Мағжан Жұмабаевтың Сүйемін өлеңін талдау бойынша дидактикалық сабақ жоспары

Н. К. Баубекова
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, .
Сабақтың мақсаты: Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі
Білімділік: Ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі және шығармашылық жолымен танысу, «Сүйемін» өлеңінің идеясын ашу.
Дамытушылық: Оқушыларды ізденіске, өлеңнің мазмұнын ұғынуға, көркемдік ерекшелігін тануға баулу.
Тәрбиелік: оқушыларды адалдыққа, ұлтжандылыққа, шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, кітап көрмесі, кеспе қағаздар, кесте.
Сабақтың әдісі: іздендіру, талдау, кесте толтыру, түсіндіру, мәнерлеп оқу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Түгелдеу. Оқушыларды 3 топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру.
А) Ақын Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған тірек сызбаны толтыру, «Атаның әлдиі» өлеңін жатқа оқу.
Жаңа сабақ.
Мағжан - мәдениеті зор ақын. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық
қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі деп білемін.
М. Әуезов.
1. Мұғалімнің сөзі.
2. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға Мағжанның өмірімен танысуға 3 минут уақыт беріледі.
Тапсырма. 1-топ. Хронологиялық кесте толтыру.
2-топ.
«Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқу, тақырыбы мен идеясын анықтау.
Тақырыбы - туған жерді, ананы, сүйген жарды сүю.
Идеясы - оқырманды ананы қадірлеуге, туған жерді құрметтеуге баулу. Шынайы сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3-топ.
«Сүйемін» өлеңіндегі троп түрлерін табу.
Сабақты бекіту.
1-топ. «Топтастыру» стратегиясы. «Мағжан кім?»
2-топ. Сәйкестендіру тесті.
3-топ. «Сүйемін» өлеңі бойынша кесте толтыру.
Қорытынды:
Үй тапсырмасы:
- М. Жұмабаевтың өмірі және шығармалық жолымен танысу.
- «Сүйемін» өлеңін жаттау.
Бағалау. Бағалау парағының қорытындысы бойынша мұғалім оқушыларды бағалайды.