6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Купер тесті (6 минуттық жүгіру)

Сабақтың тақырыбы : «Купер тесті. 6 минуттық жүгіру»
Сабақтың номері :№19
6-сынып
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік:Жүгіруді жоғары шапшандықпен үйрету және шеберлікті шыңдау.
Дамытушылық: Төзімділік, шапшаңдылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру әдісті: топтық
Сабақтың түрі: оқыту сабағы.
Өтетін орны: спорт алаңы
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ысқырық, секундомер, жалауша, өлшегіш
Сыныпты қабылдап алу. Сапқа тұрғызу.
Оқушылармен сәлемдесу. Кезекші мәліметімен танысу
Жүру бағытындағы орындалатын жаттығулар:
а) Қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру
ә) Қолды белде, өкшемен жүру
б) Қолды белде, ішкі, сыртқы аяқтың қырымен жүру
в) Қолды желкеде, жартылай отырып жүру
г) Қол тізеде, солға, оңға секіру
д) спорттық жүріс
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар
а) тізені жоғары көтеріп жүгіру
ә) өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру
б) аяқтың басын алға сілтей жүгіру
в) оң, сол жақпен қолды айналдыра жүгіру
г) артпен жүгіру
д) жәй жүгіру
е) спорттық жүріс
ж) тыныс алу жаттығулары
Арақашықтықты сақтау. Алақанға тізені тигізу, кеудені тік ұстау. Қол белде, аяқты бүкпеу, денені тік ұстау. Алаңды толық пайдалану.
Әрбір жаттығуда талапқа сай әдемілеп орындау.
Жалпы дамытатын жаттығулар
а) б. қ аяқ алшақ, қол белде. 1-4 оңға солға, 5-8 солға басты айналдыру.
ә) б. қ. қол иықта 1-2 алға, 3-4 қолды артқа айналдыру
б) б. қ. оң қол жоғары, сол қол төмен 1-2 оң қолды,, 3-4 сол қолды керу
в) б. қ. қол бүгулі кеуде тұста, 1-2 оң бүгулі,
3-4 түзу күйінде артқа керу
г) б. қ қол кеуде алдында, 1-2 қолда бүгіп артқа, 3-4 оңға/солға бұрылып сілтеу
д) б. қ қол белде. белді оңға/солға айналдыру
е) б. қ аяқ бірге, қол алда 1-оң аяқты сол қолдың ұшына, 2- сол аяқты оң қолдың ұшына тигізу
ж) б. қ қол белде, 1- отыру қол алда, 2- тұру қол белде
з) б. қ н. т 1-4 рет саны бойынша оңға, солға секіріп бұрылу
Денені тік ұстау, толық айналдыру.
Қолды бүкпеу, барынша артқа керу, жылдам орындау.
Қолды түзу ұстау, толық айналдыру.
ІІ. Негізгі бөлім 25-30 мин
Шыдамдылыққа жүгіру жаттығулары
6 минут алаңды айнала жүгіру:
- Жүгіруді жоғары шапшандықпен орындау
- Жеңіл атлетика ережесіне сай тапсырманы орындау
Жоғарғы сөреден шығудағы, жүгірудің тәсілдері.
Жүгіру жылдамдығын бірте-бірте жоғарлата орындау.
ІІІ . Үй тапсырманы тексеру
Бір орыннан ұзындыққа секіру:
- бір орында бір және екі аяқтап секіру
- жіппен секіру, 100-120 рет секіру
- алға жылжа отырып, бір және екі аяқпен секіру
- жоғардағы тұғырда секіру
- жоғары тұрған тұғырға секіру
- орында тұрып биік тұғырдан секіру
- ауыр затпен ұзындыққа секіру
- бір орында ауыр затпен секіру
- бір ұзындыққа көрсеткішке секіру
оң, сол 20 рет
қос аяққа 40 рет
100-120 рет секіру
10-15 м
гимнастика орындығы
гантель, тас, т. с. с
3 рет секіру