М.мағауин

Алғысөз

6-сыныптың қазақ әдебиетінде М. Мағауин «Бір атаның балалары» шығармасына 3 сағат берілген. Осы сабақтарда оқушы бойында әдебиетке деген қызығушылықты оята отырып, олардың сыни ойлау дағдыларын қалай дамытуға болады?

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалана отырып, оқушылардың өзіндік іс-әрекеті арқылы білім алуына мүмкіншілік жасап, шығармашылыққа бағыттауға болады. Әсіресе, әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау балаларды маңызды мәселелерді танып, талдау жасауға және ой елегінен өткізіп, ой жүгіртіп, тұжырым жасауға, проблеманы шеше білуге дағдыландырады. Алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтау әрекет жасауға негіз болады. Ол әрекет сын тұрғысынан ойлау дағдыларының дамуына зор ықпалын тигізеді.

Сондықтан СТО-ға негізделген төмендегі сабақ жоспарларын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынамын.

Қазақ әдебиеті 6-сынып

М. Мағауин «Бір атаның балалары» ( 3 сағат)

Реті
Сабақтың тақырыбы
Түрі
Сағат саны
Реті: 1.
Сабақтың тақырыбы:

М. Мағауин

«Бір атаның балалары»

Түрі: Аралас
Сағат саны: 1 сағат
Реті: 2.
Сабақтың тақырыбы: «Зигфрид Ахметұлы» бөлімі
Түрі: Аралас
Сағат саны: 1 сағат
Реті: 3.
Сабақтың тақырыбы: «Бейбіт күн жасасын әлемде . . . »
Түрі: Ой-толғау
Сағат саны: 1 сағат

1 - сабақ

Сабақтың тақырыбы Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»

«Бастау» бөлімі бойынша

Түрі Аралас

Мақсаты: а) Оқушыларға үзіндінің мазмұнын меңгерте отырып,

шығармадағы негізгі идеяны анықтату;

ә) Оқушылардың танымын кеңейту, сын тұрғысынан

ойлау қабілетін арттыра отырып, ой тұжырымдауға

үйрету;

б) Адамгершілікке: қайырымдылық пен мейірбандық-

қа баулу;

Әдістер Ой-қозғау, топтастыру, «Кубизм» әдісі, зерттеу, су-

реттеу, салыстыру, ой-толғам.

Көрнекілік Интерактивті тақта, жазушы портреті, Ұлы Отан со-

жайлы фильмдер фрагменті, семантикалық карта.

Пәнаралық байланыс Тарих

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды 2- топқа бөлу.

1-топ. «Тарихшылар»

2- топ. «Әдебиетшілер»

2. Топты қорғау.

1-топ. «Тарих- іргетасы халықтың»

2-топ. «Әдебиет- өмір айнасы»

(Мағынасын ашып, түсініктеме беру)

II. Қызығушылықты ояту сатысы.

1 . Ой қозғау.

Интерактивті тақтада Екінші дүниежүзілік соғысына байланысты түсірілген фильмдер фрагменті көрсетіліп жатады.

C:\Users\user\Desktop\images.jpg

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

Сұрақ: « Өткен тарих деп санамыздан алып тастау мүмкін емес,

жүрегімізде өшпестей із қалдырған бұл сұрапыл, отты жылдар

оқиғасы жайлы естігенде, не көргенде қандай сезімде боласың?»

2. Топтастыру әдісі.

Екі топқа да сызбаларды толтыру тапсырылады.

1-топ. Тарихшыларға мынадай сызбаны аяқтап түсіндіру тапсырылады.

2-топ. Әдебиетшілерге мынадай сызба бойынша тапсырма беріледі.

Жамбыл Жабаев М. Мағауин Ә. Сәрсенбаев

С. Мәуленов Ғ. Мүсірепов

Б. Момышұлы Ә. Тәжібаев Қ. Аманжолов

(Шығармаларын ата) .

3. Оқушы хабарламасы.

«Мұхтар Мағауин- бүгінгі ұрпақтың да, келешек ұрпақтың да алдында айрықша еңбегі бар айтулы қаламгер».

III. Мағынаны тану

1. Кубизм әдісі. (Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы)

Кубиктің алты қыры бар.

1) Суреттеңіз.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында балаларынан айырылған ата-аналар, мен жетім қалған балалар, тылдағы ауыл тірлігін суреттеңіз.

2) Зерттеңіз.

Ахмет пен Дәуренбек арасындағы түсінбеушіліктің неден басталғанын анықтаңыз.

3) Салыстырыңыз.

Дәуренбек пен Ахметтің қайшы мінезді қаһарман екендігін мәтінге сүйене отырып салыстырыңыз.

4) Не елестейді? Нені сезінесіз?

Ата-анасыз жетім алты бала тағдыры туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді?

5) Қолдаңыз не қарсы шығыңыз.

Ахметтің неміс баласын таңдауында қандай сыр бар, оған қалай қарайсыз?

6) Қолданыңыз.

Мәтіндегі «Жауды аяған жаралы», «Қасқырдың күшігін қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды», «Сыртқы түр- перде, ішін айт» деген мақал-мәтел-дерді кімдерге, яғни қай кейіпкерге қолданар едіңіз?

2. Семантикалық карта.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Кейіпкер

Үзінді

Дәуренбек
Ахмет
Бригадир
Басқарма
Тоқажан
Бәкең
КейіпкерҮзінді: Менің әкелгенім алты-ақ бала . . .
Дәуренбек:
Ахмет:
Бригадир:
Басқарма: +
Тоқажан:
Бәкең:
КейіпкерҮзінді: Үкіметтің кеңшілігі көп . . .
Дәуренбек: +
Ахмет:
Бригадир:
Басқарма:
Тоқажан:
Бәкең:
КейіпкерҮзінді: Ертең-ақ ет-бауы-рымыз боп кетеді . . .
Дәуренбек:
Ахмет:
Бригадир: +
Басқарма:
Тоқажан:
Бәкең:
КейіпкерҮзінді: Құдай басқаның заузатынан опа бермес . . .
Дәуренбек:
Ахмет:
Бригадир:
Басқарма:
Тоқажан:
Бәкең: +
КейіпкерҮзінді: Аруақты атадан қалған қара шаңырақ еді . . .
Дәуренбек:
Ахмет:
Бригадир:
Басқарма:
Тоқажан: +
Бәкең:
КейіпкерҮзінді: Жұрттың сөзін ұрғаның бар ма . . .
Дәуренбек:
Ахмет: +
Бригадир:
Басқарма:
Тоқажан:
Бәкең:

IV. Ой-толғаныс

« Зекеннің болашақ тағдыры туралы ой-болжамым»

V. Қорытынды.

1. Тарихшылар «Үлкендерге де, панасыз жетімдерге де сын болған фашизм

мен соғыс, оның зардабы- шығарманың арқауы».

2. Әдебиетшілер «Панасыз жетім қалған балаларды бауырына басып, тәрбие-

леген абзал жандар- шығарманың арқауы».

VI. Үй тапсырмасы : « Зигфрид Ахметұлы» бөлімін оқу.

VII. Оқушылардың білімін бағалау.

2 - сабақ

Сабақтың тақырыбы «Зигфрид Ахметұлы» бөлімі

Түрі Аралас

Мақсаты: а) Ахмет бойындағы адамгершілік қасиеттерді, Зиг-

фридтің Зекен болып қалыптасу эволюциясын

ұғынып, оларға әділ баға беру;

ә) Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін

арттыра отырып, кейіпкерлерге салыстырмалы

мінездеме беруге, ой қорытуға дағдыландыру,

тіл мәдениетін дамыту;

б) Ахмет қарттың ақыл-ой, адамгершілік параса-

тынан үлгі-өнеге алу;

Әдістер Ой-қозғау, салыстырмалы мінездеме, суреттеу,

топтастыру, ой-толғам.

Көрнекілік Интерактивті тақта, кесте, концептуалдық карта,

Венн диаграммасы, түсініктеме күнделігі.

Пәнаралық байланыс Тарих

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

II. Қызығушылықты ояту сатысы.

1. Ой шақыру.

Сұрақ: « Зигфрид Вольфганг Вагнер неліктен Зекен Ахметұлы Бегімбетов атанды? Оған кімдер себеп болды?»

2. Топтастыру.

Апасы Ахмет

Сейітбек қожа Ауыл балалары

Қонақ бала

III. Мағынаны тану.

1. Ахмет отбасында Зигфридтің бауыр басып кетуіне кімдердің қандай әрекеттері мен қарым-қатынастары себеп болғандығын көрсет.

1) Кестені толтыр.

Кейіпкерлер
Ахмет
Апасы
Сейітбек қожа
Қонақ бала
Ауыл балалары
Кейіпкерлер:

Іс-әрекеттері

мен

қарым-қатынастары

Ахмет:
Апасы:
Сейітбек қожа:
Қонақ бала:
Ауыл балалары:

2) Кестеде жазғандарыңды мәтіндегі сөздермен дәлелдеңдер.

2. Венн диаграммасы бойынша Ахмет қарт пен Дәуренбекке салыстырмалы мінездеме жазу.

3. Концептуалдық карта.

Шығармадағы басты кейіпкерлер Ахмет пен Зекен бейнесі бойынша.

Кейіпкердің аты-жөні

Портреті

Мінездемесі

Өмірлік ұстанымы
Авторлық көзқарас
Жеке ойым немесе менің кейіпкерге көзқарасым
Бүгінгі күні осындай адам-дар бар ма?
Кейіпкердің аты-жөні: Ахмет
ПортретіМінездемесі:
Өмірлік ұстанымы:
Авторлық көзқарас:
Жеке ойым немесе менің кейіпкерге көзқарасым:
Бүгінгі күні осындай адам-дар бар ма?:
Кейіпкердің аты-жөні: Зекен
ПортретіМінездемесі:
Өмірлік ұстанымы:
Авторлық көзқарас:
Жеке ойым немесе менің кейіпкерге көзқарасым:
Бүгінгі күні осындай адам-дар бар ма?:

IV. Ой-толғаныс.

1. Үш бөлімді түсініктеме күнделігін толтыру.

Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Білемін:

Мысалы:

1. Соғыстың зардабын: балаларынан айырылған ата-аналар мен жетім қалған балалар тағдырын тарихтан, басқа да шығар-малардан, кинодан білемін.

Білгім келеді:

Бізге берілген бөлімдерде Зекеннің мектепке барған кезеңі ғана суреттелген.

Кейінгі тағдыры туралы және қалған алты баланың тағдыры туралы, әсіресе, ағайынды қазақ балалары Ертай мен Нартай туралы білгім келеді.

Үйрендім:

Шығарманы оқи отырып, жазушы бедерлеген образ-дарға тереңдеп, кейіпкер-

лердің ішкі сезім- сырларын ұғындым. Әсіресе, Ахметтей адамдардың адагершілігіне, ақыл-ой, парасатына қайран қалдым.

V. Қорытынды.

Ахмет- адамгершілік пен парасаттылықтың, бауырмалдықтың үлгісі.

Зекен- ата үмітін ақтаған ұл.

VI Үй тапсырмасы:

Қосымша «Нартай мен Ертай» тарауын оқып келу.

VII. Оқушылардың білімін бағалау.

3 - сабақ

Сабақтың тақырыбы « Бейбіт күн жасасын әлемде . . . »

Түрі Ой-толғау

Мақсаты: а) Оқушылардың повестен алған білім-біліктерін

бағалау, ой-танымын түйсігін тереңдету;

ә) Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілет-

терін дамыта отырып, тіл мәдениеті деңгейін же-

тілдіру;

б) Ынтымақ пен бірлікті, адал достықты, ізгі адам-

гершілік қасиеттерді бағалай білуге үйрету;

Әдістер Ой-қозғау, салыстырмалы мінездеме, проблема-,

лық сұрақ, топтастыру, хат түріндегі эссе;

Көрнекілік Интерактивті тақта, «Жетімдер» фильмі, тест сұ-

рақтары, тірек-сызбалар, «Балалар құқығы туралы

Конвенция, Венн диаграммасы, Н. Шәкенов, Ә. Ес-

паев «Бейбітшілік сақталады» әні.

Пәнаралық байланыс Тарих, құқық, музыка, кино.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

II. Үй тасырмасын тексеру.

Тест арқылы тексеру.

Барлығы - 10 сұрақ.

1. Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал. Кімнің сөзі?

А) Есепші С) Дәуренбек

В) Басқарма Д) Ахмет

2. «Жауды аяған жаралы». Кімге айтылған сөз?

А) Елге С) Дәуренбекке

В) Басқармаға Д) Ахметке

3. Ертай мен Нартай неге ажырағысы келмеді?

А) Үйренісіп қалғандықтан С) Еш себепсіз

В) Жай Д) Бір үйдің балалары

4. Нартайды кім алды?

А) Бригадир Берден С) Ахмет

В) Орақшы Тілеубай Д) Жақан молда

5. Зигфрид Вагнердің жаңа фамилиясы.

А) Ахметов С) Тілеубаев

В) Бегімбетов Д) Берденов

6. Зигфридтің қасиеттері.

А) Кекшіл С) Жайдары, пысық

В) Қорқақ Д) Бұзық


Ұқсас жұмыстар
Оқыту үшін бағалау
Шығарма кейіпкерлерін талдау
М.мағауин. «бір атаның балалары» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі. 5-сынып
Абылай хан жайлы ақпарат
Оқушыларды формативті бағалау
XVIII ғ. ақын-жыраулар шығармалары тарихи дерек көзі ретінде қаншалықты құнды
Шәкәрімнің лирикалық шығармалары
Желтоқсан оқиғасының сипаты
Оқушылар пікірі
Шәкәрімтану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz