Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

"бақытты сәт" қазақ тілінен интеллектуалдық ойын



Бейсембаева Кульсагира Макеновна Ш.
Уалиханов атындағы №10 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Еңбек өтілі -31 жыл
Санаты - I

3 - сынып
Тақырыбы: “Бақытты сәт” қазақ тілінен интеллектуалдық ойын

Мақсаты: 1. Қазақ тілі пәнінен алған білімдерін кеңейту,
тереңдету, жетілдіру, қалыптастыру.
2. Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін дамыту.
Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге,
ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.
Көрнекілік: плакаттар, ребустар,жұмбақтар.

Ойын барысы
1. Қазақ тілі туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.
Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Еліміздің Ата заңы-
Конституцияның 7- бабында “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-
қазақ тілі” деп көрсетілген.
Мемлекеттік тіл деп белгілі бір елдегі оның негізін құрайтын көпшілік
халықтың тілі есептеледі. Қазақстан жерін байырғы заманнан бері
қонысталып келе жатқан- қазақтар. Олар өз Отанында тұрады және республика
халқының негізін құрайды. Біздің еліміз- Қазақ елі немесе Қазақстан деп
аталуы да содан. Олай болса Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-
қазақ тілі болуы тарихи заңдылық.
Тәуелсіз мемлекет құрылғаннан кейін тіл жөніндегі теңсіздікті жою
мәселесі мықтап қолға алынды. 1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан
Республикасының Парламенті “Тіл туралы” жаңа Заң қабылдады. Онда
мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарды жүргізуді қазақ тіліне кезең-
кезеңмен көшіру көзделген. Мемлекеттік тілде берілетін радио және
телехабардың уақытын көбейту жолдары қарастырылған. Мемлекеттік тілді
үйрету шаралары да назардан тыс қалмаған. Ондай болса бүгінгі біздің
интеллектуалдық ойынымыздың да мақсаты қазақ тілін үйретуге, дамытуға
арналған. Сендер Қазақстанда туып, өсіп келесіңдер. Сондықтан қазақ тілін
жетік білулерің керек.
1-оқушы. Орысшаға жорға болсаң не деймін,
Ағылшынша ағып тұрсаң е, мейлің.
Аппақ сүтін ақтамайсың анаңның,
Ана тілдің асырмасаң мерейін.

2-оқушы. Қазақ дерті-тілінде,
Қазақ дерті- жерінде.
Қазақ дерті- елінде,
Қалай жеттік бұл күнге?
(Ә.Қайырбеков)
3-оқушы. Туған тілім-бабам тілі- өз тілім!
Туған тілім- анам тілі-өз тілім!
Туған тілім- далам тілі- өз тілім!
Туған тілім- адам тілі- өз тілім!
4. Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
(Дихан Әбілев)

2. Капитандардың өз командаларымен таныстыруы.
“Бақытты сәт” атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық. Ойында екі
команда қатысады: 3 “в” сынып командасы және 3”а” сынып командасы.
Капитандардан өз командаларымен таныстыруын өтінеміз. Бір команда
екінші команданың қалай аталатынын шешеді.
1-ші капитан: Біз заттың атын білдіреміз Кім? Кімдер? Не? Нелер?
деген сұраққа жауап береміз.
3”в” командасы “Зат есім”.
2-ші капитан: Біз заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін, пішінін
білдіреміз. Қай?Қандай? деген сұраққа жауап береміз.
3”Сын есім”
3. “Бақытты сәт” ойыны
1 тур “Сен- маған, мен саған”.
3 “в” сынып командасы зат есімдер айтады, ал 3 “а” сынып командасы оған
қатысты сын есімді тауып айтады.
Әр оқушы бір- бір сөзден айтады.
Мысалы: қайың- ақ
Тату- балалар
2 тур “Алға, алға, алға”
(Мұғалім әр командаға қазақ тілі пәнінен сұрақ қояды, қай команда
сұрақтардың көбіне жауап береді, сол жеңіске жетеді. Әр командаға 15 сұрақ)

Сұрақтар:
3”в” сынып командасына

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)
2. Жуық мәндес сөздер...(Синоним)
3. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)
4. Қандай дыбыстар әрқашанда жіңішке... (ч,щ,й)
5. Ң жазылатын бір сөз ата. (қараңғы)
6. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын
сөзді ата... (қызық, қазақ, қалақ)
7. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу)
8. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)
9. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)
10. Жалқы есімдер қалай жазылады?
11. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Жақсы)
12. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)
13. Туынды сын есімді айт. (ақылды)
14. Сан есімнің сұрақтары...(Неше? Нешінші? Қанша?)
15. һ әрпі жазылатын сөзді ата.

3”а” сынып командасы
1. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша... (жалғау)
2. Қарсы мәндес сөздер... (антоним)
3. Жалпы есімдер қалай жазылады?
4. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер... (сан есім)
5. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?)
6. Батыр сөзіне жуық мәндес сөз... (мықты, шымыр)
7. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз... (биік)
8. Ф әрпі жазылатын сөздер... (фонтан)
9. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер... (сын есім)
10. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба... (нүкте)
11. Туынды сын есім қалай жасалады? (түбірге жұрнақ жалғау)
12. Туынды сын есімге мысал келтір... (тәртіпті)
13. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2)
14. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3)
15. Қандай дыбыстар жіңішке бола алмайды?(ж, ш)

3тур “Сиқырлы сандық”
Әр қатысушы сандықтан қағазға жазылған жұмбақ алады.(16 жұмбақ)
Шешуін айтады.

1. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (Аяз)
2. Мүлгіп тұрған бақ тыныш,
Ораныпты ақ күміс. (Қырау)
3. Суда қалқиды,
Жылыда балқиды. (Мұз)
4. Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп, жарыпты (Өзен)
5. Бұйра тұлымы,
Желмен ойнайды.
Қызыл мұрыны,
Жерге бойлайды (Сәбіз)
6. Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрең доп жатыр. (Қызылша)
7. Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып
Емге шипа бұл дағы. (Бұғы)
8. Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып (Дәптер)

9. Қабы- сояу,
Діні- бояу (Қарындаш)
10. Ойларыңды аңсаған,
Асыл сөзді алаңға,
Түсіруден шаршаған,
Мен емеспін әмәндә. (Қалам)
11. Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады (Қоңырау)
12. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі (Сызғыш)
13. Оқу- білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы (Сөмке)
14. Көкқұтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда
Шыр айналып шығады.
15. Бірін- бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос- жаран. (42 әріп)
16. Білім менен тәлім
Парақты ашқанда
Беттерінен мәлім (Күнделік)

4 тур (Қара тұлпар)

Әр команда 4 ребустан шешу керек.

4. Жанкүйерлер конкурсы “Қызықты грамматика” Қандай сөздер жазылған.

| қ| | | | қ |
| қ| | | | қ |
| қ| | | | қ |
| қ| | | | қ |
| қ| | | | к |
| к| | | | к |
| к| | | | к |
| к| | | | к |

Жауабы:қызық, қазақ, қалақ, кесек, қырық, кезек, кебек, керек, көбек
5 тур “Ойлан, тап”
Әр командаға мәтін береміз. Мәтінде тастап кеткен тиісті әріпті қою керек.
. Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, командаларды марапаттайды.


Ұқсас жұмыстар
Бесінші кезең
Жұлдызды сәт интеллектуалдық сайыс
Мамандықтың бәрі жақсы
Бақытты сәт білім сайысы
Оқушыларды марапаттау
Жұлдызды сәт 7-сыныпқа арналған интеллектуалдық сайысы
Сабақтың Саяхат сабақ түрі
Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы
Өмірмен байланысын жақсарту
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Пәндер