6-сыныпта рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану

Т. А. Алдамұратова, В. И. Тупаева, Г. П. Жетпісбаева Математика дидактикалық материалдар, оқыту әдістемелік кітапшасы.
9-15 беттер
1. Таңбалары әр түрлі сандарға амалдар қолдануды меңгереді.
2. Өз беттерінше есептер шығара білуге қалыптасады.
3. Сандар жөніндегі білімдерін кеңейтеді.
Сәлемдесу.
Ұйымдастыру.
Топқа бөлу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Балалардың назарын сабаққа аудару.
Сынып тақырыпқа сәйкес топқа бөлінеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Миға шабуыл. Өткенді еске түсіру.
1. Топ атын қорғау.
2. Әр топқа «Сақина ойыны» беріледі.
Сұрақтарға жауап береді.
Сақинадағы белгісіз сандарды дөңгелекшелерге қойып, есептеп табады. Әр топ бір-бірін бағалайды. Жауаптардың дұрыстығы тексеріледі, топ аралық бағалау жүргізіледі. «Бағдаршам» стратегиясы қолданылады.
1. Тапсырмаларды топтарға бөледі, постер таратады. Жалпы топтарға сабақтың тақырыбына сай эссе жазу тапсырылады.
1-топ: Ертегі құрастыру
2-топ: Табиғатпен байланыстыру
3-топ: Күнделікті тұрмыста қолданылуы
1. Рационал сандарды қолданып, ертегі жазады, суреттейді.
2. Сабақ тақырыбына сай мысалдарды табиғат құбылыстары арқылы жазады, суреттейді.
3. Күнделікті өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.
Бағалау «Бағалау критерийі» бойынша жүргізіледі.
2. Әр түрлі есептерді топтарға бөліп беріп, постер таратады.
1-топ :
1. Амалды орындаңдар:
2. Шаршының қабырғасы АВ. Оның ұштары А(-3, 4), В(5, 6) . Шаршының ауданын және периметрін табыңдар. Бірлік кесіндіні 1 см деп алыңдар.
2-топ :
1. Теңдеуді шешіңдер:
2. Шеңбердің центрінің координатасы О(-3) - тең. Шеңбер координаталық түзумен В(1) және С(-7) нүктелерінде қиылысады. Шеңбердің ұзындығын, дөңгелектің ауданын табыңдар.
3-топ:
1. Өрнектің мәнін табыңдар:
, мұндағы a= -2, в= -1
2. Шеңбердің центрі координаталық түзуде 3-те орналасқан: О(3) . Егер шеңбер диаметрі 8-ге тең болса, шеңбер координаталық түзуді қандай нүктелерде қиып өтеді.
Жұмыстың орындалуын қадағалайды, бағыт береді.
Әрбір топ берілген есептерді
шығарады, түсіндіреді.
Постерде орындаған жұмыстарын тақтаға іліп, қорғайды. Топ аралық бағалау болады.
Есептер құрастыру.
Төле би атындағы №8 гимназия
Тақырыбы:
«Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану»
Пән мұғалімі: Калабаева Э. Б.