Оқытудың сапасын арттыруға арналған оқушылардың мотивациясын тудыру коуч-сессиясының жоспары

«Оқытудың сапасын арттыруда оқушылардың мотивациясын тудыру» коуч сессия
ЖОСПАРЫ
Жылы атмосфера орнауы. Мұғалімдер мұғалімнің өзгеруінің қажеттілігі жайлы ойланады. Оқытудың сапасын арттыруда кедергілерді жеңу жолдары туралы ойланады
Мұғалімдердің көңіл- күйі көтеріледі, ой бөліседі .
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал туғызу (2 мин)
Бастауыш сынып баласы мектепке барғысы келмейді? Сіздің әрекетініз?
Қыс мезгілі, қар өте көп жауды. Мектеп алаңыңда
қандай жоба жасар едің?
Мұғалім сабақты жақсы түсіндірді. Оқушылар тек қана тыңдады және көшірді. Сенің пікірің? Білім әрбір 4 жылда ескіріп отырады…
Сұрақтарды талқылайды және қорғайды
Топтық бірігіп жұмыс жасайды
Презентация
Дереккөздер
А. Маслоудың мотивация теориясы .
Қатысушыларға әр түрлі фигураларды таңдатып, түстер бойынша қайта топқа бөлу. Таңдаған фигуралар бойынша мінез-құлқын зерттеу.
Сол фигуралардан не құрастыруға болады?деген тапсырма беріледі.
Презентация
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі
Жаттығулар:
Топпен жұмыс
Берілген мәтін мазмұнының түсіну дәрежесін анықтау мақсатында 6 топқа «Мотивация» тақырыбы беріліп, әр қалпақ түстері бойынша тапсырмалар
Ақ қалпақ белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.
Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақпен сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз жәнеөз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.
Қара қалпақ бұл - «әзәзілдің қорғаушысы»немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейді.
Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.
Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.
Көк қалпақ ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді.