Су: қасиеттері, күйлері және тіршілік үшін маңызы

Сабақтың тақырыбы : Су. Судың қасиеті

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі: Оқушыларға судың қасиеті, тіршілік үшін маңызы,

табиғаттағы таралуы жөнінде түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ізденушілік - зерттеушілік

әрекеттерін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыру,

суды қорғау, тазалықты сақтау сияқты адамгершілік

қасиеттерін дамыту. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтағы көрнекі - құралдар : интерактивті тақтамен слайдтар көрсетіледі:

судың бейнесі, түрлі ыдыстардың суреттері

Сабақтың түрі : Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі : әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрсету (слайд)

Сабақтың жүрісі :

Ұйымдастыру, қызығушылықты арттыру

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Себебі бүгін бізге қонақтар келді.
  • Олай болса өз білімдерімізді көрсетелік.
  • Үйге қандай тапсырма берілді?
  • Ауаның қасиеті, маңызы

Үй тапсырмасын сұрау

  • Ауаның қасиеттерін атап шығу. Ауаның маңызы тақырыбынының мазмұнын сұрау;
  • Слайдтан атап көрсету;
  • Ауа туралы өз ойымызды қорытындылау;
  • Мынау ненің дауысы?
  • Судың
  • Сонда бүгінгі жаңа сабағымыз не жайында болмақ?
  • Су. Судың қасиеті жайында болмақ

Сабағымызға қатынысып отырған ұстаздарға оқушылардың Қайырлы күн тілеуі.

Жаңа сабақ:

«Су - тіршілік нәрі» ұғымын қалай түсінесің? (мағынасын ашу)

Слайдтан судың адам өмірінде алатын орны жайында көрсету.

Енді судың негізгі қасиетіне тоқтала кетсек;

Су - түссіз, оны тәжірибе жасау арқылы көз жеткіземіз.

  1. тәжірибе: Шыны ыдысқа сүт, екінші шыны ыдысқа су құй. Екеуін салыстыр. Сүт - ақ, су -түссіз.
  2. тәжірибе: Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құй. Олардың ішіне қасық сал. Қайсысындағы қасық анық көрінеді? Неге?

Бұдан шығатын қорытынды: су- түссіз, мөлдір, иіссіз .

  1. тәжірибе: кесеге, шыныға, стаканға су құй. Осы ыдыстардағы судың пішініне қара. Су қандай пішінге ие болды?Әрбір құйылған ыдыстың өзіндей емес пе?Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды.

Су - сұйық. Су - бу. Су - мұз болатын жайларына мысылдар келтіру, слайдтан көрсету.

Мәтінді тізбектей оқыту.

Сергіту сәтін жасау (2 мин)

  • Дәптермен жұмыс:
  • Күннің жадын жаздырту
  • Сабақтың тақырыбын жазу

Судың жай - күйі

1) Сұйық 2) бу 3) мұз

Жұмбақ шешу:

  1. Отқа жанбас, суға баспас, Судан жаралған бірақ судан қорқады
  2. Көзге көрінгенмен, ұстасаң қолға ілінбес (бу)
  3. Жылт - жылт етеді, жылғадан өтеді (су)

Қорытындылау :

Ериді, сұйық, ағады сөздеріне сөйлем құрастыру.

Су сұйық болады. Жылғалардан су ағады. Қар еріп, суға айналды.

Үйге тапсырма беру:

Осы тақырыпты үйден жақсылап оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу.

Бағалау, мадақтау.

Үй тапсырмасын айтқан және жаңа сабаққа белсене араласқан оқушыларды атау, мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
Су - тіршілік көзі: қасиеттері, маңызы және қорғау мәселелері
Судың тіршілік үшін маңызы, қасиеттері және суды қорғау
Дүниетану (3-сынып): Су - қасиеттері, тіршілік маңызы және қорғау жолдары
4-сынып: Ауаның құрамы мен қасиеттері және оның тіршілік үшін маңызы
Оттектің аллотропиясы мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы
Су және оның үш күйі: қасиеттері, маңызы және қорғау
Су - тіршілік көзі: сабақтың мақсаттары мен әдістемелік жоспары
8-сынып химия: Табиғаттағы су - құрамы, қасиеттері және қолданылуы
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Су - тіршілік нәрі
2-сынып Дүниетану пәні: Су және оның маңызы (сабақ жоспары)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz