Рационал сандарды көбейту жайлы

Математика пәні мұғалімі Ауезханова Гүлмира Жұмағалиқызы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы

Қаражан Топев орта мектебі

Математика 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Рационал сандарды көбейту ережелерін түсіндіру,

оны есептер шығаруда дұрыс қолдана алуға үйрету.

Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өзбетінше жұмыс жасай білуге

дағдыландыру.

Тәрбиелік : Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге, есептер шығару барысында дәлдікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ойын дәйекті баяндай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа ұғымды игеру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, кеспе қағаздар, электронды оқулық, формулалар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, сабаққа даярлығын қадағалау. Оқушыларды 3 топқа бөлу.

2. «Миға шабуыл»- өтілген тақырыптарды пысықтау.

1-топ. 1. Натурал сандар дегеніміз не?
2. Қарама-қарсы сандарды қосу? 3. -100 бен -12 қайсысы үлкен? Неліктен?

2- топ 1. Бүтін сан дегеніміз не? 2. Таңбалары бірдей рационал сандардың қосу. 3. Координаталық түзу дегеніміз не?

3- топ 1 . Рационал сан дегеніміз не? 2. Таңбалары әртүрлі рационал сандардың қосу. 3. Координаталық түзуде А(-3) және В(8) нүктелерінің арақашықтығы неге тең?

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

1 . Б і л у «Сәйкестендіру тест "

  1. -0, 73+5, 27 -5, 52.

2. 1-10 -2, 5

  1. 100+(-0, 25) -15, 6.
  2. -3, 42-2, 1 0.
  3. 0 - 2, 5 99, 75.
  4. 4 -(- 0, 78) 4, 78.
  5. -3, 32+(-4) -7, 32.
  6. -6, 3+6, 3 -9
  7. -5, 6 -10 4, 54 .
  8. Түсіну
  1. Түсіну. «Мағынаны тану.

1 мин 3м тереңдікке сүңгейді. 2 мин, 5 мин -та қанша тереңдікке сүңгейді?

Шешуі: 1мин. -3м, 2мин -6м, 5мин. -15 м барады.

Рационал сандарды көбейтуде көбейткіштердің құрамында теріс сандар болатындықтан, алдымен көбейтіндінің таңбасы анықталады.
1. Егер көбейткіштердің таңбалары әртүрлі болса:
-4 · 3 =(-4) +(-4) +(-4) =-12
-0, 35· 3=(-0, 35) +(-0, 35) +(-0, 35) =-1, 05
Таңбалары әртүрлі екі рационал санды көбейту үшін:

  1. көбейткіштердің модулін көбейту керек;

2) шыққан санның алдына «-» таңбасын қою керек.

(-8) · 6=-(8· 6) =-48

Таңбалар ережесі: (-) · (+) =(-) (+) · (-) =(-)

Формуламен берілуі: (-а) · в=-ав а· (-в) =-ав

2. Егер көбейткіштердің таңбалары бірдей болса:

4· 15=60, 12· 10=120 -0, 4· (-0, 1) =0, 04

-7 · (-5) =35 -0, 2· (-1, 5) =0, 3 -2· (-15) =30

Екі теріс санды көбейту үшін көбейткіштердің модульдерін көбейту керек.

-8· (-10) =8· 10=80

Таңбалар ережесі: (+) · (+) =(+) (-) · (-) =(+)

Формуламен берілуі: (-а) · (-в) = ав

Көбейткіштердің саны екіден көп болған жағдайды теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан болады.

Мысалы: (-8) · (-3) · (-2) · (-0, 5) =24

Көбейткіштердің саны екіден көп болған жағдайды теріс көбейткіштер саны тақ болса, көбейтінді теріс сан болады.

Мысалы: (-3) · (-2) ·(-7) =-42

Егер көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге

тең болады.

Мысалы: (-8, 9) · 0=0 0· (-45) =0

Кез келген санды 1-ге көбейткенде, көбейтінді сол санның өзіне тең болады, ал санды -1 -ге көбейткенде, көбейтінді сол санға қарама -қарсы санға тең болады.

Мысалы: -8 · 1=8 -5, 6· 1=-5, 6 23 · (- 1) =-23 45, 9 · (- 1) =-45, 9

Формулар: а· 0=0 -а· 0=0 а· 1=а а·(-1) =-а

-а· 1=-а -а·(-1) =а

  1. Қолдану . «Білімің-ұшар қанатың» -оқулықпен жұмыс

1 . № 520 ауызша 2. №521 дәптермен жұмыс . 3. №523 ауызша

4. Талдау « Ойлан, бөліс, талқыла!» - шығармашылық сипаттағы тапсырмалар

1- топ. а) хх=-4 б) 3 х= х 2

2-топ . а) -хх=-25 б) (х-1) · х =5(х-1)

3-топ а) -хх=-36 б) (х+1) · х =7 х

5. Жинақтау . «Кім жылдам?»

№544 1. 7 · ( ) =-21

2. -15 · ( ) =60

3. -5 · ( ) =-30

4. ( ) · (-4) =36

5. ( ) · (-9) =-63

6. -25 · ( ) =-100

7. -23 · ( ) =23

8. -12 · ( ) =0 9. -1· ( ) =-56

Үй тапсырмасы 1. Рационал сандар тақырыбын оқу. №522, 528

Бағалау . Рефлексия


Ұқсас жұмыстар
Рационал сандарды көбейту. 6 сынып
Орта мерзімді сабақ жоспары. үлгі 6 сынып
Алгебралық өрнектерді түрлендіру
Теңдеуге есептер шешу
Таңбалар ережесі
Рационал сандарға амалдар қолдану және алгоритм құру
Рационал сандарды сөбейту
Рационал сандардың таңбаларының берілуі
Рационал сандарды көбейту туралы ақпарат
Күнтізбелік жоспарлау. 6 бағдарлы сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz