Фотоэффект

Баекеева Шарбану Толыбайқызы

№8 кәсіптік лицей, Қазалы қаласы, Қызылорда облысы

Өткізілген күні: 2 сәуір 2009 жыл

Тобы: №65

Курсы: ІІ

Мамандығы: «Ауылшаруашылық жабдықтарын жөндеу және күту шебері» тобы

Пәні: Физика

Сабақтың тақырыбы: § 6. 4. Фотоэффект

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға фотоэффект ұғымы мен оның заңдарын

меңгерту, фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеген

А. Г. Столетовтің ғылыми еңбегін таныстыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын дамыту, компьтер арқылы

модельдеу процестерін қалыптастыру.

б) Тәрбиелік: Оқушылардың зейінін, жауапкершілік сезімін,

топтастырының пікіріне шыдамдылық танытуын және физика пәнін

қызығушылықпен оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Лекция сабағы

Оқыту технологиясы, әдістері: ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап

Оқыту құралдары мен көрнекіліктер: дербес компьютер, «Физика 11 сынып» электрондық

оқулығы, слайдтар, кодоскоп, тапсырмалар, «А. Г. Столетов» тақырыбындағы буклет

Сабақтың пәнаралық байланысы: математика, информатика

Сабақтың барысы:

Р/с
Сабақтың кезеңдері

Уақыт

мөлшері

Оқытушының

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ескерту
Р/с: 1.
Сабақтың кезеңдері: Ұйымдастыру кезеңі
Уақытмөлшері: 1 мин
Оқытушыныңіс-әрекеті:

Оқушылармен сәлемдесу.

Топты түгелдеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушыныңіс-әрекеті:

Орындарынан тұрып амандасады.

Сабаққа дайындықтары туралы хабарлайды. Кезекші сабаққа қатыспаған оқушыларды хабарлайды.

Ескерту:
Р/с: 2.
Сабақтың кезеңдері: Өтілген материалдарға шолу жасау.
Уақытмөлшері: 3 мин
Оқытушыныңіс-әрекеті: Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында әңгіме жүргізу.
Оқушыныңіс-әрекеті: Оқытушының сұрақтарына жауап береді.
Ескерту: Оқушыларға таратпа қағазын беруге болады.
Р/с: 3.
Сабақтың кезеңдері: Сабақтың тақырыбы мен міндеті
Уақытмөлшері: 2 мин
Оқытушыныңіс-әрекеті: Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлау.
Оқушыныңіс-әрекеті: Дәптерге сабақтың тақырыбын жазу.
Ескерту: Тақырып тақтаға жазылады.
Р/с: 4.
Сабақтың кезеңдері: Жаңа материалды меңгерту.
Уақытмөлшері: 10 мин
Оқытушыныңіс-әрекеті: Оқушыларға дербес компьютер көмегімен ЭО және слайдтарды пайда-лана отырып жаңа материалды мең-герту. А. Г. Столетов тәжірибесін түсіндіру.
Оқушыныңіс-әрекеті: Оқытушыны тыңдайды
Ескерту: Оқушылар слайдтарды көру үшін дербес компьютерге жақындап отыруға болады.
Р/с: 5
Сабақтың кезеңдері: Дербес компьютермен жұмыс
Уақытмөлшері: 7 мин
Оқытушыныңіс-әрекеті:

1. Оқушыларға ЭО және ДК пайдаланутәртібін еске салады.

2. Оқушыларға қажетті слайдтарды ашып көрсетеді.

Оқушыныңіс-әрекеті:

1. Оқытушы сөзін тыңдап, түсінбеген мағлұматтарды сұрайды.

2. Әрбір ДК топтық жұмыс жасайды.

Ескерту: ДК жақсы меңгерген оқушы орындап, қалғаны сол оқушыға ауызша жауап беріп отыруға болады.
Р/с: 6
Сабақтың кезеңдері: Сергіту сәті
Уақытмөлшері: 2 мин
Оқытушыныңіс-әрекеті: Оқушыларға физикалық жаттығулар көрсетіледі
Оқушыныңіс-әрекеті: Жаттығуды орындайды.
Ескерту: Оқушылар жаттығуды орындарынан тұрып орындайды.
Р/с: 7
Сабақтың кезеңдері: Топтық жұмыс есебі
Уақытмөлшері: 7 мин
Оқытушыныңіс-әрекеті: Нәтиженің дұрыстығын тексеріп отырады.
Оқушыныңіс-әрекеті: Өздерінің орындаған жұмыстарын көрсетеді.
Ескерту: Дәптерлеріндегі жұмысты тақтаға жазады.
Р/с: 8
Сабақтың кезеңдері:

Жаңа материалды бекіту. Таратпа материалдарымен жұмыс.

(5 тапсырма)

Уақытмөлшері: 5 мин
Оқытушыныңіс-әрекеті: Таратпа материалдарының мазмұнын түсіндіреді.
Оқушыныңіс-әрекеті: Таратпа материалдарын орындайды.
Ескерту:

Партадағы әр оқушы таратпа материалын орындап, бірінікін бірі орындауға болады. Бағалау критерийі:

«5» - 5 дұрыс жауап

«4» - 4 дұрыс жауап

«3» - 3 дұрыс жауап

Р/с: 9
Сабақтың кезеңдері: Рефлексия
Уақытмөлшері: 2 мин
Оқытушыныңіс-әрекеті: Сабақ барысын-дағы өз қызмет-терін талдауды ұсынады.
Оқушыныңіс-әрекеті: Сабақ барысын «Менің сабақтағы көңіл-күйім . . . » сұрағы бойынша талдайды.
Ескерту: Оқушыларға стейк парақ тарату арқылы көңіл-күйлерін анықтап, тақта-ға жапсыруға болады.
Р/с: 10
Сабақтың кезеңдері: Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Уақытмөлшері: 1 мин
Оқытушыныңіс-әрекеті: Оқушыларға үй тапсырмасын беру, бағаларын хабарлау, күнделікке қою.
Оқушыныңіс-әрекеті: Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады және баға алғандары бағаларын күнделікке қойдыртады.
Ескерту: Үй тапсырмасы тақтаға жазылады.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқытушы оқушылармен сәлемдесіп, топты түгелдейді. Оқушылардың назарын сабаққа аударады.

ІІ. Өтілген материалдарға шолу.

«§6. 1 Жылулық сәуле шығару, §6. 2 Стефан-Больцман және Винн заңдары» тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Макс Планк гипотезасы қалай тұжырымдалады? (Планк электромагниттік сәулелену үздіксіз емес, жеке энергия үлестері - кванттар түрінде шығарылады)
  2. Әр кванттың энергиясы неге тең? (Әр кванттың энергиясы жиілікке пропорционал: E=hv)
  3. Планк тұрақтысы неге тең? (h=6, 63·10-34Дж·с)
  4. Фотон дегеніміз не? (Фотон дегеніміз - жарық кванты. Фотон деп кез келген жарық толқындарын айтуға болады. )
  5. Фотон қандай бөлшек? (Фотон - элементар бөлшек)

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.

§ 6. 4. Фотоэффект

Фото - грек сөзінен аударғанда - жарық, эффект латын сөзінен аударғанда - әсер деген мағынаны білдіреді.

Фотоэффект деп түскен жарықтың әсерінен заттардан (метелдар мен сұйықтардан) электрондардың ыршып шығу құбылысын айтады.

Фотоэффект құбылысын тәжірибе үзінде алғаш зерттеп, заңдылықтарын тағайындаған орыс ғалымы А. Г. Столетов . Бұл құбылысты зерттеуде Герцтің шәкірті , неміс ғалымы Ф. Ленард, американ ғалымдары Р. Э. Миллекен үлкен үлес қосты.

Фотоэффект теориясының шығу кезеңдері:

  • Жарық табиғаты жөніндегі 1887 жылы неміс ғалымы Генрих Герцтің кванттық құбылысы;
  • 1888 жылғы орыстың көрнекті ғалымы А. Г. Столетов тәжірибесі;
  • 1905 жылғы ағылшын ғалымы А. Эйнштейннің теориясы;

А. Г. Столетов тәжірибесі

  • Фотоэффект;
  • Фотоэлектрондар;
  • Фототок

Электрондық оқулық бойынша фотоэффект теориясын түсіндіру.

Ток күшінің кернеуге тәуелділігі

  • Қаныққан фототок;
  • Тежеуіш кернеуъ

Фотоэффект заңдары:


Ұқсас жұмыстар
Фотоэффект құбылысы
Фотонның энергиясы неге тең
Ток күші, кернеу және кедергі. 8 сынып
Қараңғыда көп болған адамның көзі жаттыққан соң, сәуле толқындарының ұзындығы
Жарықтың қысымы. П.Лебедевтің тәжірибелері
Атомдық құбылыстар
Фотоэффект. Фотоэффектіні қолданылу. Фотон
Квант энергиясы электронның тыныштық энергиясяна тең электромагниттік сәуле шығарудың толқын ұзындығын тап
Физикалық олимпиадалардың есептерін шығару
«Атомның күрделі құрылысын анықтайтын құбылыстар. Резерфорд тәжірибесі. Атомдардың планетарлық моделі. Атом ядросының құрамы»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz