2 Д сыныпқа арналған сабақ жоспары: Мен қазақша сөйлеймін (16.10.2014)

Сабақ жоспары

Күні: 16. 10. 2014

Сыныбы : 2 « Д»

Мұғалім : Абуова Б. Е.

Сабақтың тақырыбы : Мен қазақша сөйлеймін

Мақсаты:

Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыра отырып, махаббатын ояту. Сөйлеу дағдысын, сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын молайту.

Міндеті: Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету

Көрнекіліктер: қанатты сөздер, үн таспа, шарлар, бүктемелер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу

ә) сабаққа дайындығын тексеру

Әнұран орындалады

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін сынып ішінде «Мен қазақша сөйлеймін» атты тақырыпта жарыс сабағы өтпек. Осы уақытқа дейін өткен тақырыптарға саяхат жасай отырып, білгендеріміз бен бөлісейік. Сабақ жарыс түрінде өтетін болғандықтан мен сыныпты екі топқа бөліп алайын.

1-топ «Кішкентай білгірлер»

2-топ «Кішкентай тапқырлар»

Шарты: Әр тақырыпқа қатысты тапсырмаларды орындау

Әр айналыммен таныстырайын:

Мақал-мәтелдер жарысы . Кім көп мақал біледі екен? Кезекпен айтып шығайық.

Өнерлі өрге жүзер. Өзіміздің бойымыздағы өнерімізді паш етеміз.

Сұраққа-жауап.

а) «Ана тілі» сөзінде неше дыбыс бар?

ә) Суретпен жұмыс

б) «Қазақ тілі»сөзінде неше буын бар?

в) «Менің отбасым» тақырыбына әңгіме құраңыз.

г) Екі топтан «Тіл» тақырыбына байланысты тақпақ сұрау

Мұғалім сөзі: Балалар, қалай ойлайсыңдар, кім жеңді?

Осы кезде сыныпқа «Тіл жанашыры» кіреді де:

-Достық жеңді, - дейді.

Балалар:

- Сіз кімсіз?

Ол:

- Мен тіл жанашырымын. Сендерге қонақ ерте келдім. Кәне, төрлетіңіздер!

4 «А» сынып оқушылары «Алдаркөсенің қулығы» тақырыбында көрініс қояды.

Артынан 4 «Г» сынып оқушылары «Ана тілі» әнін орындайды.

Тіл жанашыры:

- Балалар, Достық жеңді! Сендер жарайсыңдар! Сендер әлі де қазақ тілін меңгере түсесіңдер. Мен оған сенімдімін.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Бүгін ғана емес, ертең де, үнемі қазақша сөйлеп жүрейік. Өйткені, қазақ тілі - дана тілі, ұлы тіл!


Ұқсас жұмыстар
8-сынып информатикасы: санау жүйелері (2, 8, 10, 16)
Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты: Тәуелсіз елдің ұланымыз (16 желтоқсан; 2 а сынып, С.Қ. Сұлтанова, 2013-2014 оқу жылы)
6-сыныпқа арналған бейнелеу өнері сабақ жоспары: Плакат өнері (Сабақ №16)
6-сыныпқа арналған қазақша күрес таңдаулы курсының оқу бағдарламасы (34 сағат)
7-сыныпқа арналған §16 Теңіз балдырлары тақырыбы бойынша сабақ жоспары
2-сынып Әдебиеттік оқу Түйе мен тышқан ертегісі негізінде мүшел мен қазақша жыл атауларын оқытуға арналған қысқа мерзімді жоспар
10-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті тақырыптық күнтізбе жоспары (68 сабақ, апталық 2 сағат)
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Д. Қасенов Адалдық - адалдыққа тәрбиелеу мен мәтінмен жұмыс
2-а сыныпқа арналған математика: Қайталау және есептер шығару пысықтау сабақ жоспары (2014-2015 оқу жылы)
Шахтинск қаласы №16 лицей-мектебінің 3-сынып оқушыларына арналған Тапқыр достар білім сайысы сабақ жоспары (2014-2015 оқу жылы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz