Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Қыстырма сөздер. театр, кинотеатрдағы жағдай арқылы сөйлеу

Сабақ жоспары
Тақырып: Қыстырма сөздер. Театр, кинотеатрдағы жағдай арқылы сөйлеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ(қолданылатын әдіс-тәсілдер:дәріс, семинар,кеңес, практикум, экскурсия, шығармашылық жұмыс қорғау,бақылау жұмысы,курстық жоба, зертханалық-тәжірибелік сабақ және т.б.)
Сабақтың типі: аралас сабақ(жаңа тақырып;білім,білік,дағдыны жетілдіру,дамыту; білімді жинақтау және жүйелеу;білім,білік,дағдыны бекіту;аралас сабақ,өздік жұмыс,тәжірибелік жұмыс орындау сабағы және т.б.)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.
Міндеттері:
1.Білімділік: Жалпы театр, оның ішінде Қазақ театры туралы алған білімдерін жетілдіріп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету; Қыстырма сөздердің жасалу жолдары, қолдануына байланысты түрлерін ажырата алу, тілдік қарым-қатынаста қолдана білу. Сөздік қорын молайту. (таныс-тыру;анықтама беру,түсіндіру, әр түрлі карталар мен сызбаларды түсініп оқуға үйрету; танымдық белсенділігін арттыру;)
2.Дамытушылық:Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау; дүниетанымын кеңейту, сауатты жазуға, интерактивті тақтада белсенді жұмыс жасай алуға баулу. (сараптай білу, салыстыра білу,негізгіні табу қабілеттерін дамытуды жалғастыру;себеп-салдарлы байланыс орнату;мысал келтіру;әдебиетпен,картамен,сызбамен,кестемен жұмыс істей білуді қалыптастыру және т.б.)
3.Тәрбиелік:Қазақ театр өнерінің шеберлерін қадір тұтуға, өз заманымыздың озық ойлы, кең өрісті, мәдениетті азаматын тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:әдебиет, орыс тілі, мәдениеттану, тарих.
Оқыту әдістері: шығармашылық ізденіс, сын тұрғысынан ойлау әдістері, баяндау, сұрақ - жауап. Сабақты толық меңгеру үшін дамыта оқыту, ақпараттық, модульдік технологияларды қолдану.(ауызша: әңгімелеу,хабарлау,дәріс,кітаппен жұмыс,пікірталас) көрнекілік: көрнекі құралдарды көрсету, көрнекі құралдарды дайындау әдісін,бейне материалдарды орындау техникасын үйрету, жұмыс істеу әдістерін көрсету және т.б.) тәжірибелік:тапсырмалар,жаттығулар орындау;тәжірибелік жұмыстар,жобалар жасау, орындау)
Сабақты жабдықтау: интерактивті тақта, слайдтар, бейнеролик, дыбыстық қондырғылар (құлаққап,аудиоплеер, дербес компьютер, <<Диалог>> лингво қондырғысы). (кесте қағаздар,аудио және бейне материалдар,көрнекіліктер)
Әдебиет:
Интернет жүгінгіштер:soyle.kz

Күтілетін нәтиже:
* Жаңа сабақтың негізгі тақырыбын біліп, түсіну.
* Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алу.
* Лексикалық тақырыптың мән-мазмұнынан ғибрат алу.
* Грамматикалық тақырыпты түсіну арқылы сауатты жазу, ойын еркін жеткізе алу, тілдік қарым-қатынасқа түсу.
Сабақ барысы
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу;
- Оқушыны түгендеу;
- Кезекшінің рапорты;
- Сабақтың тақырыбын айқындау (слайд түрінде берілген сөзжұмбақты шешу арқылы, сөздік жұмысы да осы арада жүргізіледі - жасырын сөздер: сахналық кейіпкер - сценический персонаж, театр ғимараты - здание театра, шымылдықты ашу - открыть зановес, театр маусымы- театральный сезон);
- Сабақтың тақырыбын өткен сабақтың тақырыбымен байланыстыру арқылы сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтап беру;
- Сабақ барысында атқарылатын жұмыстардың түрлері мен ретімен таныстыру. (10 мин)

ІІ. Негізгі кезең:1. Үй тапсырмасын тексеру;
- Топ студенттері өткен тақырып бойынша өздері таңдаған Қазақстан жұлдыздары туралы мәлімет береді;
- Бір оқушы Қазақстан жұлдыздары туралы слайд жасап келеді;
- Бір оқушы сүйікті әнші жұлдызының өлеңін айтады (15 мин).
1. Кіріспе сөз
- Оқытушы өткен сабақтың тақырыбымен жаңа сабақ тақырыбы арасындағы байланысты, жалпы театр туралы, оның ішінде қазақ театры жөнінде қысқаша мағлұмат береді. Сондай-ақ тақырыпты ашу барысында сұрақ-жауап, ой-түрткі әдістерін қолданады. Ол жалпы театр әлемі туралы, кинотеатрлар туралы не білесіңдер?, не айта аласыңдар? - деген жалпылама сұрақтар болады (10 мин).
Қосымша мәлімет ретінде мұғалім аудиотаспадан <<Өнернама>> бағдарламасынан алынған Асанәлі Әшімовпен жүргізілген сұхбаттан үзінді беріледі. Бұл аудиотаспа құлаққап арқылы тыңдалады. Тыңдалым арқылы студенттер түсінгендерін, есте сақтағандарын айтып беруі тиіс. (20 мин)
2. Грамматикалық тақырып - Қыстырма сөздер.
Сөйлемдегі ойға, айтылу мәніне жазушының, сөйлеушінің көзқарасын білдіретін оқшау сөздің түрін қыстырма сөз дейміз. Мысалы: біздің ойымызша, биылғы жыл табысты болмақ. Театр актерлері үшін, әрине, көп жағдай жасау керек.
Қыстырма сөздің ерекшеліктері:
* Айтушы, жазушы өз көзқарасын білдіреді.
* Басқа сөздерден оқшауланып, ерекше интонациямен айтылады.
* Қыстырма сөз болып модальды сөздер және сөз тіркестері жұмсалады.

Жаңа сөздермен жұмыс.(өзім оқимын, бір оқушы оқиды, кейін хормен оқимыз)Жаңа сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем құрастыру (сахналық кейіпкер - сценический персонаж, театр ғимараты - здание театра, шымылдықты ашу - открыть зановес, театр маусымы- театральный сезон).<<Қыстырма сөздер>> тақырыбымен жұмыс:Берілген қыстырма сөздермен сөйлем құрастырып жаз.Шынында, мүмкін, меніңше, бақытымақарай,сөйтіп.3. Мәтінмен жұмыс (<<Қазақ тілінен жұмыс дәптері>> - 150 бет) :Қазақ театры туралыТеатр ойын - сауық орны. Мұнда ойын - сауықтан басқа драмалық шығармалар, мәдени шаралар да өтеді. Театр ең алғаш Грецияда ашылған.Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт - дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын - сауықтар, ақындар айтысы, т. б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған.Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын труппалар құрып, ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) М.Әуезовтің <<Еңлік - Кебек>> трагедиясы тұңғыш рет қойылды.Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13 - де М. Әуезовтің <<Еңлік - Кебек>> трагедиясымен ашылды.Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н. Бекежанов атындағы облыстық театр ғимараты тұр.Бұл күнде Қазақстанның барлық облыс орталықтарында драма театрлар ашылды. Соңғы жылдары театр репертуары байи түсті.Тапсырмалар:А1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аудар.А2. Сұрақтарға жауап бер.1. Театр деген не?2. Тұңғыш музыка театры қашан ашылды?3. 1934 жылықандай театр ашылды?В1. Диалогтардытүсініпоқы, досыңменсөйлес.В2. Мәтіндіоқып, өзсөздерменәңгімеле.С1. Мәтінге 6 сұраққұрастырып, жаз.
Бекіту жұмыстары:
<<Актерлік шеберлік>> ойыны
* Анасын 8 Наурыз мерекесімен құттықтап жатқан бала
* Ұялы телефонының қайда шырылдап жатқанын білмей жүрген қыз.
* Ғашық жүрек.
* Жауға шауып келе жатқан жауынгер.
* Ән салып тұрған әнші қыз.
* Театрда спектакльді қызықтап отырған адам.
<<Іші-сырты>> стратегиясы бойынша флипчартпен жұмыс.

2. Пысықтау сұрақтары:
* Балалар, бүгін біз қандай тақырып бойынша сабақ өттік?
* Өздеріңе қандай әсер қалдырды бұл сабақ?
* Сендерге сабақ ұнады ма?
* Несімен ұнады?
* Несімен ұнаған жоқ?
* Келесі сабағымыздың қалай өтетінін қалар едіңдер?
ІV. Үй тапсырмасы:Сөздікті, ережені жаттап алу.Қазақ театры туралы мазмұндау.Біздің облыс театрлары туралы мәлімет жазып келу.V. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Оқшау сөздерге байланысты қойылатын үтір
Қыстырма сөз
Театырландырылған қойлымдар арқылы балалардың тілін дамыту
Оқшау сөздер. Оның түрлері туралы ұғымды меңгерту
Оқшау сөздер. 8 сынып
Қазақ киносының атасы
Тіл құнарлы ырғақты дамыған қарапайым сөйлеу тілі жергілікті сөйлеу тілі әдеби тіл
Алтын сандық
Шешендік сөздердің түрлері
Оқшау сөздер
Пәндер