Бастауыш сыныпқа арналған сабақ: Сезім мүшелері және олардың қызметтері

«Шамалған бекеті жаңа қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Өмірзіқ Ұлдай Сәрсенбай қызы
Сабақтың тақырыбы: «Сезім мүшелері»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:
Адамның сезім мүшелері туралы түсініктерін кеңейту, көз, құлақ, мұрын, тіл, тері сезім мүшелері олардың маңызы, атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
ә) дамытушылық:
Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ағзасы туралы білім-білік дағдыларын кеңейту.
б) тәрбиелік:
Сезім мүшелерінің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік бере отырып, сезім мүшелерін сыртқы қауіптерден қорғауға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау, топтау, кесте толтыру, сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, тест тапсырмасы
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:Психолологиялық дайындық
Қане, түзу тұрайық, Тік ұстап бойыңды.
Кесіндіні құрайық. Жоғары соз қолыңды.
Сәуле болып созылып, Соз қолыңды тағы да,
Нүкте болып қалайық. Жеткіз айға-ғаламға!
4. Мақсат қою:
Қазақ тілі пәнімен байланыс:
Көз көрген, құлақ түрген, мұрын сезген, тіл иірген, тері тітіркенген - деген сөз тіркесерін пайдалана отырып, олардың ішінен зат есімдерді табу.
Не? - көз не?- құлақ не? - мұрын не? - тіл не? - тері
Сезім мүшелері
5. Жаңа сабақ:
1. Суретпен жұмыс:
*Суреттерді қарай отырып, жүйке жүйесінің орталығын табу.
*Жүйке жүйке жүйесінің жұмыс істеу реттілігін анықтау.
2. Адамның сезім мүшелері туралы түсінік беру.
Оқулықпен жұмыс:
3. Бірінші сезім мүшеміз - к ө з.
қас
кірпік
қабақ
Көз қорғаныштары
Екінші сезім мүшесі - қ ұ л а қ
Тепе - теңдікті ұстаймыз Дыбысты естиміз
Үшінші сезім мүшеміз - м ұ р ы н
Мысалы: раушан гүлінің иісін, түрлі тағамдардың иісін иіскей отырып әр түрлі иісті ажыратады.
Төртінші сезім мүшеміз - т і л
Дәмді ажыратады
Т і л
Қорғаныш қызметін атқарады
Бесінші сезім үшеміз - т е р і
*Қауіп - қатерді, зақымдануды, сипап сезуді, ауырғанды сезіне алады.
Түрлі мысалдар келтіре отырып, жүйке тамырларының миға жеткізуі арқылы, терінің атқаратын қызметін аңғарту.
6. Жаңа сабақты жан - жақты тиянақтау:
Семантикалық карта толтыру.
Сипап
сезуді
7. Сабақты қортындылау, бағалау:
8. Үйге тапсырма беру: Сезім мүшелерін оқып танысу.