Мағынасы қарама-қарсы сөздер. 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың сөз туралы, олардың кейбір түрлері жайында білімдерін пысықтап, тағы бір түрі, мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы түсінік беру.
- Сөз мағынасының түрлері жайлы берілген ұғымды ісжүзілік дағдылар арқылы одан әрі дамыту, сөз мағыналарын дұрыс қолдана білуге баулу.
- Оқушыларды шапшаңдыққа, жинақылыққа, тазалыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі суреттер, кесте, сигналдық белгілер, үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ынталандыру
Шаттық шеңбері электрондық оқулықтан қайталау
- Үй тапсырмасын тексеру: тақтадағымен салыстыру, өз-өзін бағалау.
- Сабақ мақсатын хабарлау
- Балалар, кім ғарышкер болғысы келеді?
- Неліктен?
- Бүгін біз сендермен ғарышқа саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз әсем планета- Жерден, біздің Қазақстандағы «Байқоңырдан» басталады. «Жаңалық», «Білгірлік» планеталарында боламыз.
- Өткенді пысықтау.
- Ракетамыз ғарышқа ұшуы үшін екі тапсырма орындауымыз керек.
- Корабль экипаждары ғарышқа ұшуға әзір ме, тексереміз.
I-қатар - I-экипаж
II-қатар - II-экипаж
III-қатар - III-экипаж
- Әр экипаждың бір мүшесі бір сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берсе, бүкіл экипаж корабльде өз орындарын алады.
1-тапсырма:
- - Сөз дегеніміз не?
- - Сөз неден құралады? Сөйлем ше?
- - Мағыналарына қарай, сөздің қандай түрлерін білеміз?
2-тапсырма:
- Ғарышқа ұшу үшін екінші тапсырманы орындайық.
I-экипаж:
- Араның екі мағынадағы суретін пайдаланып, екі сөйлем құрасырып жазыңдар.
Кесте пайдаланылады
Ара (жәндік) - Ара гүлге қонды.
Ара (құрал) - Ара- ағаш кесетін құрал.
II-экипаж:
- Көп нүктенің орнына солсөзге мағынасы жуық сөз тауып, жаз.
Әдемі . . .
Батпақ . . .
Тамақ . . .
Аяз . . .
III-экипаж:
- Берілген сөзден, ондағы әріптерді пайдалана отырып, бірнеше сөз құраңдар.
Қала-қал, ал, ала, ақ, лақ, алқа.
- Жарайсыңдар! Барлық экипаж тапсырмаларды дұрыс орындады. Ғарышқа ұшуға әзірленейік.
Сергіту сәті
- Ракетаны ұшыруға дайындық.
- Моторды іске қосайық.
- Тетіктерді қосайық.
- Бір, екі, үш.
Ракета «Байқоңыр» космодромынан ұшырылды.
- Жаңа сабақ.
Суреттегі «Жаңалық» планетасына ракетаны жылжыту.
- Алғашқы қонатын планетамыз «Жаңалық» деп аталады.
- Бұл планетада, атына лайық, мағынасына қарай жаңа сөздермен танысасыңдар.
Тірек кестемен жұмыс
- Қант . . . болады, бұрыш . . . болады.
- . . . кісі бастар, . . . кісі қостар.
- Қант . . . болады, ал көмір . . . болады.
- . . . бала - қуаныш, . . . бала - өкініш.
- Көп нүктенің орнына қойған сөздерге назар аударайық.
- Олар, мағынасына қарай, қандай сөздер?
- Оқулықпен жұмыс
- Жаттығу орындалады
- Біз келесі «Білгірлер» планетасына қонамыз. Бұл планетада болған ғарышкер ағаларымыз әр түрлі тапсырмалар қалдырып кеткен.
Ауызша орындау- ұжымдық жұмыс.
- Суретте не бейнеленген?
- Суреттердегі заттарды салыстыра отырып, қарама-қарсы мәндес сөздері бар сөйлемдер құрастырыңдар.
- Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып, атаңдар.
I-экипаж:
Тұрақты жұппен жұптық жұмыс.
Қарсы мәндес сөздерді ойдан жазу.
1-оқушы 2-оқушы
ақ- қара
II-экипаж:
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді ьжұптап жаз. (қима қағазда жазылған сөздер беріледі)
III-экипаж:
Ойын «Кім көп біледі?»
Ойынның шарты: мұғалім «жеңіл» десе, оқушылар оған қарсы мәндес сөзді тауып айтады. Мысалы: « жеңіл-ауыр ».
Алдымен ауызша айтып, кейіннен жазады.
- Бекіту.
Алған білімдерін топтастыру.
Топтық жұмыс: сигналды белгілерді көрсетеді- ауызша орындалады.
- Төмендегі қандай сөздер екенін тауып, айтыңдар.
I-топ: қу, айлакер, алдампаз.
- Қарсы мәндес сөздер
- Жуық мәндес сөздер
- Жазылуы бірдей сөздер
II -топ: Алыс- жақын
- Жуық мәндес сөздер
- Жазылуы бірдей сөздер
- Қарсы мәндес сөздер
III -топ: Жүз. Жүз.
- Жуық мәндес сөздер
- Қарсы мәндес сөздер
- Жазылуы бірдей сөздер
Жазбаша тест тапсырмасы орындалады. Аралас сөздер. Дұрыс жауабын табу. (үлестірмелі қима қағаз)
I-экипаж:
оқулықтан жаттығуды жазу. Мақалды жатқа жаз. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.
Ащы мен тұщыны татқан білер,
Жақын мен қашықты жортқан білер.
II-экипаж:
Жұмбақты жатқа жазып, қарама-қарсы мәндес сөздердің астын сыз.
Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады. (қоңыз)
III-экипаж:
Өлеңді көшіріп жаз. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.
Ащы терім ақты,
Жеміс өсті тәтті.
- Қорытынды
- Біздің саяхатымыз аяқталып келеді.
- Жерге аман-есен қону үшін, бүгінгі сабақта нені үйренгенімізді еске түсірейік.
- Біз қандай планеталарда болдық?
- Осы планетада жаңадан нені үйрендік?
- Қалай ойлайсыңдар, мұндай сөздер не үшін қажет?
- Тағы қандай планетада болдық?
- Сендерге саяхат ұнады ма?
- Үйге тапсырма беру: қима қағаздардағы тапсырмаларды жазбаша орындау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz