8-сынып: Жылу қозғалтқыштары және олардың пайдалы әрекет коэффициентін есептеу

Мекеме атауы № 24жалпы орта білім беру мектебі.
Аты - жөні Нурабев Саябек Токашевич
Лауазымы физика пәнінің мұғалімі.
Жұмысы өтілі 1 6 жыл.
Санаты бірінші.
Пәні физика.
Тақырыбы «Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалтқыштарының п. ә. к. -ті. ».
Сынып 8 «А».
Физика 8-сынып.
Пән мұғалімі:
Білу: Жылу қозгалтқыштарының түрін, құрылысынь және п. ә. к. -ті. есептей білу ; .
Түсіну: Жылу қозгалтқыштарының жұмыс істеу принциптерінің құрылысын түсіну
Қолдану: П. ә. к. -ті. есептеу формуласын, жылу қозғалтқыштарын тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдану.
Талдау : Жылу қозғалтқыштары на талдау жасау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Жинақтау: « Жылу қозғалтқыштары » тақырыптары бойынша білімдерін жинақтау .
Бағалау: Ішкі дәлелдемелер тұрғысынан қорытынды жасау.
Сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру.
Топпен жұмыс істеуін дағдыландыру.
Танымдық белсенділігін арттыру.
Акт-ны
1. Жылу қозғалтқыштарының атауына байланысты;
Сынып оқушыларын топқа бөлу - 1 мин.
- Топ ережесін қайталау
- Топ спикерін тандап, бағалау парағы таратылады-2 мин.
- Топ басшылары бір-біріне деген ықыластары мен тілектерін білдіреді.
- Оқушылары бес топқа бөлінеді.
- Топ ережесін қайталайды.
- Спикер бағалайды
Топ мүшелері (Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципін және құрылысын айтады) .
1 топ. Жылу қозғалтқыштарының құрылымы.
2 топ. Іштен жанатын қозғалтқыштар.
3 топ. Бу турбинасы.
4 топ. Газ турбинасы.
5 топ. Реактивтік қозғалтқыштар.
Есептерді шығарады:
1. Іштен жану қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті 25% . Ол нені білдіреді?
2. Егер турбинаға температурасы 480 0 С бу еніп, сыртқа шыққанда 300 0 С -қа дейін суитын болса, онда су турбинасының ПӘК-і неге тең?(37, 5%)
3. Қыздырғышы 2270С, салқындатқышы 270С жылу машинасының макс ПӘК-і неге тең? (40 %) .
4. Идеал жылу машинасы қыздырғыштан алған әрбір 1000 Дж энергия есебінен 250 Дж пайдалы жұмыс жасайтын болса, бұл жылу машинасының ПӘК-і неге тең? (25 %) .
5. Жылу машинасы қыздырғыштан 100 кДж энергия алады, ал салқындатқышқа 70 кДж энергия береді. Осы машинаның ПӘК-і қандай?(30%)
Алған білімдерін
қоладнып есепетер шығара біледі.
1. Іштен жанатын қозғалтқышта маховик қандай қызмет атқарады?
2. Қозғалтқыш цилиндрі жанғыш қоспаға толып, қақпақша жабылғаннан кейін, поршень жоғары қарай қозғалып, жанғыш қоспа сығылады. Осы такт қалай аталады?
3. Қозғалтқыш цилиндрінің жанғыш қоспаға толып, қақпақша жабылған кездегі такт қалай аталады?
4. Поршеньді бу қозғалтқышы бу турбинасынан артықшылығы неде?
5. Газ турбинасының бу турбинасынан артықшылығы неде?
Венн диаграмасы.
Осы екі жылу қозғалтқыштарының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау -5мин