Информатика пәні: табиғат тақырыбындағы сыныптан тыс сайыс-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Табиғат таң қаламын тамашаңа.

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәні бойынша алған білімдерін сараптау, ойлау қабілетін дамыту, жылдам жауап беруге, компьютерлік сауаттылыққа, жан - жақты, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: компьютер, табиғат суреттері, маркерлі тақта.

Типі :саяхат сабақ

Түрі :сыныптан тыс жұмыс.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  1. Сәлемдесу;
  2. Әділ - қазылар алқасын таныстыру;
  3. Сайысқа 8 оқушы қатысады.

Сайыс кезеңдері:

I . кезең: Топтарды таныстыру және топтың атын қорғау.

1. топ: Жас қайың

2. топ: Сырлы табиғат

II. кезең: «1001 мақал» (мақал - мәтелдер сайысы)

Оқушыларға компьютерге қатысты құрастырылған мақал - мәтелдер беріледі, осы мақал - мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.

Әрбір дұрыс нұсқасын тапқан оқушыға 1 ұпай беріледі.

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

  1. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада.

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да)

  1. Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды.

(Досы күштіні жау алмайды)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

III. кезең: «Ғажайып Paint әлемі»

Бұл кезеңде оқушылар Paint графикалық редакторында сурет салады. Оқушыларға сурет үлгісі беріледі. Соған қарап өз қиялындағы табиғат бейнесін салады. Жылдам, суретті әсем бейнелеген топ жеңімпаз болады.

Ұпай саны 2.

Мысалы:

природа.jpg

Мұғалім: Табиғаттың қандай туындыларын білеміз? (жанды және жансыз, яғни өлі және тірі табиғат) .

Табиғатқа байланысты қандай халықтық қағидаларды, ырымдар мен тыйым сөздерді білеміз? («құмырсқаның илеуін бұзба», «құстың ұясын бұзба», «суға түкірме» т. б. )

IV. кезең кезең: Сергіту сәті:

Экраннан анимациялық бейнебаян көрсетіледі. Сайысқа қатысып отырған барлық оқушылар, әділ - қазылар алқасын тұрғызып, анимациялық бейнеклип бойынша жаттығу жасату.

V. кезең: «Бөгде планеталықтар»

Геометриялық фигуралардан (шеңбер, тік төртбұрыш, үшбұрыш, шаршы, элипс) композиция құр. Фигураларды бұруға және еңкейтуге болады.

VI. кезең: «Сиқырлы пернелер»

Бұл кезеңде оқушылар MS Word мәтіндік редакторында мәтін жазады, мәтінді пішімдейді. Мұндада оқушыларға бірдей мәтін беріледі.

АЛГОРИТМ

Ұпай саны 2.

Алгоритмді орындаушы - құрастырылған алгоритммен басқаратын обьект немесе субьект.

Сайысымыздың соңында «Жүрек жылу» тренингімен аяқтағым келіп тұр. Бұнда балалар бір - біріне қайталанбайтын тілек айтады.

Қатысушы балалар:

F:\Новая папка (3)\20141111_181325_1.jpg

VII. кезең: Қорытынды.

5 кезеңнен сүрінбей өтіп, ең көп ұпай жинаған оқушы «Алғыр информатик» атанып, марапатталады.


Ұқсас жұмыстар
Білімдіге дүние жарық: информатика пәні бойынша сыныптан тыс сайыс сценарийі
5-сынып оқушыларына арналған Информатика және біз тақырыбындағы сыныптан тыс интеллектуалдық сайыс
Астрономия пәні бойынша сыныптан тыс сайыс-сабақ: Аспан әлемінің білгірлері
2014 жылғы Информатика: сыныптан тыс сайыс сабағының әдістемелік сценарийі
Информатика - ғасыр талабы: сыныптан тыс сайыс сабақ жоспары мен тапсырмалары
Шығамыз білім шыңына: информатика мен математика пәндері бойынша сыныптан тыс сайыс
Информатика әлемінде: 8-сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс сайыс бағдарламасы
Информатика пәні бойынша сыныптан тыс іс-шаралар мен сайыстардың жинағы
Информатика пәні: Photoshop бағдарламасы бойынша сыныптан тыс ашық сабақ - білім сайысы
Информатика пәні бойынша сыныптан тыс Жұлдызды сәт интеллектуалдық ойын сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz