Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Білімді мыңды жығар сайыс сабағы

Күні: 29.11.2014.
Биология пәні мұғалімі : Кунарбаева Жанар Асхановна
8 сынып
Сабақ тыс сайыс сабағы.
Сабақтың тақырыбы :<< Білімді мыңды жығар >>.
Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелеу: Жастарды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру
Көрнекілігі : Биологиялық суреттері,мәтін,кестелер,бағалау парағы.
Сабақтың СТО технологиясы.
Әдіс тәсілдері : СТО , топтық жұмыс, сұрақ - жауап, тест жұмыс.
Сабақтың барысы:
1.Қызығушылығын ояту (ұйымдастыру).
а). Сәлемдесу ( топтың аты, ұран, эмблема )
б) . Сұрақ - жауап
2.Мағынаны тану (жаңа тақырып)
а). Биологиялық көрініс. ( би, өлең ,сахналық көрініс )
3.Ой толғау (бекіту,қорытындылау,бағалау).
а) Биологиялық бұрыш ( биологияға байланысты бұрыш ұйымдастыру ,сурет ,т.б)
б) Тест шешу
в) Мақал мәтел сыңарын табу
г) << Сен маған, мен саған >>
4. Бағалау.
Қызығушылығын ояту.
<< Білімді мыңды жығар >> атты сайысымызға қатысатын 1- топ оқушыларымызды шақырамыз ортаға.
* Кім білмес қыр аруы қызғалдақты.
Өң беріп көркейтеміз біз өр бақты,
Сәні деп өміріңнің, көңіліңнің
Сый етіп мені жігіт қызға арнапты. (қызғалдақ тобы )

* Мен болам қырларында текеметтің,
Көктемге алғаш көрік әперетін.
Бәйшешекпін көктесем қар астында
Қыс ызғарын қаймықпай көтеретін. ( бәйшешек )

* Әй табиғат, шеберсің - ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.
Ұлан ғайыр байлығыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің. ( табиғат )
Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Әр бір топтан кез келген оқушы қарсы топқа өздерінің ыстық тілектерін білдіреді, бір-біріне тілек айтады.Көңіл күйлері көтеріледі.
<< Білімді мыңды жығады >> атты жарысқа 3 - топ қатысады. Қатысушылар 8 а,б,г сынып оқушылары.
а) Бірінші этап бойынша сайыскерлер өздерін таныстырып , ұрандарын айтып, эмблемаларын көрсетеді .
б) Екінші этап бойынша сайыскерлер сұрақ - жауап тапсырмасына өтеді. 1- топ
1. Экология сөзінің аудармасы қандай ? ( Баспана, тұрғын үй, қоршаған орта ) 2. Қазақстанда қанша қорық бар ? ( 9 ) 3. Қымыз қандай жануардың сүті ? ( Жылқы ) 4. Өсімдікте қанша ұлпа бар ? ( 6 )
2-топ
1. Судан шықса өлетін жануар ? ( Балық ) 2. Арқасында тауы бар жануар ? ( Түйе ) 3. Мәңгі жасыл өсімдік ? ( шырша ) 4. Ауаның құрамы не бар ? ( Оттек, азот, көмірқышқыл газы, су буы. )
3-топ
1 Түйеқұстың көзі неден үлкен ? ( миынан ) 2. Тілінің ұшында уы бар жорғалаушы ? ( Жылан ) 3. Қазақстандағы экологиялық аппатты аймақтар ? ( Семей, Арал, Байқоңыр ) 4. Тіршілік таралған ғалам ? ( Жер )
2.Мағынаны тану
а). Биологиялық көрініс. ( би, өлең ,сахналық көрініс)
3.Миға шабуыл а) Биологиялық бұрыш ( биологияға байланысты бұрыш ұйымдастыру ,сурет ,т.б)
б) Тест шешу
Тест
1.Қандай бездер аралас қызмет атқарады ? А) ұйқы безі б) қалқанша безі д) гипофиз е) жыныс безі 2. Ішкі секреция бездерінің гормондары қайда бөлінеді ? А) ішекке б) ұлпа сұйықтғына д) қанға е) тері үстіне 3. Сыртқы секреция бездеріне қайсысы жатпайды ? А) сілекей, бауыр б) бүйрек үсті безі д) гипофиз е) ұйқы безі 4. Адреналинді қай без бөліп шығарады? А) ұйқы безі б) бүйрек үсті безі д) қалқанша безі е) гипофиз 5. Қай без ішкі секреция бездеріне жатпайды ? А) гипофиз б) қалқанша безі д) жыныс бездері е) асқазан бездері. 6. Қалқанша безі горманы жетісбегенде қандай ауру пайда болады? А) микседема б) бақшаңкөз д) алыптылық е) ергежейлілік 7. Бақшаңкөз ауруы қай бездің қызметі бұзылғанда болады ? А) бүйрек үсті безі б) эпифиз д) қалқанша безі е) ұйқы безі 8. Тироксиндегі негізгі химиялық элемент ? А) бром б) калий д) йод е) темір ж) марганец

в) Мақал - мәтелдерді аяқтау.
Уа жараңдар, жараңдар !
Кәне, оян адамдар !
Денсаулығың мықты боп,
Спортқа жақын қараңдар.

Мақал мәтел сыңарын табу
* Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі
* Тазалық - саулық кепілі.
* Денсаулық - байлық кепілі.
* Саулық - ұлт болашағы.
* Ұрпақ тәрбиесі - қоғам байлығы.
* Гигиена - тазалық кепілі.
г) << Сен маған, мен саған >>
4. Бағалау. Жеңілпазды анықтау.




Ұқсас жұмыстар
Кім жүйрік? математикалық сайыс сабақ 5-сынып
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
Қолданылған нақыл сөздер
Кулон күші
Жас физик
Бақытты сәт - математикалық ойын сабағы
Сөйлем мүшелеріне талдау
Математика және біз сайысы. 5 сынып
Озаттар сайысы
"жігітке жеті өнерде аз" сайысы
Пәндер