Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мұнайы - алтын дария, әлемге - аты жария



Тақырыбы:Мұнайы-алтын дария,
Әлемге- аты жария.
Мақсаты:1.Қазақстан мұнайының туған жері және мұнайшылар туралы,олардың
еңбегін,мұнай туралы білімін кеңейту.
2.Оқушылардың дүниетанымын, білуге құштарлығын арттыра
отырып,өмірде болып жатқан жаңалықтарды білуге,хабардар болуға насихаттау.
3.Елін танып-сүюге,адамдар еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:плакаттар,кітаптар көрмесі,еңбегі сіңген мұнайшылар
суреті,мақал-мәтелдер.
Жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Негізгі бөлім.
Кіріспе сөз.
Қазақстан мұнайының туған жері Қарашүңгіл.Мұнайлы өлке атанған біздің
облыс орталығымыз-Атырау.1999 жылы 4 күн бойы халықтық мереке болып
тойланды.Бұл тойға жан-жақтан қонақтар келді.
«Қарашүңгіл» қорымында ескерткіш тұғыр орнатылды,алғаш мұнай алынған
жерде үлкен митингі болып өтті.Мұның өзі мұнайшы еңбеккерлерге-үлкен
құрмет.
Біз бүгін мұнайшы ардагерлерімізді шақырып отырмыз.Мұнайшы ардагерлермен
кездесе отырып. «Мұнайы-алтын дария,Әлемге-аты жария» атты тәрбие
сағатымызды бастаймыз.
Хор: «Мемлекеттік Әнұран»
2.Қонақтарға сөз беріледі.
Өздерінің өмір тарихы туралы және қызықты ,есте қалған күндері туралы
сұралады.
3.Көрнекілікпен жұмыс
а)»Қара алтын бастауы-Қарашүңгіл» (Мұнай тарихы туралы әңгімелеу).
ә)Мұнайлы өлкем-Кең Жылыой..(Ауданымыздағы кәсіпорындар туралы айту)
б) «Жылыойдың тұңғышы-Қосшағыл» (Қосшағыл кәсіпорнының тарихы туралы ең
алғаш мұнай көзін табушы Бешім қарт туралы әңгімелеу)
в) «Біз-мұнайшылар ұрпағымыз» (Аулымыздағы ардагерлер туралы әңгімелеу)
г) «Мұнайшы ғалым –ағалар»
(Сафи ӨтебаевРахмет Өтесінов,Саламат Мұқашевтардың кітаптарымен таныстыру.)
3.Әдеби-монтаж «Мұнайлы өлкем –туған жер»
1-оқушы
Жырымен шашу шашуға,
Достарым тұр жиылып.
Мұнайшылар бәйтерек,
Асуы асқан қиырға.
2-оқушы
Жырламай қайтіп тұрамыз,
Мұнайшы халқым біз сені.
Құтты болсын 103 жыл,
Асқақтар өр айбының.
Барлығы:Мерекелерің құтты болсын мұнайшылар.
3-оқушы
Мұнайшы махаббатым ,мамандығым,
Келесің сен де арқалап заман жүгін.
Көгіңде көк байрағың Әнұраның,
Жаңаша жыр толғайды дала бүгін.

4-оқушы
Алдыңнан бақыт жанып,несіп күлген,
Кезің жоқ,жеңісіңді кешіктірген.
Ертөстік тәріздісің ертектегі,
Жеті қат жер қыртысын жетік білген.
5-оқушы
Мұнайшы елі үшін еңбек етіп,
Мұратын мұнайынан таба білген.
Бұрғыдай қара жерді солқылдатыр,
Мұнайшы мұңаймайтын мықты халық.
6-оқушы
Мұнайшы қыз өсірген,ұл өсірген,
Жанында ән тербеліп жыр есілген.
Бойыма қуат табам,шабыт табам,
Осынау қарапайым ұлы есімнен.
7-оқушы
Мұнайшы өз бауырым,өр еңселім,
Атыңды жырға қосып келемін мен.
Сендердің қолдарыңда құдірет бар,
Идірген жеті қабат жер емшегін.
Хор: «Жылыойға сәлем»
8-оқушы
Той бүгін,ер төсіңе гүл қададың,
Аралап алты алашты жүр хабарың
Додасын көріп жүрген ұлы еңбектің,
Қожасы сендерсіңдер бұл даланың.
9-оқушы
Қағады қоңыраудай дала сыңғыр,
Көргенде шын қуанып қаласың бір.
Әулиесі алғаш бұрғы түскен жерім,
Басында үлкен думан-Қарашүңгіл!
Ән: «Елім-ай»
10-оқушы
Қарашүңгіл!
Өзіңде аласым жүр
Құпияңды ашпаған даласың бір
Шежіреге жүгінсек шежіреге
Дарияның бастауы боласың бұл.
11-оқушы
Тыңда мені Қарашүңгіл киелім
Кеудемдегі күмбірлеген күй едің
Аңсап жүрем сағынышпен өзіңді
Ақпа жырдың ағытып ой тиегін.
Хор: «Мұнайлы алқап-мекенім»
12-оқушы
Бір ғасырдың өне бойы сыр түйген
Тебіреніп бір тіл қатшы әулием

Қайда,қайда,алтын бұлақ бастауың
Бүкіл қазақ қадір тұтып бас иген.
13-оқушы
Жыры сенде,сыры сенде ғажаптың
Ұлы ұлағат еркіндіктің азаттың
Біле ме екен,киелім-ау, осы жұрт
Сенен шыққан жұмысшысы қазақтың
14-оқушы
Маңдайынан моншақ тері шашылған
Ер кеудесін тербеп үміт ,асыл ән
Бұл байлыққа түйе арбамен жол салып,
Ракушке мұнайыңды тасыған.
15-оқушы
Әулие ғой,ер Қара ,
Қыз Шүңгір де
Тылсым күшке тартылған түстім күйге
Ата-баба сыйынып аруағыңа
Аққанат періштеммен ұштым бірге.
16-оқушы
Қарашүңгіл
Көзімнің қарасы бұл
Мейірімін төгетін анасы –Нұр
Кие тұтып сыйынған сені жұртың
Сен жұртыңа сүйеу боп қарасып жүр.
Ән-би: «Туған-жер»
17-оқушы
Біз тыңдайық еміреніп сүйсініп,
Шуағыңнан кеудемізге нұр сіңіп
Сенің жырың-бабам жыры,ой толы
Туған елге тілей білген молшылық
18-оқушы
Мұнайлы өлкем-менің қазыналы
Өзің жайлы талай жыр жазылады
Екінші тыныс алған Қарт Ембінің
Қайтадан биіктеді шаңырағы.
19-оқушы
Кең Жылыой әрбір тасың аңыз неткен
Махамбет,Құрманғазы болып өткен
Байлығың өр теңіздей аласұрып
Әлемді тамсандырған,ғашық еткен
20-оқушы
Біз үшін бақыт бар ма бұдан асқан
Әр бетің шежірелі,сырлы дастан
Туған ел-мол ырысың маңдай терің,
Тамшыдан маржан құрып бұлақ ашқан
21-оқушы
Айтармыз талай-талай дастан әлі,

Жанымның туған ел ғой асқақ әні.
Біз үшін Отан деген ғұлама сөз,
Кең Жылыой құшағынан басталады
Хор: «Кең Жылыой»
Ән. «Ағаларым»
Қорытынды.
«Еңбек ер атандырады», «Еңбекпенен ел көгерер,Жаңбырменен жер көгерер»
демекші тынымсыз еңбек арқасында халық игілігі үшін,ұрпақтың
ертеңгі,болашағы үшін маңдай терін төккен аға ұрпақтар еңбегі кейінгі
ізбасарларыңыз үшін үлгі -өнеге.Туған жерімізден бастап бүкіл Қазақстан осы
мұнайшылар еңбегімен алдыңғы қатарлы дамып келе жатқан мемлекет қатарына
қосыла отырып одан әрі көркейе береді деп сенеміз.Өздерінің еселі еңбегі
арқасында біздің жерлес мұнайшыларымен Қазақстан мұнайының энсиклопедиясына
еніп отыр.Олар Бисенғалиев Ғабдінәсір,Серікбаев Демеген,Оразалиев
Шамбай,Жаналиев Демеу.
Міне біздің туған жеріміз дариядай қара алтын арқасында елге,бүкіл дүние
жүзіне жария боп танылып отыр.
Соңында «Қазағым менің» әні хормен орындалады.


Ұқсас жұмыстар
Елбасы мұраты - ел бақыты, гүлденген Қазақстан
Нұрлы бағыт
Қазақ хандары
Менің Қазақстаным - менің болашағым 4 сынып
Жақсылық тамшысы
Менің Отаным - Қазақстан Біздің Отанымыз-Қазақстан
Мектебім, менің-мектебім!
Туған жер - киесі, Дархан дарын - иесі
Аяулы анам болып сен
Қарттарым аман сау жүрсін
Пәндер