5 Б сыныбына арналған математика сабағы: Аралас сандарды азайту

Математика 5 «Б» сыныбы
- Аралас сандарды азайту туралы мағлұмат беру.
- Аралас сандарды азайту тәсілдерін үйрету.
- Тапсырманы орындауда өзара жұптасып, топтасып жұмыс жасауға тәрбиелеу.
- Аралас сандарды азайту туралы мағлұмат алады.
- Аралас сандарды азайту тәсілдерін үйренеді.
- Тапсырманы орындауда өзара жұптасып, топтасып жұмыс жасайтын болады.
І. Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін :
- олардың бүтін бөліктерінің айырмасын, бөлшек бөліктерінің айырмасын табу керек.
- бүтін бөліктерінің айырмасы мен бөлшек бөліктерінің айырмасының қосындысын аралас сан түрінде жазу керек
ІІ. Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін :
- аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
- бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары : (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру ( 3 минут)
1. Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу, топтастыру.
2. Оқушыларды топқа бөлу( 3 топқа бөлу)
ІІ. Менен сұрақ, сенен жауап (сұрақ -жауап) (4 минут)
1. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз ?
2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз?
ІІІ. Топтық жұмыс «Мәтінге шолу» ( 10 минут)
Әр топ оқулықтан өздеріне берілген мәтінді оқып топта талқылап баяндаушылары тақтаға шығып баяндайды.
І. Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін :
- олардың бүтін бөліктерінің айырмасын, бөлшек бөліктерінің айырмасын табу керек.
- бүтін бөліктерінің айырмасы мен бөлшек бөліктерінің айырмасының қосындысын аралас сан түрінде жазу керек.
Мысалы :
ІІ. Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін :
- аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
- бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек.
Мысалы :
ІІІ. Натурал саннан аралас санды азайту үшін натурал санды аралас сан түрінде жазу керек.
Мысалы :
ІV. Аралас саннан натурал санды азайту.
Мысалы :
ІV. Жұптық жұмыс (15 минут)
Оқулықтағы № 690-693 есептер
V. Жеке жұмыс « Тест » (10 минут)
Мұғалім екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды.
VII. Кері байланыс. Рефлексия. (Не үйрендім, не қиын болды) (3 минут)
Әр оқушы стикерге жазып тақтаға іледі