Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көмекші сыныпта оқытудың маңызы

Көмекші сыныпта оқытудың маңызы
Сауаттылықты меңгеру (оқу мен жазудың бастапқы дағдылары)-күрделі психофизиологиялық үдеріс.Оны жүзеге асыру үшін көру,сөйлеу қимыл-қозғалыстық ,сөйлеу-есту және кинестетикалық анализаторлар қатысады.
Сауаттылықты табысты меңгеру үшін баланың психикалық үдеріс деңгейінде қабылдау,зейін,есте сақтау,ойлау,сөйлеу тілі үдерістерінің өнім.Орташа реттеушілік жасауын қамтамасыз ететіндей болуын болжайды.
Орташа және күрделі деңгейдегі зерде дамуы бұзылған балаларда аталған психикалық үдерістердің дұрыс қалыптаспауы сауаттылықты игеруге қажетті білім,икем мен дағдыларды қалыптастыру жұмысын қиындатады.
Көмекші сыныптардағы сабақтардың негізгі мақсаты балаларда қол жетерлік
қарым-қатынас құралдарын(тілдік және тілдік емес) дұрыс мінез-құлықты,
оқудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру болып табылады.Сабақтарда балалар әріптермен танысып,сөздерді буынға бөліп және толықтай оқуды
қана қоймай,сонымен қатар шынайы жағдайларды сезінуді,сыныптаста
рымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсуді,заттарды,заттық суреттерді,графикалық белгілерді танып білуді үйренеді.
Балаларға сауаттылықтың элементтерін табысты оқытуда мұғалімнің әрбір оқушыдағы жетекші анализаторлық мінез сапасының негізгі қасиетін
анықтап алуы әсер етеді.Бұл берілген топтағы балаларға оқу тәрбие жұмысы
мен түзете көмек беруде жекеше жұмыс ең тиімді жолдардың бірі болып саналады.
Мұғалім бағдарламалық материялды таңдау барысында әрбір
баланың танымдық мүмкіндіктерін және қалыптасатын білімдердің өз бетінше күнделікті өміріне пайдалана алуын ескеру қажет.Сауаттылықтың элементтерін оқыту мен сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмыс келесідей міндеттерді шешуді болжайды:
-көріп қабылдауын және естіп қабылдауын дамыту.
-қимыл-қозғалыс координациясын,ұсақ қол бұлшық еттерін дамыту.
-артикуляциялық моторикасын дамыту.
-сөйлеу тілін түсінуін дамыту.
-балаларда қол жетерлік қарым-қатынас құралдарын қалыптастыру.
-Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
-белсенді сөйлеу тілін дамыту және жетілдіру,сөйлеу тілдік қарым-қатынастың тәсілдерін меңгеру және тәжірибе жинақтау.
-оқу техникасына және оқығанының ішінен ақпаратты бөліп алуға үйрету.
- оқуға үйрету үдерісімен байланысты жағымды эмоцияларды қалыптастыру,түрткісін тудыру.
- қарапайым жазу дағдыларын дамыту.
Түзете дамыта оқытудың маңыздылығы оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі ерекшеліктерді және сөйлеу тілі дамуының деңгейін есепке ала отырып,оқытудың қарапайым практикалық бағыттылығын болжайды.
Сауаттылықтың элементтерін оқыту заттық-манипуляциялық(затпен өз бетінше жұмыс жасау)іс-әрекетке негізделген ,басты назар баланың сезімдік тәжірибесін дамытуға бағытталған.
Психикалық дамуы тежелген(ПДТ) 2-ші деңгейдегі балалардың көбісінде қимыл-қозғалысында бұзылыстар байқалады.Сондықтан мұғалімге балада қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдыларын есепке алып,жалпы моторикасын дамытуға арналған және қол саусақтары мен білезіктеріндегі ұсақ ажыратылған қозғалыстарды дамытуға бағытталған жаттығуларды таңдап алу ұсынылады.(Мысалы: суреттегідей ойыншықтарды қолдану,әр түрлі әуенге жаттығулар жасату)
--------------------------------------------------------------------------------
ПДТ-балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейі әркелкі болғандықтан,
--------------------------------------------------------------------------------
сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын баланың бойындағы икемділіктері мен білімдерін анықтап алудан бастаған жөн.Бұл мәліметтер баланың дамуы жөніндегі жеке картасына енгізіледі,онда баланың сөйлеу тілінің дамуы туралы барлық мәліметтер (сөздер мен шарттарды түсіну,сөйлеу тіліне еліктеу мүмкіндіктері,дыбыс шығарудың қалпы,өз бетінше айтылымдарды айту,т.б.)белгіленеді.
--------------------------------------------------------------------------------
Осының негізінде жасалатын жұмыс жоспарланады.Сөйлеу тілін дамытуға арналған сабақтар баланың көріп қабылдауы мен естіп қабылдауын дамытудан басталады.Балаларды мұғалімнің айтып жатқанын тыңдауға,
--------------------------------------------------------------------------------
cөйлеп тұрған адамның бетіне көз жанарын тоқтатуға,әңгімелесушінің бетіне қарауға үйретеді.Бұл мұғалім мен балалардың жиі әңгімелесуі арқасында жүзеге асады.Тіпті бала сөйлемейтін жағдайда болса да,оның импрессивті(ішкі)сөйлеу тілін дамыту үшін жұмыстар жүргізу қажет
--------------------------------------------------------------------------------
(қарапайым тілектерді,шарттарды,тапсырмаларды,сөздерді түсіну және т.б.)
--------------------------------------------------------------------------------
Оқушылардың белсенді тілін арттыруды ойында,көрнекі-бейнелі жағдайда,баланың затпен практикалық іс-әрекетке түсуі барысында жүзеге асыру керек.Сөйлеу тілін дамыту және қоршаған ортаны танып білу біртұтастылықты құрайды.Баланың сөйлеу тілін айналасындағы қоршаған заттарды пайдаланбай дамыту мүмкін емес.Сөйлеу тілін дамытуда оқытудың бастапқы кезеңінің жалпы міндеті-қоршаған әлемдегі заттардың атауларымен,заттармен әрекеттесуін білдіретін сөздермен ,заттардың белгілерін білдіретін сөздермен оқушылардың сөздік қорын байыту.
--------------------------------------------------------------------------------
ПДТ-балаларды оқытуды көрнекіліктер мен практикалық іс-әрекеттер негізінде сақталған анализаторларға сүйене отырып,жүзеге асыру ұсынылады.Сөздік ережелер қарапайым,қол жетерлік,біркелкі кезектілікпен
--------------------------------------------------------------------------------
бірнеше рет қайталануы,әртүрлі дауыс ырғағымен айтылуы шарт.
--------------------------------------------------------------------------------
Мұғалімге сабақтарда түсінгенін дамытуға және грамматикалық
--------------------------------------------------------------------------------
түрлер мен тіл катигорияларын практикалық түрде игертуге арналған жұмыстар жүргізу ұсынылады.Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын меңгеру сөздік қорын байытумен және сөйлемді сөйлеу тілінің бірлігі ретінде практикалық таныстырумен қатар жүреді.
--------------------------------------------------------------------------------
Мұғалімнің міндеті сабақтарда баланың айналадағыларымен,мұғаліммен қарым-қатынасқа түсуге қажеттілігін және өз қалауын келтіретіндей жағдай туғызу болып табылады.Мұғалім сыныпта жағымды эмоцияналды күйді,әрбір балаға зейін аударуды,мейірімділік аясын қалыптастыруға ұмтылуы керек.
--------------------------------------------------------------------------------
Оқу дағдыларын қалыптастыру жұмыстың әртүрлі әдістерін қолдануды қарастырады:синтетикалық, аралас, <<ауқымды оқу>>әдісі.
--------------------------------------------------------------------------------
Балаларға оқыған сөзінің мағынасын түсінуін,оқыған сөзді шынайы затпен (заттық сурет,сюжет,т.б.)байланыстыруын үйрету маңызды.Балаларды оқуға үйрету кезеңінде фонематикалық есту қабілетінің дамуына,сөйлеу аппараты
--------------------------------------------------------------------------------
қимыл-қозғалысының жетілуіне,дыбыстарды,буындарды,сөздерді анық және дұрыс айта алуына назар аудару қажет.
--------------------------------------------------------------------------------
Оқушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижелерін талдау кезінде оқытудың бағалаусыз жүйесін қолдану ұсынылады.Балмен баға қойылмайды.Баға бала мен ересектің бағалаушы өзара қарым-қатынастық бірлескен айқын жүйесімен алмастырылады.Баға мадақтау түрінде қолданылады.Мұғалім әрбір оқушының іс-әрекетін оның жеке мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай бағалайды,тіпті оқушылардың кішкентай табыстары да бағаланады.
--------------------------------------------------------------------------------
Оң, жақсы бағаға барлық оқушы ие бола алады.Оқу тапсырмаларын орындаған кезде мұғалім оқушылардың табыстылығын мақтау және мадақтауды сөз,ишара,фишкалар,ойыншықтар,белгілер мен символдар арқылы білдіреді.Мұғалім өз сөйлеу тіліне оқушылардың іс-әрекетін,олардың өзіндік жетістіктерін ынталандырушы сөздерді енгізеді( <<Жарайсың!>>, <<Өте дұрыс!>> және т.б.).Міндетті түрде баланың жақсы тәртібі де мадақталады.
--------------------------------------------------------------------------------
Көмекші мектепте оқытудың негізгі міндеті - балаларды дауыстап
--------------------------------------------------------------------------------
және іштей олардың түсінігіне қол жетерлік мәтінді оқуға,оқығанын саналы
--------------------------------------------------------------------------------
қабылдауға үйрету.Сонымен қатар көмекші мектептер мен сыныптарда оқу сабақтары кемістіктерді түзету қызметін атқарады.Зерде дамуы бұзылған балаларда дыбыс шығару түзетіледі,зейін тұрақтала түседі,ес қабілеті жетіледі,логикалық ойлаудың кейбір кемістіктері жойылады.

Ұқсас жұмыстар
Абайдың мұражай -үйі Мақсат және қимыл- сын
Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығару
Білім сапасын арттыруда электронды оқулықтың маңызы
5-сыныптарға арналған жаттығулар,олардың ерекшеліктері
Физмка математика журналдары
Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі
Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі
Математика сабақтарында мультимедиялық презентацияны қолдану арқылы оқушылардың біліктіліктерін қалыптастыру
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы
Пәндер