Қаныш Сәтбаев - Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті

Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш Президент
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының мақтанышы Қаныш Сәтбаев туралы кеңірек мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау белсенділігін, ой-өрісін арттыру, сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке баулу, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, слайд суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) амандасу.
ә) кезекшімен сөйлесу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
- Балалар, біз өткен сабақта Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімесін өттік? (Жауап береді) .
- Ол әңгімеде не туралы айтылып еді, енді соны еске түсіріп өтейікші . . . (Тақтаға 4 оқушы шығып, рөлге бөліп, жатқа оқиды) .
- Ал енді үйге қандай тапсырма берілді? (Жауап беріледі) .
- Тапсырма бойынша, бұлақ басындағы «Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!» деген жазудың мағынасын басқаша қалай жазар едіңдер? (2-3 оқушыдан сұрау) .
- Енді, балалар, мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Бұрынғы Қазақ КСР Ғылым академиясы қазір қалай аталады?
2. Қазақ Ғылым академиясы қай жылы ашылды?
3. Ғылым академиясы кімнің есімімен аталады?
4. Қаныш Сәтбаев кім?
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз осы қазақ халқының біртуар ұлы Қаныш Сәтбаев туралы болмақ. (Слайд-шоуды тамашалау) .
(Мұғалім Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелейді) .
- Күннің жады мен бүгінгі сабақтың тақырыбын дәптерімізге жазып қояйық.
Мәтінмен таныспай тұрып, жаңа сөздерге назар аударайық.
ІV. Сөздікпен жұмыс.
Көпқырлы - разносторонний
Ықпалын тигізу - оказать влияние
Қағида - правило
Қорған - защита, опора
Ұшан-теңіз - безгранично
Баршынгүл - гладиолус
Бөртегүл - сирень
(Әуелі мұғалім оқиды, оқушылар хормен қайталайды, жеке оқушы оқиды) .
Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау.
V. Мәтінмен жұмыс.
Мұғалім оқиды. 3 бөлікке бөліп, 3 оқушы оқиды.
VІ. Топтық жұмыс.
І топ:
- І бөлікке ат қою.
- Синонимін тап:тұңғыш, табыс, ынтымақ, сіңірген.
- «Бейнетте - береке» деген не мағына береді?
- «Еңбек» сөзін тәуелдік жалғауының І жағында септе.
ІІ топ:
- ІІ бөлікке ат қою.
- Синонимін тап:байлық, ерлік, ұшан-теңіз, тірегі.
- «Жер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» деген мақалдың мағынасын талдау.
- «Ерлік» сөзін тәуелдік жалғауының ІІ жағында септе.
ІІІ топ:
- ІІІ бөлікке ат қою.
- Синонимін тап:есім, ықпал, үлкен, жан-жақты.
- «Ерлік - ердің ісі» дегеннің мағынасын талдау.
- «Ел» сөзін тәуелдік жалғауының ІІІ жағында септе.
VII. Сөйлесу (Диалог) .
VIII. Сабақты қорыту:
Бағалау.
Үйге тапсырма:
«Кім боламын?» тақырыбына эссе жазу.
Сабақты өткізген: ХАСАНОВА НҰРГҮЛ ҚАЛАМҒАЛИҚЫЗЫ ,
Ақтау қаласындағы № 10 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1-санатты ұстаз.