Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
Қарағанды облысы
Жезқазған қаласындағы
Жалпы білім беретін № 10 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі.
Тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі.
Мақсаты:Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып,қосымша мәліметтер бере отырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге үйрету.
Көрнекілігі: тамақтану туралы сөздер, ережелері, плакаттар, қызықты тапсырмалар т. б.
Барысы: Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет.
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық - гигиеналық нормаға сай болуы.
Ән <<Балдаурен-шаттық кезім>>
<<Ас - адамның арқауы>>Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор.Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек.Сонымен бірге жеміс жидектерді көбірек жеген жөн.Жеміс - жидектердің құрамында, адам денсаулығына қажеттідәрумендер өте көп. Және тағы шамадан тыс көп тамақтануда зиян.
Сұрақтар:1. Жеміс - жидектерді жемес бұрын не істеу керек?2. Тамақтану алдында не істеу керек?1- оқушы.Ас адамның арқауы,Тамақты ішкін күнде сен.Деген сөз бар ежелден,Белгілі бір мезгілде,Бойға сіңіп тарқауы.2- оқушы.Тойып ішсең қаншама,Ауырасың соншама.Асқазанды бүлдірсең,Жазылмас қанша күн жүресің.3- оқушы.Дәрумендер тірегің,А, В, С, Д, Е - деп аласың.Жетіспесе бірі оның,Ауырып сен қаласың.А - қажет көзіңе,В - жүйкені тоғайтар,С - дан микроб безінер.Д - сүйекті нығайтар.
Сауалнама:1. Нансыз тамақ ішесің бе?2. Қандай көкөністерді күнделікті жейсің?3. Қандай жемістің шырынын ішесің?4. Күніне неше рет сүт ішесің?5. Сен балықты жақсы көресің бе?6. Шайға қантты көп саласың ба?
Қазақша би 3 <<Б>> сыныбыДәрумендер айтысы.А дәрумені:Менің бойымда сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сары майда болады.В дәрумені.Мен бірнеше топқа бөлінемін. В1 В 2 В6 В12.Менің құрамымда бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, балық, көкөністер кездеседі.С дәрумені:Менің құрамымда қызанақ, пияз, картоп, капуста жеміс - жидектер толы.Д дәрумені:Өте пайдалымын. Менің құрамымда сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы жұмыртқа толы.Е дәрумені:Мен күнделікті пайдаланатын тағамдардың ішіндегі өсімдік майында көп болады.Дәрігер:Дәрумендер сендер таласпаңдар. Сендер бәрің де қажетсіңдер.Дәрумендердің арқасында денсаулығымыз мықты болады.4- оқушы.Сонымен бірге денсаулықтың бір дауасы таза ауа.Денсаулықтың дауасы.Даланың ауасы,Көк өзен, күмбез тау.Ну орман ағашы.5-оқушы.Су табиғат байлығы,Өзен - көлге барғайсың.Кемі екі рет әр күніСуға түсіп алғайсың
Ән <<Атамекен>>Көрініс: Тісім ауырып барады.
Қоян.Ой, тісім қақсап барадыЖанымды қоярға жер жоқМұғалім.Балалар, қараңыз мына бір сұмдықтыҚоянға не болған?Қоян жылама, жылама.Қасқыр.Не болды жасырма, айтшы өзіңНеліктен ісінген бас - көзіңҚоян.Енді не істеймінТісімнің ауырғаны қоймай тұр.Қасқыр.Онда дәрігер шақырайықДәрігер дәрімен емдейдіАуырса адамды, аңды да емдейдіКәдімгі мейірімді дәрігерШақырсақ қалай келмейді.Дәрігер.Кәне аузыңды аш көрейінКәмпит жесең көбірекТісің жүрер мазалапНе жесең де күнінеЕкі рет жу тазалапҚоянға ұқсап тістерің ауырмас үшінТістеріңді күнде жуып күтіп жүріңдер.
Жұмбақтар шешу.1. Одан кір қорқадыСудан бұл қорқады. (сабын)2. Дәмі де жоқ, түсі де жоқПайдаланбас кісі жоқ. (су)3. Жуынып болғандаЖүреді қолында. (орамал)4. Түйістіреді көзіңді көзіңеЖолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)5. Қалтамда жатырТістері бар батыр. (тарақ)Бәтеңкесін, пальтосынӨзі кие білмейдіБұл баланы кім дейді? (жалқау)Көзінен жас кетпейдіБалалардан шеттейдіБұл баланы кім дейді? (жылауық)Шықпай жатып көшегеҮсті басы кірлейдіБұл баланы кім дейді? (салақ)
Мұғалім:Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?Әрине, Денсаулық.
6-оқушы.Ей болашақ ұланым!Болашағы қазағымныңСендерсің деп білемін.Балғын жас болашақ,Мен сендерге сенемін.7- оқушы.Салауатты өмір салтын қолдайық,Әдеттен жаман, аманда аулақ болайық.Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар.Су ішпеген гүлдей болып солмайық.8-оқушы.Салауатты өмір салтын сақтаңыздар.Егеменді ел сенімін ақтаңыздар.Денсаулық - зор байлығы адамның.Ізгі жандар, текті ұрпақты баптаңыздар.
Қорытындылау:
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?(Денесін, беті - қолын киімін әрдайым таза ұстаукерек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)2. Адам денсаулығына пайдалы жемістер мен көкөністерді ата.3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz