Сан есімдерді қайталау сабағы: сабақ жоспары мен әдістемелік тапсырмалар

1 006 Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі

Құмарова Құралай Тұрғалиқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау

Мақсаты:

А) Білімділік: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін практикалық,

жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы бекіту. Сан есім,

мағыналық түрлері, құрамына қарай бөлінуінен алған

білімдерін бақылау;

Ә) Дамытушылық : Сан есім, сан есімнің емлесі туралы білік дағдыларын

дамыту;

Тәрбиелік : Сан есімдерді жаттығу жұмысы кезінде, басқада уақыттарда

мағынасына, құрылысына қарай ажырата білуге тәрбиелеу;

Түрі: Қайталау, білімді бекіту;

Типі: Дәстүрлі емес;

Қолданылған технология : Сын тұрғысынан ойлау;

Әдісі: Сұрақ - жауап, топтастыру, фонетикалық талдау, шығармашылық

жұмыс, семантикалық карта, сәйкестендіру тестісі;

Пәнаралық байланыс : Математика

Көрнекілігі : Оқулық, бор, тақта, сан есім туралы плакат, интерактивті тақта;

Сабақтың жүру барысы :

І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын, оқу құралдарын тексеру, жаңа сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ. Жаңа сабақтың мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру.

ІІІ. Сыныптағы оқушылардың білімге құштарлығын арттыру мақсатында жақсы аура, көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру үшін психологиялық тренинг жүргізу.

І. «Қызығушылықты ояту»

Көбейту кестесін кім жақсы білсе, бүгінгі сабақтың тірек сөзін, яғни тақырыбын табады.

  1. 8 х 10 = сексен
  2. 2 х 3 = алты
  3. 2 х 5 = он
  4. 5 х 10 = елу
  5. 9 х 10 = тоқсан
  6. 2 х 1 = екі
  7. 100 х 10 = мың

Шыққан сан есімдер мағынасына, құрамына қарай қандай сан есімдер?

с
е
к
С
е
н
с:
е: А
к: л
С: т
е: ы
с: о
е: Н
к:
С:
е:
Е
л
у
: т
Е: о
л: қ
у: С
а
н
:
Е: е
л: к
у: І
:
Е: М
л: ы
у: ң

Сонымен бүгінгі сабағымыз сан есім туралы болмақ.

ІІ. «Мағынаны тану» Оқулықпен жұмыс.

182 - жаттығу. Берілген сан есімдерден реттік, жинақтық, болжалдық сан есім жасап, сөзбен жазу.

Жеке оқушымен жұмыс.

183 - жаттығу.

Дара сан есімді бір оқушы, күрделі сан есімді бір оқушы бөліп жазу.

Сәйкесін тап!

Бір асым тұз

Бір ұрттам қамыр

Бір жайым сөз

Бір ауыз су

Бір шымшым ет

Бір үзім қазы

Бір елі нан

«Қызықты сөздер» Тез тауып, ұйқасын айт .

К + 2 + Л =

К + 3=

Қ + 10 + АҚ =

КҮ + 1=

5 + ІК =

Өздерің қалаған бір сөзге дыбыстық талдау жасау.

Рефлексия. «Өзімді өзім сынаймын»

1. Сан есім дегеніміз не?

А) Заттың сынын білдіреді

Ә) Заттың сапасын білдіреді.

Б) Заттың санын білдіреді.

2. Сан есімнің сұрақтары

А) кім, не

Ә) қандай, қай,

Б) қанша, неше

3. Күрделі сан есімді көрсет.

А) мың; ә) он бір; б) тоғыз;

4. Оңға қарай оқысаң да, солға қарай оқысаң да бір сан есім болады.

А) сексен; Ә) қырық; Б) екі;

5. Қосарланған сан есімді анықта.

А) он үш; Ә) жиырма бес; Б) бес - бестен;

6. Реттік сан есімнің жұрнағын тап.

А) - лап, - леп; Ә) -ншы, - нші; Б) - дай, - дей;

7. Жинақтық сан есім бола алатын қатарды көрсет.

А) 1, 2, 5, 3, 6; А) 1, 8, 0, 9, 11; Б) 6, 9, 12, 20, 0;

8. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді.

А) 3; Ә) 7; Б) 6;

9. Болжалдық сан есім жасайтын сөздер.

А) жуық, тарта, таман; Ә) шейін, дейін, кейін; Б) мен, бен, пен;

10. Болжалдық сан есім жасауға қатысатын жалғау түрі.

А) тәуелдік; Ә) жіктік; Б) көптік;

Дұрыс жауаптары.

  1. Б; 2. Б; 3) Ә; 4) Ә; 5) Б;

6) Ә; 7) А 8) Б; 9) А; 10) Б;

Сергіту сәті.

  1. Мұз айдында жеті бала

Асыр сап жүр сырғанап,

Сырғанамай екі бала,

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы баланың

Санын айтсаң, жарадың.

  1. Екі аяқ пен екі қол

Бір ауыз бен бір тілің

Нешеу болад, қане, бол,

Санап шығар кім бұрын?

  1. Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті біреуі

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі

Тұр әлі де ілініп,

Тағы оның нешеуі?

ІІІ. Ой толғаныс.

Желтоқсан айында қандай атаулы күндер бар? Сан есімдер пайдаланып жазыңыздар.

Семантикалық кестемен жұмыс.


Ұқсас жұмыстар
Сан есімдерді қайталау: сабақ жоспары мен тапсырмалары
Жедел өткен шақ пен сан есімдерді қайталау: сабақ жоспары мен жаттығулар
Шуақты көктем: сан есімдерді қайталау және бекіту
Сан есім (қайталау): оқу-әдістемелік сабақ жоспары
6-сынып қазақ тілі: Сан есімдерді қайталау және жинақтау
Дара және күрделі сан есімдер: сабақ жоспары мен әдістемелік тапсырмалар
6-сынып: Сан есімдерді қайталау (киелі сандар арқылы) - сабақ жоспары
Дара және күрделі сан есімдер: сабақ жоспары мен оқу-әдістемелік тапсырмалар
Қазақ тілінде сан есімдерді оқыту: әдістемелік құрал
Сабақ жоспары: Сан есім - экологиялық ертегі форматындағы қайталау сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz