8-сынып математикасы: Арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасы мен қасиеттері (сабақ жоспары)

Сабақ жоспары
- Арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасын біледі,
- күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіре алады.
- Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін пайдаланып есептер шығара алады.
- Өздерін және сыныптастарын бағалай алады
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары :
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру ( 1минут)
2. Сергіту сәті «Сәлемдесу» ( 3 минут) Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
3. Санамақ арқылы оқушыларды екі топқа бөлу. ( 1минут)
4. Миға шабуыл-сұрақ- жауап (әр топтан бір оқушы шығып карточка алып, топта талқылап сұраққа жауап береді ) (4 минут)
1. а санының квадрат түбірі дегеніміз не?
2. Арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасы.
3. «Квадрат түбір» және «арифметикалық квадрат» түбір ұғымдарының қандай айырмашылығы бар?
4. . Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері.
5. Сыни тұрғыдан ойлау ( 2 топқа арифметикалық квадрат түбірді сипаттау үшін жоба құру ұсынылады. (12 минут)
6 . Жұпта жұмыс ( семантикалық карта) . (5 минут)
Семантикалық карта
7. Электрондық оқулық бойынша деңгейлік тапсырма орындау . (Әр оқушының деңгейіне қарай тапсырма беру) 10 минут
8. Қорытынды. Шығармашылық жұмыс 5 минут
Математика тарихынан (слайд)
Мұғалім. Әрқашан жаңа ұғымды, анықтаманы енгізген, теореманы дәлелдеген математик-ғалымның атын білу бізге қызық. Ал балалар, қай ғалым ғылымға бірінші болып арифметикалық квадрат түбір ұғымын енгізді? Осы адамның фамилиясының жанында ең үлкен сан мәні болады.
Тақтада ғалымдардың тегі және математикалық өрнек жазылып тұрады:
Рене Декарт (1596-1650) француз математигі, әрі философы. 1637жылы
арифметикалық квадрат түбір ұғымын ғылымға енгізген.
Ұйымдастырады,
бағыт-бағдар береді,
жетекші сұрақ қояды,
бақылайды, бағалайды,
Дереккөздер және жабдықтар: . АКТ
Математика 8 оқулық, таратпа материалдар, постер, маркер, түрлі- түсті қарандаштар
Үй тапсырма беру
1 минут
№ 58, № 64
Рене Декарт туралы толық ақпарат жинап келу
Сабақты бағалау
1 минут
Кері байланыс
(2 минут)