1-сынып: Қосу және азайту кестесі арқылы сандар мен өрнектерді салыстыру сабақ жоспары

Павлодар қаласы, №35 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі - Жумабаева Жаркынай Жасталаповна.

Сынып: 1

Сабақ тақырыбы: Салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 2, 3, 4, 5, 6, 7 сандарының қосу және азайту кестесіне сүйене отырып, екі таңбалы сандарды, өрнектерді салыстыру, сөз есеп, теңдеуді шешуге машықтандыру.

Дамытаушылық: оқушының ойлау, ауызша есептеу, есте сақтау қайта жаңғырту, белсенді тақтамен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: адамгершілікке, әдептілікке, сыйластыққа, достыққа, ұйымшылдыққа, қамқорлыққа, ұйымшылдыққа, қамқорлыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, карточкалар, әңгімелесуші оқулық, плакат.

Барысы:

І. Ұйымдастырушы кезең

- амандасу

- сабаққа даярлау

ІІ. Үй тапырмасын тексеру

- Өткен сабақта біз қандай тақырыпты өттік? Ал олай болса, барлығымыз белсенді тақтаға назар аударайық. 5 пен 6 санының қосу және азайту кестесін еске түсірейік.

5

7

5

2

+5

+6

4

8

9

6

11

15

10

18

-6

-5

16

19

12

14

- Дұрыс, «Ақылды елге қарайды, Ақылсыз елге қарайды» демекші бүгінгі сабағымызда өзіміздің ақылды, біліміміз мол екенін дәлелдейік. Ал, енді, менің мына сұрағыма жауап беріңдерші.

- Салыстырудың қандай таңбалары бар?

- Егер екі санның немесе өрнектің арасында «=» таңбасы тұрса, онда ол . . .

- Егер екі санның немесе өрнектің арасында «>» және «<»таңбасы тұрса, ол . . .

- Олай болса, қазір біз «Үндемес» ойынын ойнаймыз. Бұл ойында мен сендерге салыстырылған сандар мен өрнектерді көрсетемін, ал сендер егер теңдік болса, екі қолдарынды, теңсіздік болса, бір қолдарыңды көтересіңдер. Осы ойынның ең негізгі ережесі - үндемей тек қолдарыңды көтеру.

23<20+5 18<19 91=91 29-6=20+3

16+10>38 21>13 31+2=20+13 12<30+2

ІІІ. Өткенді қайталау

- Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - салыстыру. Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз - сандарды қосу және азайту кестелерін пайдаланып, өрнектердің мәнін тауып салыстыру, теңдеу шешуге машықтандыру, өздіктерінен жұмыс істеу.

- Жақсы, енді әңгімелесуші оқулықтарыңа бүгінгі күнді жазыңдар. Қазір, мен сандарды атаймын, ал сендер алдарыңда жазулы тұрған сандардың қайсысын айтсам, сол санды көтересіңдер де жазасыңдар. Барлығымыз «математикалық диктант» жазуға даярланамыз.

11, 62, 90, 34, 51, 4.

Слайд-1

- Енді қайта барлығымыз тақтаға назар аударамыз. Сендер «Тек жауабын жаз» атты ойын ойнаймыз. Яғни бұл ойында өрнектің тек қна жауабын жазамыз. Ал бір оқушы мәнін тақтаға жазып отырады.

17+5 92-82 27-5

15-2 6+12 39-6

Плакат

- Балалар, балықты біз немен аулаймыз? Дұрыс, қармақпен. Ал енді барлығың мені тыңдаңдар. Балықты көбірек аулау үшін тып-тыныш отыруымыз керек. Сендердің байқауларыңша, балықтың әр түрлері бар. Қай балық ұнаса, сол балықты таңдап аулыңдар. Балықтағы сандарды салыстыру керек. Егер дұрыс салыстыра алмасаңдар, балықты аулай алмаймыз.

9*10 33*30 76*97

62*92 64*64 23*23

ІҮ. Сергіту сәті.

1, 2, 3 - біз жинаймыз күш,

4, 5, 6 - сап түзейміз жалпы.

Ү. Оқулықпен жұмыс.

1. №4-69 бет.

2. «Ойлан, тап» ойыны. (8*5) * =1

А4+1В=78

ҮІ. Қорытынды.

- Ал, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болды? Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар орындадық? Енді, сендерге бүгінгі абақта ұнаған тұстарыңды «Әңгімелесуші оқулыққа» жазыңдар.

ҮІІ. Үй тапырмасы. - Қайталау.

ҮІІІ. Бағалау. - Белсенді қатысқандарға баға қою.


Ұқсас жұмыстар
1-сынып математика: Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру
1-сынып математикасы: 1-ді қосу және азайту сабақ жоспары
1-сынып математика сабақ жоспары: Қосу және азайту
1-сыныпқа арналған математика сабақ жоспарлары: 9 және 10 сандары, бір және екі таңбалы сандар, қосу мен азайту
4 саны мен цифры: қосу, азайту, салыстыру және төртбұрыш элементтері - сабақ жоспары
1-сынып математикасы: Ондықтарды қосу және азайту - сабақ жоспары
1-сынып математика: кестелік қосу және ондықтарды қосу мен азайту
1-сынып математикасы: 5 санын қосу және азайту (сабақ жоспары)
1-сынып: 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту; қосу кестесін құрастыру бойынша сабақ жоспары
2-сынып математика: Кестелік қосу мен азайтуды қайталау - 100-ге дейінгі сандар мен өрнектерді меңгерту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz