Мерекелік тәрбие сағаты: Анаға деген махаббат пен бала-ана қарым-қатынасын нығайту

Тақырыбы: Айналайын, ақ анам! Мақсаты:1. Жанұядағы анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. 2. Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 3. Адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: « Көктем-ана, қыздар-гүл» қабырға газеті, нақыл сөздер, балалардың шығармашылық жұмыстары. Сынып шарлармен, гүлдермен безендіріледі. Сабақтың барысы. І Ұйымдастыру бөлімі. ІІ Кіріспе сөз. Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі мерекелік тәрбие сағатымыз «Айналайын, ақ анам» депаталады. Ана, ана, ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Балалар, өмірде ең жақын кім? (Ана) Ананың баласы үшін қай жері ауырады? (жүрегі) Ана мерекесінде нағыз анаға деген сыйлық не деп уәде бересіздер? Хор: Біз тәртіпті, білімді, еңбекқор боламыз! Ана кім? деген сұраққа жауап беру арқылы сызба құрастырылады Ақылшы дос өмір сыйлаушы Ана қамқоршы пана ұстазАнаның тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? -Неге теңізге теңейді? (өйткені теңіз терең, сол сияқты ананың да тілі, тілегі махаббаты шексіз терең! - Осы жолдағы ананың тілі ананың махаббаты деген тіркестерді қалай түсінеміз? Баласын жақсы көру. Ананың махаббаты Ерекше нәзік сезімі Балаға жүрек жылуы Баласын жақсы көру Ананың тілі Еркелете сөйлеуі Баласын жақсы көруі Мейірге толы сөз Жылап уанбай, шырылдағанда кімді іздейсің? (ана) -Дүниеде не қымбат? (ана) -Ана неден қымбат? (бәрінен) -Анаға деген махаббат қай күнінен басталады? (құнтақта жатқан кезде) -Анаға деген сөздің өзі ыстық дейді. Себебі ана деген бойға жылу раратады. Сондықтан да ыстық. Сол себепті де «Ана дегенде толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!» дейді. Толқымайтын жүрек. -Адам жүрегі қай кезде толқиды? (қуанғанда, шаттанғанда) Толқымайтын жүрек Ана деген ыстық сөз Ол бойға жылу таратады Жылуды жүрек сезеді Толқу пайда болады. «Тасымайтын қан» тіркесті тура мағынада алып қарамауымыз керек. Шын мәнінде қан тасымайды. Не тасиды? (су тасиды) Ол неге тасиды? (Суы көбейген соң көптігінен тасиды)

Молшылық Күштілік Тасу

Сол себепті адам бойында анасына деген махаббаттың молшылығынан, күштілігінен «қан тасиды» екен. Жүрек толқығанда, қан тасығанда адамның ішкі жан дүниесін шаттық сезім пайда болады.

Жүрек толқуы Қанның тасуы Шаттық сезім

Үш тіркестің берер мағынасы біреу. Яғни баланың анаға деген шексіз махаббаты.

1. Әлпештеген, аялаған Ақ сүт берген апатайым, Сәлем жазып бүгін саған, Мейрамыңмен құттықтаймын. 2. Кім сендерді, балалар, сүйетұғын. Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын. Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын. 3. Кім сендерді, балалар тербететін, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдетемін 4. Бойға қуат береді Әй жарайсың дегені Мен анамнан әр кезде Соны естігім келеді. 5. Сабағымнан қалмайтын, Бес аламын бәрінен. Озат оқып әрдайым, Қуантамын анамды. 6. Ойнаймыз, күлеміз Жарқылдап жүреміз Ананы сыйлаймыз Айтқанын тыңдаймыз. 7. Қамқорсың ана өмірде, Қуатым сенсің көңілге. Әлпештеп мені өсірдің, Ұшармын ертең көгіңде. 8. Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам, Анашымды күнге ғана балсам Жер бетінде ең жақыным өзіңсің, Мәпелейсің, аялайсың әрқашан.


Ұқсас жұмыстар
Ата-аналарға арналған ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту семинар-тренингі
5 сынып тәрбие сағаты: Анаға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу
Тәрбие сағаты: Ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеу
8-сынып ата-аналар жиналысының СТО жобасы арқылы әзірленген сценарийі: ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту
1-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Аяулы аналар - анаға деген құрмет пен махаббатты тәрбиелеу
Тәрбие сағаты: Анаға құрмет пен ұлттық тәрбие арқылы ата-анамен мектеп байланысын нығайту
Тәрбие сағаты: Жанұядағы әке рөлі және бала мен әке арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Мектепалды даярлық топтарында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту тренингі
Мен және жанұям: ортаңғы буын оқушыларының ата-аналарына арналған тренинг - ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Анаға арналған тәрбие сағаты мен мерекелік кеш: отбасы және аналық құндылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz