілік, поэзия минуты

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Психологиялық дайындық.

ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі.

-Қазақстан туралы не білеміз?

-Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

- Біз қандай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан.

- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек? - ҚР - ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

ІІІ. Мағынаны тану кезеңі.

Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.

2014 жылы 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады. Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз. 2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді. Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады. 2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге белгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады. Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай - ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ. Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі. Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта. Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.


Ұқсас жұмыстар
Елін сүйген Елбасы: Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, қызметі және Қазақстан-2050 стратегиясы
Қазақстан-2050 стратегиясы және азаматтық-патриоттық тәрбие бойынша сабақ жоспары
Қазақстан жолы - 2050: мемлекеттік рәміздер мен бірлік негізінде патриоттық тәрбие
Қазақстан-2050 стратегиясы: Елбасының Жолдауы және білім, отбасы мен ұлттық даму
Қазақстан-2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Қазақстан жолы 2050 стратегиясын талдау: білім, отбасы және денсаулық салаларындағы басымдықтар
Сабақ жоспары: Қазақстан-2050 стратегиясы - бір халық, бір ел, бір тағдыр
Қазақстан - 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Қазақстан 2050 стратегиясы және жастардың білім мен тәрбие арқылы ұлттық дамуға қосқан үлесі
Қазақстан жолы 2050 және Мәңгілік Ел тұжырымдамасының әлеуметтік-экономикалық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz