Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Бар білімнің бастауы әліппеден

Әліппе,саған мың алғыс!

Мақсаты: Бар білімнің бастауы-әліппеден үйренгендерін көрсете отырып,ана тілі оқулығымен танысу,білімдерін,өнерлерін көпшілікке паш ету.
Көрнекілігі: Шарлар, <<Әліппе>>, <<Ана тілі>> оқулықтарыны макеті, әріптер, слайд.
Барысы:
* Жүргізуші:Армысыздар,ағайын!Біз бүгін барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі - әліппемен қоштасқалы отырмыз.

2- жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар,ұстаздар!
<<Әліппе, саған мың алғыс!>> атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң,
Әліппеміз қоштаспақ!
2-жүргізуші: Ой білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш, балдырған,
Құтты болсын, тойларың.
1- ж: Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет
сауатымызды ашқан жақын досымыз <<Әліппені>> бітірдік.
2-ж: - Мен енді достарыма өзім-ақ хат жазып, қысқа әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламын, қуаныштымын.
1- Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік:есеп шығаруға, санауға, ән айтуға, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге мұғалімдеріміздің көмегімен дағдыланудамыз.
2-Әділбек,біздің тойымыз сыныптас достарымызсыз қалай өтпекші?
1 -Дұрыс айтасың,Әсел,ендеше әліппемен қоштасатын достарымызды ортаға шақырайық. (Оқушылар әліппе кітабынан әріп түрінде шығады )

2-ж: Шашу,шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық
1 - ж: Әліппенің тойында
Жақсы дәстүр жасайық(шашу шашылады)
2 - ж: -Достар,сендерге қояр сұрағым бар,қане тауып көріңдерші:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
(-Болашаққа жол ашар,
Ол сүйікті әліппе!)
1-ж: Олай болса, бізге білім жолын бастаған сүйікті кітап Әліппені ортаға шақырайық.
Әліппе:Армысыздар, жас достар! Армысыздар ,ата-ана! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға. Білім деген ғылымның Әліппесін меңгерген Келешегі қазақтың, Басталады сендерден. Жақсы білім көрімдік, Болсын сізге халайық. Не үйрендік не білдік, Қане ортаға салайық!
2- Хош келдің әліппе,досымыз!
Біз бүгін сенімен қимай қоштасамыз.
1 Біз сенің арқаңда оқуды,жазуды үйрендік қой.
2- Достар,әліппеге айтар алғысымызды жыр жолдарымен білдірейік те
1-оқушы Бар кітапқа бас болған
Әліппе- ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы

2-оқушы Әсем ою-өрнекпен
Көмкерілген әліппем!
Сен болмасаң білімге
Бастайтын жолды біліп пе ем?
3-оқушы Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе.
4-оқушы Әліппем, менің әліппем,
<<А>> деген басты әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен
5-оқушы Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықтап сақтаймыз
Ұмытпаймыз бәрін де,
Атын, затын, түрін де.
6-оқушы Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе!
1: Ортада әліппе әнімен Әсемді қарсы алайық.
Әліппе: Рахмет,балалар,мен қуанып қалдым.Сендер менен не үйрендіңдер?
Ең алғаш рет әріптермен таныстық.
Оқуды,жазуды үйрендік.
2: Олай болса,әріптерге кезек берейік.
1 - оқушы - :А Ата - ананың тілегі - Адам болып өскенің Адамдықтың тірегі - Адал болып өскенің.2 - оқушы -: Ә Әдептілік дегенің - Әрқашан да керегің. Әсемпаздық дегенің - Әуре - сарсаң әлегің.
3-Оқушы: Адегенің ана ғой
Ана деген дана ғой
Б дегенім бала ғой,
Жұмсаса анаң бара ғой.
4-оқушыДобым,добым,домалақ,
Тоқтамайсың, домалап,
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың
5-оқушы: К.Қызыл,жасыл,қоңыр көк
Алуан,алуан көбелек
Торға түсіп қалмашы
Торғайға жем болмашы 6- оқушы - : О. Оқуда болсаң,Ойыңа,
ойынды әсте жуытпа Ойында болсаң, Ойыңа, оқуды түсір, ұмытпа.

7- оқушы -: С Спортпен айналысСұлулық сыйлағанСол саған пайдалы ісСауық пен кинодан
8- оқушы -: Т <<Тәртіпті>>бала - сүйеніш,Төбең бір көкке жетедіТәртіпсіз бала - күйініш,Төмендеп басың кетеді.
9- оқушы: Ұ Ұрыншақ бала жанындаҰрыс пен керіс, айқай - шуҰстамды бала жанынанҰнамды қылық байқайсың.
10 - оқушы - Ш: Шындықты сақтаймыз,Шыншылды жақтаймызШаршы топ алдындаШығарып мақтаймыз.

Әліппе: Рахмет,достарым.Менің сендерге ала келген тапсырмаларым бар еді:
Әліппенің тапсырмалары,Әріптерден сөз құра:
1. Шай ішетін қоюлап
Жақсы көрем ......(ата)
2.Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем ....(апа)
3. Басында айдары бар,Иегінде сақалы бар ... ( әтеш)
4.Ас атасы-..... (Нан)
5 . Оттан да ыстық....(Отан)
6.Туған жердің күні де ыстық,
(Түн)і де ыстық
7.Іші толы әріпке
Ғажап кітап -- (ӘЛІППЕ)

Әліппе: Рахмет, мені таза ұстадыңдар,
Ризамын, құрметті шәкірттер.
Меңгердіңдер, болмадық босқа тер,
<<Ана тілі>> досым бар.
Сендерді жетелеп әкетер.
Менің сендерге айтатын тілегім- жаңа достарыңды мендей сүйіп, мендей құрметтеңдер!
Ана тілін қарсы алайық, (Ортаға ана тілі шығады)Ана тілі: Ақыл-ойы дананың,Ана тілі боламын.Ана тілі ардақты,Ақ сүтіндей ананың,Өсірген ой білімді,Мәнін терең білуде,Мейірімі мол балаға.Ана тілді құрметте. Мен әліппеден оқып - білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.
1: Қош келдің, ана тілі. Біздің өнерімізді тамашалап отырыңыз.
2: Достар,бізге әліппені үйреткен ұстаздарымызға не айтамыз?
Еңілік: - Ең алғаш қолға алғанда <<Әліппені>>
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыр жұмбақ бұл кітаптардың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Ернұр: - А-ны, айтқанда дауысымыз дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып буынды енді.
Жақсыбек: -Жүректерге сүйікті ең бір жақын,
<<Абай>> деп атамның жаздым атын.
Хатқа жазып ата-ана есімдерін,
Күнім бұл бірінші рет мақтанатын.

Ана тілі: Оқушылар,сендер оқуды үйреніпсіңдер,тағы қандай пәндерді оқыдыңдар?
Математика,ағылшын,дүниетану,т.б.
Мен математикадан үйренгендеріңді тексеріп көрейін:
Жұмбақты есептер 1. Мұз айдында жеті бала. Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала. Жағалауда тұр қарап. Енді осы бар баланың Санын айтсаң - жарадың! 2.Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз, Қонбады оның нешеуі? Кәне, кім тез шешеді?3.Жаңа ғана шалғында, Алты бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма, Жатып қапты біреуі. Нешеуі енді жайылып, Айт, жүргенін айырып. 4.Табақта бес алма, Қолымда үш алма, Інімде екі алма, Қосқанда барлығын. Болады неше алма? Бір алма атама, Бір алма әжеме, Бір алма апама, Бір алма әкеме, Нешеуін алады? Нешеуі қалады?
5.Аулада бес үйрек, Қорада үш үйрек. Бір үйрек тығылды, Бір үйрек жығылды, Қалғаны неше үйрек? 6.Екі аяқпен екі қол, Бір ауыз бен бір тілің.... Нешеу болды кәне, бол, Санап шығар кім бұрын? 7.Тал басында, Тізіліп, Он жапырақ тұр еді. Жел соқты да, Үзіліп, Ұшып кетті біреуі. Ізінше оның Жұлынып, Түсті тағы бесеуі. Тұр әлі де ілініп, Жапырақтың нешеуі? Тамаша, енді ағылшыннан не білесіңдер?
Қалам-пенсл,ручка-пен,мама-маза, папа-фаза т.б.
Жарайсыңдар,балалар,менің қорқынышым сейіліп, қуанып қалдым.Оқушылар,сендерге тілерім оқуда озат болыңдар!
1: Ортада Жанеркені <<оқуда озат боламын>> әнімен қарсы алайық.
2: Мектеп өмірінен күлдіргі көріністерге кезек берейік.
Мұғалім:Серіжан,кеше неге сабаққа келмедің?
Ағам ауырып қалды.
Ағаңның бұл жерде не қатысы бар,әлде ауруханаға сен апардың ба?
--------------------------------------------------------------------------------
Жоқ,мен оның велосипедін тептім.
М: Айдын,айтшы,5саусаққа 5 саусақты қоссақ,неше болады?
Екі қол
Туу,он саусақтан он саусақты алсақ,неше болады?
--------------------------------------------------------------------------------
Жұдырық қалады.
М. Жақсыбек,екіге екі қоссақ,неше болады?
4болады
Дұрыс,мә,саған төрт кәмпит
--------------------------------------------------------------------------------
Туу,14 дей салуым керек еді.
М.Айдын,папаң қайда?
Жұмыста
Мамаң ше?
Ол да сізден тығылып қалды.

1: Ортада домбыра биі.
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға ана тілін аламыз
Ата-ана,қуанышқа ортақ бол,
сауатты боп шықты міне балаңыз.
Сөз кезегін ата-аналарға берейік.
2.,Ортада қазақ биін қабыл алыңыздар!
2: Әліппе,біз сені өмір бойы ұмытпаймыз,кейінгі іні-сіңлілерімізге де үйретіп жүреміз.

1-оқушы:Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.
2-оқушы: Білімге жолды бастаған
Әліппем саған мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған,
Әліппем, саған мың алғыс!
3-оқушы: Қош бол құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырыпәріппен,
Тақылдатып сөйлеттің
Хор :Рахмет,саған,әліппе.
Жүргізуші: Бүгінгі кеш әр үйдің <<Той басы>> деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында
Ақниетпен баршаға тілек айтар қонақтар.
Сөз кезегі мектеп директоры Қалия апайға беріледі. Мадақтау

1 - оқушы - : А Ата - ананың тілегі -Адам болып өскеніңАдамдықтың тірегі -Адал болып өскенің.
2 - оқушы -: Ә Әдептілік дегенің -Әрқашан да керегің.Әсемпаздық дегенің -Әуре - сарсаң әлегің.
3 - оқушы - : О. Оқуда болсаң,Ойыңа, ойынды әсте жуытпаОйында болсаң,Ойыңа, оқуды түсір, ұмытпа.
4 - оқушы -: С Спортпен айналысСұлулық сыйлағанСол саған пайдалы ісСауық пен кинодан
5 - оқушы -: Т <<Тәртіпті>>бала - сүйеніш,Төбең бір көкке жетедіТәртіпсіз бала - күйініш,Төмендеп басың кетеді.
6 - оқушы: Ұ Ұрыншақ бала жанындаҰрыс пен керіс, айқай - шуҰстамды бала жанынанҰнамды қылық байқайсың.
7 - оқушы - Ш: Шындықты сақтаймыз,Шыншылды жақтаймызШаршы топ алдындаШығарып мақтаймыз.

.Оқуда озат боламын
Білімім тасып толамын
Мектепке барып күн сайын
Тек қана бестік аламын (2 рет)

Қайырмасы:
Оқуда озат боламын
Қашанда таудай талабым
Тәп-тәтті бала атанып
Бәріне үлгі боламын (2 рет)

2.Оқуда озат боламын
Білімім тасып толамын
Әр сөзін тыңдап ұстаздың
Санама құйып аламын (2 рет)

Қайырмасы:
Оқуда озат боламын
Қашанда таудай талабым
Тәп-тәтті бала атанып
Бәріне үлгі боламын (2 рет)

Ана тілі: Оқушылар,сендер оқуды үйреніпсіңдер,тағы қандай пәндерді оқыдыңдар?
Математика,ағылшын,дүниетану,т.б.
Мен математикадан үйренгендеріңді т ексеріп көрейін:
Жұмбақты есептер 1. Мұз айдында жеті бала. Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала. Жағалауда тұр қарап. Енді осы бар баланың Санын айтсаң - жарадың! 2.Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз, Қонбады оның нешеуі? Кәне, кім тез шешеді? 3.Жаңа ғана шалғында, Алты бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма, Жатып қапты біреуі. Нешеуі енді жайылып, Айт, жүргенін айырып. 4.Табақта бес алма, Қолымда үш алма, Інімде екі алма, Қосқанда барлығын. Болады неше алма? Бір алма атама, Бір алма әжеме, Бір алма апама, Бір алма әкеме, Нешеуін алады? Нешеуі қалады?
5.Аулада бес үйрек, Қорада үш үйрек. Бір үйрек тығылды, Бір үйрек жығылды, Қалғаны неше үйрек?

7.Екі аяқпен екі қол, Бір ауыз бен бір тілің.... Нешеу болды кәне, бол, Санап шығар кім бұрын? 8.Тал басында, Тізіліп, Он жапырақ тұр еді. Жел соқты да, Үзіліп, Ұшып кетті біреуі. Ізінше оның Жұлынып, Түсті тағы бесеуі. Тұр әлі де ілініп, Жапырақтың нешеуі? Тамаша, енді ағылшыннан не білесіңдер?
Қалам-пенсл,ручка-пен,мама-маза, папа-фазат.б.
Жарайсыңдар,балалар,менің қорқынышым сейіліп, қуанып қалдым.

Әліппенің тапсырмалары,Әріптерден сөз құра:
1. Шай ішетін қоюлап
Жақсы көрем ......(ата)
2.Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем ....(апа)
3. Басында айдары бар,Иегінде сақалы бар ... ( әтеш)
4.Ас атасы-..... (Нан)
5 . Оттан да ыстық....(Отан)
6.Туған жердің күні де ыстық,
(Түн)і де ыстық
7.Іші толы әріпке
Ғажап кітап -- (ӘЛІППЕ)

1. Пальтода 6 түйме болды. Үш түйме үзіліп қалды. Неше түйме қалды?2. Айдос 4 алма мен3 алмұрт жеді. Барлығы неше жеміс жеді?
Жұмбақты есептер 1. Мұз айдында жеті бала. Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала. Жағалауда тұр қарап. Енді осы бар баланың Санын айтсаң - жарадың! 2.Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз, Қонбады оның нешеуі? Кәне, кім тез шешеді? 3.Жаңа ғана шалғында, Алты бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма, Жатып қапты біреуі. Нешеуі енді жайылып, Айт, жүргенін айырып. 4.Табақта бес алма, Қолымда үш алма, Інімде екі алма, Қосқанда барлығын. Болады неше алма? Бір алма атама, Бір алма әжеме, Бір алма апама, Бір алма әкеме, Нешеуін алады? Нешеуі қалады?
5.Аулада бес үйрек, Қорада үш үйрек. Бір үйрек тығылды, Бір үйрек жығылды, Қалғаны неше үйрек? 6.Қанша қоян аулада Сонша тауық аулада. Аяқтары он екі, Санап көрші, кәнекей? 7.Екі аяқпен екі қол, Бір ауыз бен бір тілің.... Нешеу болды кәне, бол, Санап шығар кім бұрын? 8.Тал басында, Тізіліп, Он жапырақ тұр еді. Жел соқты да, Үзіліп, Ұшып кетті біреуі. Ізінше оның Жұлынып, Түсті тағы бесеуі. Тұр әлі де ілініп, Жапырақтың нешеуі?
Әліппе:Армысыздар жас достар! Армысыздар ата-ана!Болашаққа жол бастар,Әліппең келді ортаға.Білім деген ғылымныңӘліппесін меңгерген Келешегі қазақтың,Басталады сендерден. Жақсы білім көрімдік,Болсын сізге халайық.Не үйрендік не білдік,Қане ортаға салайық!

Әліппе: Рахмет, мені таза ұстадыңдар,
Ризамын, құрметті шәкірттер.
Меңгердіңдер, болмадық босқа тер,
<<Ана тілі>> досым бар. Сендерді жетелеп әкетер.

Ана тілін қарсы алайық, (Ортаға ана тілі шығады)Ана тілі: Ақыл-ойы дананың,Ана тілі боламын.Ана тілі ардақты,Ақ сүтіндей ананың,Өсірген ой білімді,Мәнін терең білуде,Мейірімі мол балаға.Ана тілді қ

Оралды өлкеме Жаңа жыл, армысың!Оранды ақ көрпеАсқар тау, қарлы шың.

Тоғай да, баулар даАқ күміс жамылды.Дала да, таулар даӨзіңді сағынды
Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Ақ қырауға малынғанСақалы да мұрты да.Аяз ата сағынған,Сәлем бepді жұртына.
.Келді міне жаңа жыл, 2. Жаңа жылды қарсы алып,
Қарсы алайық, бәріміз. Жасаймыз той жылда біз.
Күліп, ойнап,би билеп Жарқын,жарқын ән салып,
Ән салайық бәріміз. Жалғасады жырға жыр.
,
,
Тақпақ айтып беріңдер Неткен әсем көрікті.
Жомарт Аяз атадан Жаңа жылдық думанға,
Сыйлық алып көріңдер! Аяз ата келіпті.

Тамаша сый алып, 6. Жасыл желек жамылған,
Келді Аяз атамыз. Асыл моншақ тағылған
Шаттанып,қуанып, Міне, сұлу шыршамыз
Шырқап ән айтамыз. Көптен күтіп сағынған

Аппақ тонға оранып, 4.Әкелсін жыл ырыс-құт,
Базарлықты мол алып. Әлемде болсын тыныштық.
Келді алыс сапардан, Ән салайық жаңаша,
Аяз ата оралып. Жаңа жылым тамаша!

.Тамаша, тамаша, 2. Жаңа жыл,жаңа жыл.
Шыршамыз тұр жараса. Жаңа жылда жаңа жыр ...
Басында әсем жұлдызы Жасыл шырша жанында
Көз тоймайды қараса. Билеп барлық бала жүр.

Аяз Ата ойды қырдыАралап жүр түгел шолып.Қарсы алғалы жаңа жылды,Ол да көптің бірі болып.Қайда қызық болса думан, Аяз Ата сонда болды. Күндіз үйде ойнап бізбен, Балалармен бірге болды.
Қалып едік сағынып,Kүтіп алдъқ жабылып.Жолын қойдық жарық қып,Шыршаларға шам іліп
Ақ қар жапты даланы Ақ жамылды айналаЖарқыратып шамдарын,Шырша келді ортаға
Жылдың әнін бастайын,Аяз- Ата кеп қалды.Майысады жас қайың,Көтере алмай көп қарды.
Бақша іші мереке,Ойын күлкі асқақ ән.Жақсы әпкелер жаңа кеп,Мерекені бастаған.

Жаңа жылды қарсы алдың,Мініп алып күймеге.Мен де бүгін ән салдым,Араластым биге де.
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам оң болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
.
Жапалақтап ақша қарЖауды күнде қайталапҚырға шықты балаларШаңғыларын арқалап.

.
Басында айдары бар,Иегінде сақалы бар.

Ұқсас жұмыстар
Әліппе - білім бастауы
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Қош бол, сүйікті Әліппем атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
Мұғалім сөзін буынға бөл
Қош бол менің қасиетті ӘЛІППЕМ
Әріппін ерке балаға
Ана тілмен безеніп
Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз тәуелсіз ел бесігін
Әліппе - білім бастауы 1-сынып
Құтты болсын тойларың
Пәндер