Мұрат, Дулат және Шортанбай толғауларының тақырыптық және стильдік салыстырмалы талдауы

1-топ.

Мұрат, Шортанбай, Дулат жырларын салыстыру.

Мұрат
Дулат
Шортанбай
Мұрат:

Асылзада баласы

Дәулеті кетіп қолынан,

Қоңсысына құл болды.

Асылсыздың баласы

Ақшасына сүйеніп,

Айтқан сөзі пұл болды.

Шыр көбелек айналып,

Замананың адамы,

Заманың мұндай сұм болды.

Дулат:

Осындай заман кез болды,

Ер дегенің ез болды.

Қамқа, торғын бөз болды,

Саф алтының жез болды.

Шортанбай:

Мынау ақыр заманда

Алуан-алуан жан шықты.

Арам, араз хан шықты,

Қайыры жоқ бай шықты.

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ

Ақша деген мал шықты.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Үш ақынның толғаныстарын мұқият оқы.

2. Олардың үндестігі неде?

3. Қандай проблеманы көтеріп отыр?

2-топ

Мұрат - Махамбет дәстүрін жалғастырушы.

Мұрат
Махамбет
Мұрат:

Бірсіндеп садақ асынған,

Біріндеп жауды қашырған,

Қорамсаққа қол салған,

Қозыжауырын оқ алған.

Атқан оғы шырқырап,

Еділден өтіп жоғалған.

Махамбет:

Беркініп садақ асынбай, а

Біртіндеп жауды қашырмай, а

Білтеліге доп салмай, а

Қорамсаққа қол салмай, а

Атқан оғы жоғалмай . . . а

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Екі ақынның өлеңдерін оқып, өршілдік рухын салыстырыңдар.

2. Өлең құрылысына талдаңдар.

1-топ. «Үш қиян» толғауына талдау жасайды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Мұрат ақынның тіл шеберлігіне көңіл бөліңдер.
  2. «Үш қиян» толғауындағы астарлы, бейнелі сөздерге мән беріңдер.
  3. Әдемі теңеулер мен айшықты метафораларды атаңдар.

Ұқсас жұмыстар
Асан Қайғы мен Қазтуған Сүйінішұлы: өмірі мен толғауларының тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
Компьютерлік және биологиялық вирустардың салыстырмалы талдауы
Сперматогенез пен оогенездің салыстырмалы талдауы
Дулат Бабатайұлының шығармашылығы және ұлттық-тарихи маңызы
Шортанбай Қанайұлының шығармашылығы: Зар заман поэмаларының әлеуметтік және тілдік ерекшеліктері
Өктемшіл, демократиялық және делегирияшыл көшбасшылық стильдерінің салыстырмалы талдауы
Шортанбай Қанайұлы - зар заман ақыны: өмірі мен шығармашылығы
Әртүрлі ұлттардың бала тәрбиелеу әдістерінің салыстырмалы талдауы
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы: Зар заман толғауын талдау
Спарта және Афина: ежелгі Грекия қала-мемлекеттерінің құрылымы мен салыстырмалы талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz