Емтиханға қалай дайындаламыз? 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Емтиханға қалай дайындаламыз?

Сабақтың мақсаты: Емтиханға алдын-ала қалай дайындық жасау керек және кеңес беру, талаптар мен міндеттер туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері: Білімділігі: Емтиханға дайындық туралы білімдерін тиянақтау, жүйелеу; оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым жаттығулары арқылы дамыту.

Дамытушылығы: Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелілігі: Емтиханға жауапкершілікпен қарауға, шығармашылыққа, ізденушілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Жаңа сабаққа дайындау.

Кезекші арқылы түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Белгілі күйші, сазгерлер» тақырыбы бойынша тұсаукесер, монолог, диолог дайындау (қалауынша) .

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты - Емтиханға қалай дайындаламыз? тақырыбына кеңес алу арқылы емтиханға алдын-ала дайындық жасау.

І. Ойтолғау . Тақырыпты ашу .

Менің атым - Маржан. 9 сынып оқушысымын. Тоғызыншы сыныптан кейін колледжге түссем деймін. Бір күні сынып жетекшім Айгүл апай: -Қай пәннен тапсырасың деп сұрақ қойды. Сол уақытта жауап бере алмадым. Ұзақ ойланып, ағылшын тілінен тапсыратынымды айттым. Бірақ қалай дайындалатынымды білмеймін -

ал балалар Маржан не туралы айтып отыр, қалай ойлайсыңдар. Әрине, емтихан туралы айтып отыр, олай болса бүгінгі тақырыбымыз «Емтиханға қалай дайындаламыз?».

Кіріспе «Емтихан бұрышы»

  1. Сөздікпен жұмыс

Қолайлы ыңғайлы удобный

Күлгін пепельный, серый

Белсенділік селсоқтық(ант) активность

Ереже қағида правило

Енгізу кіргізу вводить

Кезектестіру чередовать

Дәрумен витамин

Қобалжу абыржу волноваться

Шаршау қажу, жалығу уставать

  1. Талдау
  2. Синоним, антоним табу
  3. Сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру
  4. Дәптерге жазу
  1. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Емтиханға қалай дайындаламыз?

Емтихан латын тілінен енген, «сынау, байқау» деген мағына береді. Алғаш рет орта ғасырларда Еуропа университеттерінде қолданылған. Мәскеуде 1703 жылы мектепте өткізілді. Қазақстанда емтихан қабылдау алғаш рет Алтынсарин мектептерінде жылына 2 рет қабылданды. 1966-1967 оқу жылынан бері мектептерде сыныптан сыныпқа көшіру емтихандары өткізілетін болды.

Емтиханға дайындалу үшін:

  • Ең алдымен дайындалатын ыңғайлы жер даярла.
  • Бөлме интерьеріне сары мен күлгін түстерді енгізуге болады, себебі бұл түстер интеллектуалды белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түсті бір суретті іліп қою жеткілікті.
  • «Уақытты босқа өткізбе» ережесін үнемі есте ұста.
  • Дайындыққа бөлінген уақытты дұрыс пайдалануға тырыс.
  • Дайындық жоспарыңды жаса.
  • Дайындық пен демалысты кезектестіріп тұр, мысалы, 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс.
  • Барлық уақытта, әсіресе емтиханға дайындық уақытыңда өз денсаулығыңды күт. Бұл уақытта уақытылы және дәруменді тамақтармен тамақтану қажет.
  • Ішкі қобалжуларды, шаршағандықты басатын күнделікті жаттығуларды жасауды ұмытпа.

Мәтін бойынша сұрақтар:

1. Емтихан тапсырар алдында қандай тілектер айтар едіңдер?

2. Емтихан қай тілден енген?

3. Қазақстанда қай оқу жылдарында емтихан қабылданатын болған?

4. Емтиханға дайындық жасауда қандай талаптарды орындау қажет?

5. Ең алдымен не істеу керек?

6. Қандай ережені үнемі есте сақтау керек?

7. Жұппен диалог құрастыру.

8. Мәтіннен не түсіндіңдер, не білдіңдер?

9. «Қар кесек» емтиханға байланысты етістіктерді пайдалана отырып сөйлем құрау.

  1. Грамматика әлемі.

1-тапсырма. Дұрыс нұсқасын толтыру тесті.

1. Заттың білдіріп, деген сұраққа жауап беретін сөз табын деп атайды.

2 . Заттың , , білдіріп, деген сұраққа жауап беретін сөз табын деп атайды.

  1. Семантикалық кесте. (бір-бірімен алмасып дұрыс жауаптарын интерактивті тақтадан тексер, ешқандай қатесі жоқ оқушыға ғана бес қою)
Мысалдар

Дара

Күрделі

Негізгі

Туынды

Жалқы

Жалпы

Деректі

Дерексіз

Жанды

Жансыз

Мысалдар: Айдана
Дара:
Күрделі: +
Негізгі: +
Туынды:
Жалқы: +
Жалпы:
Деректі: +
Дерексіз:
Жанды: +
Жансыз:
Мысалдар: Емтихан
Дара: +
Күрделі:
Негізгі: +
Туынды:
Жалқы:
Жалпы: +
Деректі:
Дерексіз: +
Жанды:
Жансыз: +
Мысалдар: Ақыл
Дара: +
Күрделі:
Негізгі: +
Туынды:
Жалқы:
Жалпы: +
Деректі:
Дерексіз: +
Жанды:
Жансыз: +
Мысалдар: Дайындық
Дара: +
Күрделі:
Негізгі:
Туынды: +
Жалқы:
Жалпы: +
Деректі:
Дерексіз: +
Жанды:
Жансыз: +
Мысалдар: Қаламгер
Дара: +
Күрделі:
Негізгі:
Туынды: +
Жалқы:
Жалпы: +
Деректі: +
Дерексіз:
Жанды: +
Жансыз:
Мысалдар: Дәптер
Дара: +
Күрделі:
Негізгі: +
Туынды:
Жалқы:
Жалпы: +
Деректі: +
Дерексіз:
Жанды:
Жансыз: +
Мысалдар: Құрманғазы
Дара:
Күрделі: +
Негізгі:
Туынды: +
Жалқы: +
Жалпы:
Деректі: +
Дерексіз:
Жанды: +
Жансыз:
Мысалдар: Білгіш
Дара: +
Күрделі:
Негізгі:
Туынды: +
Жалқы:
Жалпы: +
Деректі: +
Дерексіз:
Жанды:
Жансыз: +

4. Семантикалық кесте. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Берілген сөздерге тиісті сын есім тудырушы және зат есім тудырушы жұрнақтарды жалғап жаз.

Мысалдар

-ма,

-ме,

-ба,

-бе,

-па,

-пе

-лы,

-лі,

-ды,

-ді,

-ты,

- ті

-қы,

-кі,

-ғы,

-гі

-шы,

-ші

-қыш,

-кіш,

-ғыш,

-гіш

-қор,

-паз

-ым,

-ім,

Мысалдар: Тапсыр
-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе: +
-лы,-лі,-ды,-ді,-ты,- ті:
-қы,-кі,-ғы,-гі:
-шы,-ші:
-қыш,-кіш,-ғыш,-гіш: +
-қор,-паз:
-ым,-ім,-м:
-и:
Мысалдар: Біл
-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе:
-лы,-лі,-ды,-ді,-ты,- ті:
-қы,-кі,-ғы,-гі:
-шы,-ші:
-қыш,-кіш,-ғыш,-гіш: +
-қор,-паз:
-ым,-ім,-м: +
-и:
Мысалдар: Өнер
-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе:
-лы,-лі,-ды,-ді,-ты,- ті: +
-қы,-кі,-ғы,-гі:
-шы,-ші:
-қыш,-кіш,-ғыш,-гіш:
-қор,-паз: +
-ым,-ім,-м:
-и:
Мысалдар: Күз
-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе:
-лы,-лі,-ды,-ді,-ты,- ті:
-қы,-кі,-ғы,-гі: +
-шы,-ші:
-қыш,-кіш,-ғыш,-гіш:
-қор,-паз:
-ым,-ім,-м:
-и:
Мысалдар: Еңбек
-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе:
-лы,-лі,-ды,-ді,-ты,- ті:
-қы,-кі,-ғы,-гі:
-шы,-ші:
-қыш,-кіш,-ғыш,-гіш:
-қор,-паз: +
-ым,-ім,-м:
-и:
Мысалдар: Ғылым
-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе:
-лы,-лі,-ды,-ді,-ты,- ті:
-қы,-кі,-ғы,-гі:
-шы,-ші:
-қыш,-кіш,-ғыш,-гіш:
-қор,-паз:
-ым,-ім,-м:
-и: +
Мысалдар: Бас
-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе: +
-лы,-лі,-ды,-ді,-ты,- ті: +
-қы,-кі,-ғы,-гі:
-шы,-ші: +
-қыш,-кіш,-ғыш,-гіш: +
-қор,-паз:
-ым,-ім,-м:
-и:
Мысалдар: Оқыту
-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе:
-лы,-лі,-ды,-ді,-ты,- ті:
-қы,-кі,-ғы,-гі:
-шы,-ші: +
-қыш,-кіш,-ғыш,-гіш:
-қор,-паз:
-ым,-ім,-м:
-и:


5. Сергіту сәт. «Қызықты сұрақтар»

1. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала?

2. Құрманғазының белгілі күйлері?

3. Қазақстанның бас қаласы?

4. Мектеп неше қабатты?

5. Қазақ тілі кабинеті нешінші кабинет?

6. Күріштің Отаны?

7. Ормансыз адам . . . . . . . .

8. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

9. Бесінші сөз табы?

10. Бүгінгі тақырып не туралы?

11. «Ұзын» сөзіне антоним?

12. Үнді дауыссыз дыбыстар?

13. Сын есім тудырушы жұрнақтар?

14. «Емтихан» қай тілден енген сөз?


Ұқсас жұмыстар
Өткізілген уақыты
10 санының құрамы туралы
Ұбт-ға дайындық. психологиялық тренинг
Менің досым. Сабақтың тақырыбы
Шынымды айтсам топтық жаттығулар
Құрметті ата - аналар
Сатурн аялдамасының тапсырмасы
Линзаларда кескін салу
Информацияны оқу құрылғысы
Педагог-психолог, 2013-2014 жылдық есеп
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz