Read , readln,write, writeln операторлары

Батыс Қазақстан облысы.
Теректі ауданы.
Подстепный қазақ ЖОББМ.
Информатика мұғалімі Айткалиева Баян Сабырғалиқызы.
Сыныбы:7 а
Сабақтың тақырыбы: Read, Readln, Write, Writeln операторлары
Сабақтың мақсаты:
А) бiлiмдiлiк: оқушыларды Паскаль тілінде сызықтық алгоритмдерді бағдарламалар құруға үйрету.
Ә) дамытушылық: балалардың Паскаль тіліндегі білімдері мен дағдыларын, сызықтық бағдарлама туралы түсініктерін дамыту.
Б) тәрбиелiк: оқушыларды еңбексүйгіштікке, сауатты азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: Презентациялық бағдарлама,
Паскаль программалау бағдарламасы
Сабақтың түрі: Аралас, интерактивті сабақ
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі
2 . Үй тапсырмаларын сұрау.
- Алгоритм дегеніміз не?
- Алгоритмнің қандай негізгі қасиеттері бар?
- Алгоритмдерді қандай тәсілдермен бейнелеуге болады?
- Блок-схема дегеніміз не?
- Программалау тілі деген не?
- Қызметші сөздерге нелер жатады? Оператор дегеніміз не?
- Меншіктеу командасының құрылымы қандай және ол қалай жазылады?
- Паскаль тіліндегі программаның негізгі құрылымы қандай?
3. Жаңа тақырып.
Read- ? белгісін шығарып мәлімет енгізуді күтеді.
Readln-мәліметті жаңа жолдан бастап оқиды.
Write- апострафпен қоршаған мәтіндер немесе айнымалы болады.
Writeln-мәліметті жаңа жолдан бастап оқиды.
Мысалы:
var
I: real;
J: integer;
K: char;
begin
Read (I, J, K) ;
Программаға мынадай бастапқы мәндер енгізіледі делік: 212. 5 38 ‘п’
Мысалы: VAR A, B : REAL;
BEGIN
READ (A, B) ;
…
END.
A , B айнымалылары үшін 4 5 Enter орындалса, онда машина оларды
А = 4. 0, B = 5. 0 түрінде қабылдайды .
Мысалы,
егер B =17. 15 болып, мына команда орындалғанда:
WRITE (‘ B мәні = ’, B ) ;
экранда
В мәні = 1. 715E+01
мысалы:
b айнымалысының бүтін түрдегі мәнін көрсетуWRITE ( b:n
Мұндағы b - айнымалының атауы; n - мәні бүтін сан болып келетін тұрақты түрінде берілген орын саны, оны бірден бүтін санмен де жазуға болады. Егер b :5 пішімі беріліп, ал b = 56 болса, онда беске дейінгі толтырылмаған орындарға сол жақ шетте бос орын қалдырылады. b = 56 мәні үшін
WRITE ( b :5)
операторы экранға
« 56»
тіркесін шығарады.
Мысалы:
нақты сан үшін пішім екі саннан тұрады: I - санға берілетін барлық орын. II - үтірден кейін алынатын бөлшек цифрлар саны. Мынадай оператор берілсін делік: WRITE ( Y : m: n) Мұндағы m - нәтижеге берілген барлық орын, n - үтірден соңғы бөлшек бөлігіне берілетін орындар саны. Мысалы, C = -145. 7865 болғанда WRITE(C:8:3) операторы экранға -145. 786 мәнін шығарады, мұндағы жалпы орындар саны - 8, ал бөлшек үш санмен бейнеленетіндіктен соңғы бір цифр жазылмай қалып отыр.
Егер нақты сан үшін: WRITE (‘ Y = ’, Y :8:3) пішімі берілсе, ал оның мәні Y = 1. 76 болса, экраннан Y = 1. 760 тіркесі көрінеді .
Айталық X = 7, Y = 15, Z = 11, ал R = 450, 08
Оператордың жазылуы Экрандағы нәтижесі
Write (X, Y) ;
Write (X, ’_, _’, Y) ;
Write (’X =’, X) ;
Write (X, ’ ’:3, Z ) ;
Write (’X+Y =’, X+Y) ;
Write (Z, ’-соңы’) ;
Write (’бітті’) ;
мысал:
Радиусы R болатын шеңбер ұзындығын есептеу программасын құру қажет.
Шығарылуы:
program B1;
const pi=3. 14159;
var
R:real;
L:real;
begin
writeln(‘R мәнін енгізіңдер:’) ;
read(R) ;
L:=2*pi*R;
writeln(‘нәтиже:’) ;
writeln(‘шеңбер ұзындығы L =’, L:8:3) ;
end.
Экранда төмендегідей нәтиже көрінеді:
R мәнін енгізіңдер:
0. 2
нәтиже:
шеңбер ұзындығы L =1. 257
4. Бекіту тапсырмалары.
1 тапсырма. Мәндерін табыңыз. Экранға қандай мәлімет шығады?
WRITE(3*2) - шығады
WRITE(‘3*2=‘) - шығады
WRITE(‘12*2=‘, 12*2) - шығады
WRITE(‘Менің Отаным - Қазақстан’) - шығады:
WRITE(6div2+5mod2) -
WRITE(7/3:3:1) -
2 тапсырма. Тіктөртбұрыштың периметрін табу программасын құрыңдар.
3 тапсырма . Программа құрыңыз. ДК орындаңыз.
Алг есептеу ( бер нақ х, нәт нақ у)
Басы
Енгізу х
:=
шығару у
Соңы
4 тапсырма.
Сематикалық карта.
5 тапсырма. Программа құрыңыз.
6 тапсырма.
Қатесін тап.
Радиусы R-ге тең шеңбер берілген. Шеңбердің ұзындығын есептеу программасын құр.
Program шеңбер;
Const PI=3. 14159;
Var L: Real ;
R Integer;
Begin
Writeln(‘R-ді енгіз’)
Readln (R) ;
L=2*Pi*R
Writeln(‘L=‘, L:4:2) ;
End.
7 тапсырма. Есепте.
5. Үйге тапсырма.
№1. Y=(AX+B) -С өрнегінің
алгоритмін, блок-схемасын, программасын
құрып келу.
№2. y=x2+1 функциясын есептейтін программа жазыңыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz