3-сыныпқа арналған Менің бөлмем тақырыбы бойынша қайталау сабақ жоспары

Сабақ жоспары
Сыныбы : 3 «В»
Сабақтың тақырыбы : Менің бөлмем
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Балаларға өтілген тақырып бойынша бөлмеге қатысты сөздерді қайталау. Тәуелдік жалғауын еске түсіру.
Дамытушылық : Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, тілін дамыту.
Тәрбиелік : Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау сабағы.
Әдіс - тәсілдері :Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекіліктері : кесте, суреттер, слайд.
Сабақтың барысы :
I. Ұйымдастыру .
1. Сәлемдесу.
2. Түгендеу.
3. Оқушылардың назарын сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
4. Сабақтың мақсаты мен барысын таныстыру.
II. Өткенді қайталау .
1. Үй тапсырмасын сұрау.
2. «Менің бөлмем» тақырыбында салған суреттерін тексеру.
3. Салған суреттері бойынша 2-3 сөйлем құрастыру.
4. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін бақылау.
III. Жаңа сабақ .
-Балалар, біз бүгін бөлмеге қатысты сөздерді еске түсіре отырып, слайдқа назар аударайық.
Жаңа сөдермен жұмыс.
а) сөздік дәптерге жазу.
ә) қайталап оқу.
б) сөйлем құрау.
Шам-лампа кереует- кровать
Жатыр-лежит кілем-ковер
Тұр-стоит еден-пол
Үстел-стол
Осы берілген жаңа сөздермен сөйлем құрайды.
Сергіту сәті .
Жаңа сабақты бекіту : Ауызша.
1-тапсырма. «Менің бөлмем» мәтінді мәнерлеп оқу, аудару.
2-тапсырма. Суретпен жұмыс. Слайдқа қарап, оқушылар бөлме туралы әңгімелейді.
Дәптермен жұмыс. «Бұл кімнің бөлмесі?» деген сұраққа жауап бере отырып, «бөлме» сөзін үш жақта тәуелдеп жазады.
Жекеше көпше
I менің бөлмем
II сенің бөлмең
II сіздің бөлмеңіз
III оның бөлмесі
5-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен. Ауызша.
Бөлме, ойыншық.
1. Ойыншық.
2. Әдемі ойыншық.
3. Менің әдемі ойыншығым бар.
4. Менің көп әдемі ойыншығым бар.
Жазбаша жұмыс. 6-тапсырмада көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу.
Мынау-менің бөлмем. Бөлменің . . . үстел тұр. Үстелдің . . . орындық, . . . ыдыс, . . . доп жатыр.
Керекті сөздер: қасында, үстінде, астында, ішінде.
Сабақты қорытындылау :
1. Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету.
2. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу арқылы әр оқушыға парақшалар таратылады.
3. «Бөлме» сөзіне кластер жасай отырып, сабақты қорытады.
Үй тапсырмасын беру :
1. Жаңа сөздерді жатқа айту.
2. Мәтінді әңгімелеу.
Бағалау : Ескерту, мақтау айта отырып, белсенді оқушыларды бағалау.
Кері әсер : Балалар, бағаларыңа ризасыңдар ма? Сабақ ұнады ма? Сау болыңдар!