Синтаксис тарауынан өткенді қайталау

Шығыс Қазақстан облысы
Жарма ауданы
“Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені”КММ-сінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Хажибаева Майра Сағидоллақызы
Сыныбы :10 “Ә”
Тақырыбы : Синтаксис тарауынан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Қазақ тілінің синтаксис тарауы бойынша алған білімдерін еске түсіру, жинақтау, саралау, ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін білім деңгейін көтеру.
Сабақтың міндеттері :
1. Синтаксис тарауы бойынша алған білімдерін жетілдіру, практикамен ұштастыру арқылы жоғары деңгейде білім алуына көмектесу, тапсырманы орындауда тиімді тәсілдерді таңдай білу.
2. Оқушының ойлау, есте сақтау, іздену дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген құштарлықтары мен белсендіктерін арттыру.
3. Танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың типі : білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі : практикалық сабақ.
Пәнаралық байланыс : әдебиет.
Сабақтың әдістері : топтық, жұптық жұмыс, тілдік талдау, тест жұмысы, іздендіру, салыстыру, шығармашылық тапсырма
Көрнекілігі : интербелсенді тақта, слайдтар, таратпа материалдар.
1. Өзіндік жұмыс : Синтаксис нені зерттейді?
1-топ: Сөз тіркесі.
2-топ: Сөйлем мүшелері.
3-топ: Сөйлем түрлері.
Берілген тапсырмаға байланысты үш топ шағын түсіндірме мәтінін жазып, жоба қорғайды.
2. Тілдік талдау.
а) Ғ. Мүсіреповтың “ Жақсы дәстүр жайында ” мәтіні таратылады. Әр топ мәтіннен сөйлем алып, толық синтаксистік сатылай кешенді талдау жасайды.
Мысалы: Біз кейде ата-анасынан безген жас жайында естиміз.
І саты: Айтылу мақсатына қарай хабарлы сөйлем.
ІІ саты: Құрылысына қарай жай сөйлем, жақты сөйлем, жайылма сөйлем, толымды сөйлем .
ІІІ саты: 1. Қайтеміз? естиміз -дара етістікті, жіктік жалғаулы баяндауыш.
2. Кім? біз -жіктеу есімдігі, бастауыш.
3. Не жайында? жас жайында , толықтауыш.
4. Қандай ? жас жайында- безген- есімше тұлғалы анықтауыш
5. Кімнен? безген - ата-анасынан -толықтауыш.
ІVсаты: Біз естиміз-қиысу, жіктік жалғаулы есімді тіркес
жас жайында естиміз-жанасу, етістікті тіркес
ата-анасынан безген-меңгеріле байланысқан етістікті тіркес
ә) Мәтіннен негізгі ойды тауып, бүгінгі өмірмен сабақтастыру керек
Мәтіннен кез келген адамды, баланы да, қарапайым адамды, ғалымды, небір дарынды адамды дүниеге әкелетін ата-ана. Балаларына ата-ана барлық махаббаты мен сүйіспеншілігін мейірімін беріп өсіреді, ал сол балалар осы мейірімді қайтара ала ма?
Қалай ойлайсыңдар, пікірлеріңді ортаға салыңдаршы?
3. Құрмалас сөйлемнің жасалуына байланысты кесте толтыру.
4. Сәйкестендіру тестін орындау
1. Сөздердің байланысу түрлерін ережесімен сәйкестендір
1. Қиысу а) сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғауы
арқылы.
2. Матасу ә) сөздердің ешбір жалғаулықсыз бірде іргелес,
бірде алшақ тұрып байланысуы
3. Меңгеру б) бастауыш пен баяндауыштың жақ жағынан
байланысуы
4. Қабысу в) сөздердің ешбір жалғаулықсыз, тек іргелес
тұрып байланысуы
5. Жанасу г) сөздердің атау мен іліктен басқа септік
жалғаулары арқылы байланысуы
2. Жай сөйлем түрлерін ережесімен сәйкестендір .
1. Жақты сөйлем а) тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем
2. Жақсыз сөйлем ә) іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана
көрсететін сөйлем
3. Жалаң сөйлем б) сөйлемге баяндауыш қана негіз
болған сөйлем
4. Жайылма сөйлем в) ойға қажетті мүшелердің бәрі
қатысқан сөйлем
5. Толымды сөйлем г) тек тұрлаулы мүшеден тұратын
сөйлем
6. Толымсыз сөйлем д) бастауышы бар сөйлем
7. Атаулы сөйлем ж) айтылуға тиісті тұрлаулы, тұрлаусыз
мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем
5. ”Қатені түзеу” ойыны
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz