Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдік белгілері және оларды есептерде қолдану

Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің математика пәні мұғалімі
Абишев Жумабек Абдраманович
Сабақтың тақырыбы : Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері
Мақсаты:
- білімділік : тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігін дәлелдей білуі және оларды есептер шығаруға қолдана білуі
- дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
- тәрбиелік: өздерінің алған білімдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Презентация, үлестірме қағаздар
Күтілетін нәтиже:
теоремаларды дәлелдей білуі және оны есеп шығаруға қолдана білуі керек
Сабақ барысы :
- Ұйымдастыру
- Өткен тақырыптарға шолу
- Жаңа сабақ /презентация/
- Сабақты қорытындылау, бағалау
- Үйге тапсырма беру
Сұрақ - жауап / өткен тақырыптарға шолу/
- Үшбұрыш дегеніміз не?
- Қандай үшбұрыш тік бұрышты үшбұрыш деп аталады?
- Элементтерін атаңыз?
- Үшбұрыштар теңдігінің 3 белгісін еске түсірейік?
Сабақ мазмұны:
Жаттығу жұмыстары: / ауызша/
1 - есеп: 2 - есеп:
3 - есеп:
Берілгені: ∆АВС тік бұрышты үшбұрыш, <А=35 0 , <С=90 0 , табу керек <В-?
Шешуі: < В+<А+ <С =180 0 , <В=180 0 -125 0 =55 0 , жауабы: <В=55 0
4 - есеп:
Берілгені: ∆АВС тік бұрышты үшбұрыш, <А=<В+20 0 , <С=90 0 , табу керек <А-?, <В-?
Шешуі: <С+<В+<В+20 0 =180 0 , 90 0 + <В + <В +20 0 = 180 0 → 2<В = 180 0 - 110 0 , 2<В = 70 0 , <В = 35 0 , <А = 35 0 + 20 0 , жауабы : <А = 55 0 , <В = 35 0
5 - есеп:
Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 45 0 Катеттерінің қосындысы 36 см-ге тең болса, олардың әрқайсысы неге тең болады?
Шешуі: Үшбұрыш тең бүйірлі болғандықтан 36см : 2 = 18см, жауабы: 18см, 18см.
6 - есеп:
Берілгені: ∆АВС тік бұрышты тең бүйірлі үшбұрыш <А = <С = 45 0 , АС + ВД = 12см, табу керек : АС - ? В
Шешуі : АС = АД + ДС, Тең бүйірлі болғандықтан АД = ДС = ВД, АД + ДС + ВД = 12см, А C
D
АД=ДС=ВД=12:3=4см, АД=4см, ДС=4см, ВД=4см → АС=8см.
7 - есеп:
АВС және А 1 В 1 С 1 тік бұрышты үшбұрыштарында : <А = <А 1 = 90 0 , АВ =А 1 В 1 = 3см, АС = А 1 С 1 = 4см, ВС = 5см, табу керек: В 1 С 1 -?
Шешуі: 1-ші белгі бойынша ∆АВС = ∆А 1 В 1 С 1 → В 1 С 1 = 5см . жауабы: 5см
Бекіту : Тест жұмысы:
Үйге тапсырма : Оқу §2. 3 /53 - 55беттер/ №171, №174