2-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Құлын мінген бала мәтіні арқылы Бауыржан Момышұлының өмірі және отаншылдыққа тәрбиелеу

«Курчатов қаласының мектеп-гимназиясы»КММ

Лейменова Мадина Ариновна

бастауыш сынып мұғалімі

Сынып 2

Сабақ: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Құлын мінген бала.

Сабақтың мақсаты:

1. Кеңес Одағының батыры Б. Момышұлы туралы мәлімет беру. Мәтін мазмұнын

түсініп, ондағы ойды анықтау.

2. Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, тапсырмалар арқылы баланың ой-өрісін есте сақтау қабілетін, топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.

3. Оқушыларға Отанын, туған жерін мақтан етуге. ерлікті паш етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:

күн шұғыласы, слайд Б. Момышұлы суреті, өмірбаяны .

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс:музыка, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр ізеттілікпен сәлемдесейік.

Психологиялық дайындық.

мадина 188

Жарқырап күн де ашылды

Айналаға нұр шашылды

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз

Қайырлы күн!

Сәлемдесіп аламыз

Қайырлы күн болсын!

Сабағымыз сәттілікке толсын!

-Жақсы отыра қойыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Кіріспе әңгіме:

-Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтпек, сендер топ болып жұмыс істейсіңдер. Ұлы отан соғысының батыры туралы біліп, «Құлын мінген бала» мәтінімен танысасыңдар. Әр топтың -топ басшысы, баяндаушысы, хатшысы және көмекшілері болады. Топтың атаулары көктем гүлдерінің аттарымен аталған.

(Жауқазын, Бәйшешек, Қызғалдақ)

Бір -бірлеріңді тыңдай біліңдер, сәттілік тілеймін.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- . . .

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

- . . .

Балалар, күннің көзін бұлт басып қалыпты. Күнді бұлттардан құтқару керек.

Көмектесеміз бе? . . .

Ол үшін бұлттардың тапсырмаларын дұрыс орындауларың керек.

(Әр топқа парақ беріледі, топпен жұмыс)

1-бұлттың тапсырмасы: Дыбыстар жайлы не білесіңдер?.

2-бұлттың тапсырмасы: Әріп жайлы не білесіңдер?.

3-бұлттың тапсырмасы: Сөйлем жайлы не білесіңдер?.

-Балалар, өте жақсы күннің көзі сендерге рахмет айтады, сендер жақсы жауап бердіңдер. Күнді бұлт көзінен құтқардық.

Күн сендерге өзінің шуағын әр дұрыс жауаптарыңа сыйлап отырады.

-Үйге Тұрдақын Жексенбайдың«Астанаға барғанда»өлеңін мәнерлеп оқуға, Астана жайлы сурет салу берілді.

2-3 балаға өлеңді мәнерлеп оқыту.

мадина 194

Үй тапсырмасын бекіту

Астана қаласы қай өзеннiң жағасында орналасқан? (Есіл)
Бәйтеректің биіктігі қанша? (97м)

Астана символы. (Бәйтерек)
Астанадағы көпір атауы? (Сарыарқа)

ΙΙΙ. Жаңа сабақ

-Жақсы, балалар енді дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазып қоялық.

Оқулықпен жұмыс

Кітаптың 185 бетіндегі, 177-жаттығуға назар аударайық.

1-топ :Сөздерді буынға бөліп жазыңдар.

2-топ: Дауысты дыбысқа аяқталған сөздерді жазыңдар.

3-топ :Дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерді жазындар.

Мұғ. сөзі: Дәптерімізді жауып партаның шетіне қояйық.

Кубизм

1. Қандай батырларды білесіңдер?

2. Бес қаруды атаңдар.

3. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?

4. Қ. Сәтбаев кім?

5. Абылай кім?

6. Қазақтың атақты үш биін атаңдар.

Ой қозғау.

-Балалар, Бауыржан Момышұлы туралы естігендерің бар ма?

. . .

Бауыржан Момышұлы өмірімен таныстыру .

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) - екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.

Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия

қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

Біз сендермен Әзілхан Нұршайықовтың «Құлын мінген бала»әңгімесімен танысамыз.

1. « Құлын мінген бала» мәнерлеп оқып беру.

2. Оқушыларға тізбектей оқыту.

http://el.kz/upload/slideshow/1440_image_big.jpg?1354080933

Сергіту сәті.

«Көзді жыпылықтату», «Мұрынмен жазу», «Жалқау сегіздіктер»

Сұрақ-жауап:

1. Бауыржан бала күнінде құлынын қалай бақты?

2. Ол құрбыларына не деп мақтанды?

3. Бауыржан ата соғыста жүргенде қандай ат мінді?

4. Бауыржан Момышұлы неліктен батыр атанды?

5. Отанымызды қорғаған батырлардан кімдерді білесіңдер?

6. Туған елді, жерді не үшін қорғау керек?

Слайдтан батырларды көрсету .

Мұғалім сөзі:

Соғыс қашанда тек қайғы қасірет әкелген. Біздің жерлестеріміз жері, елі үшін өмірлерін қиды.


Ұқсас жұмыстар
Аңызға айналған қаһарман: Бауыржан Момышұлының өмірі мен мұрасы
4-сыныпқа арналған Отан сүйер ұланбыз: Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын қайталау сабағы
6-сыныпқа арналған Бауыржан Момышұлының өмірі мен Жауынгердің тұлғасы әңгімесі бойынша сабақ жоспары
4-сынып ана тілі сабағы: Бауыржан Момышұлының өмірі, ерлігі және шығармашылығы (Жеңістің 65 жылдығы мен батырдың 100 жылдығына арналған)
Батыр мінезі: Бауыржан Момышұлының соғыс ерлігі (2-сынып әдебиет сабағы)
Өшпес ерлік - ұрпаққа мұра: Бауыржан Момышұлының өмірі мен тәрбиелік маңызы
Аппақ бала мәтіні бойынша қазақ тілі сабағы: жеке гигиенаны тәрбиелеу және тасымал ережелері
Сыныптан тыс сабақ: Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі
Бауыржан Момышұлының әскери-әдеби мұрасы және қазақ ұлттық философиясы
Әзілхан Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз роман-диалогы: Бауыржан Момышұлының қаһармандық және азаматтық бейнесін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz