Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дарынды дамыту - ұстаз парызы



Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер
болып жтқаны белгілі.

Әр мұғалімнің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды,
бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, тек ұстаз ғана оның
мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады.

Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін өміріне көптеген
жұмыстар ұйымдастырылды.

Яғни баланы оқыту мен тәрбиелеуде түрлі ізденіс жұмыстары арқылы
дарындылықты анықтап олардың дұрыс қалыптасуына жағдай жасау керек.
Дарынды, қабілетті балалар өзінің бойындағы ерекше қабілеттері арқылы ең
жоғарғы нәтиже жеткен балалар.

Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге
құштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде.

Адами ойлау, ізденімпаздың-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы.
Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің
белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке
қасиеті. Дегенмен табиғат оның бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу,
біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарапай тарататыны анық. Қазірге
дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар.
Біреулері кез келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап
дамыту керек. Ал қарсы көзқарастар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы
адамдардың өте аз тобына ғана тән. Сондықтан, дарынды балаларды іздеу алтын
түйірін іздегенмен бірдей дейді. Бұл көзқарастар тұқымқуалаушылық пен
тәрбиенің дарындылықтың дамуындағы рөлін талқылаудың жауабы.

Педагогикалық энциклопедияда дарындылық туралы анықтама берген.
Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары
сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете
алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында
іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік
және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-әрекетте
топтастыруға әрекет жасады.

• Нышандардың іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік қалыптасады;
• Әдейленген дарындылық-сапалы өзіндік қабілеттердің бірлесуінде іс-
әрекет сәттілігі құрылады;
• Жалпы дарындылық – қабілеттілік кең шеңберіндегі іс-әрекеттер;
• Іс-әрекет сәттілігін белгілейтін жеке адамның басқа адамдарынан
айыратын ерекшеліктер
Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау – ежелден келек жатқан дәстүр.
Республикамызда ашылған көптеген колледждер мен лицейлер – негізінен
дарынды балалар үшін ашылған оқу орны. Мұндай оқушылар ел болашағына, оның
интелектік қуатына баға жетпес резерві. Сондықтан да жер-жерден бұларды
іздеп табу- аса мәнді мейірбанды, гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлық
алу – баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де
қандай да іздесе таптырмайтын ұлттың рухани байлығы.

Балалардың келешегі жөнінде ойланбайтын, балалардың қабілетті,
дарынды, талантты болып, болашақ қызметтерінде үлкен жетістіктерге жетуін
армандайтын ата-аналарды табу өте қиын. Бірақ сөйте тұра солардың барлығы
бірдей қабілет деген не, оны қалай дамытуға болады және бұл жұмыста жанұя
қандай міндет атқару керек дегенді біле бермейді. Қабілеттілік туа бола ма,
жоқ әлде жүре бола ма? Олар тұқым қуалай ма, жоқпа? Қабілеттілік барлық
балада бірдей дамыту мүмкін бе? Оған қалай жетуге болады? Міне, бұл
сұрақтарды ата-аналар жиі қояды.

Қабілеттілік деп – белгілі бір іс-әрекетте ең тәуір нәтижеге жетуге
мүмкіндік беретін адамның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері айтылады.
Қабілеттілік жалпы ақыл қабілетті және арнайы қабілет болып бөлінеді. Жалпы
қабілет негізінен ойлауға қатысты болып келіп, оның аңғарғыштық,
ойланғыштық, дербестік, сыншылдық, икемділік т.б. қасиеттерінен көрініп
отырады. Жалпы қабілет адамның өзін ой-әрекеттерінің түрлі салаларынан
көрсете білуге мүмкіндік жасайды.

Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, физика, биология, әдебиет
сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы,
лабораториядағы түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады.
Қабілет, дарындылық, талант қалай пайда болады? Олардың табиғаты қандай?
Туа болған қасиеттер мен жүре игерген қасиеттер арасындағы қатынас неде?
Бұл сұрақтардың бәрі де қазіргі психология ғылымының шұғылданатын
мәселелерінің ең күрделісінен саналады.

Психологтардың басым көпшілігі қабілеттілік әрекет үстінде оқытып,
тәрбиелеу негізінде қалыптасып, дамиды деп есептейді.

Шығармашылық дарындылық белгілерінің тізімдерінің сараптамасы мінез –
құлық аспектілерімен байланысты сипаттамалардың бар екендігіне көз
жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері
мен бейімділігін және мінез-құлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар.
Мысалы, әлемге әйгілі Б.Кларктың кітабында дәл осындай бес тізім бар. Олар
баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы (ән, би,
драма т.б) қабілетін сипаттайды.баланың шығармашылық дарындылығының
сипаттамалары нәтижесінде мына сипаттамаларды атап айтуға болады:

• Зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғарғы
қажеттілік;

• Ақыл-ойдың жоғары қажеттілігі;

• Тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар
мен теорияларға қызығушылығы;

• Белгілі бір іс-әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір
іспен шұғылдану;

• Өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу.

Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр

Тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды
балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің
жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет.
Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Бұл
жөнінде К.Урбан былай деп тұжырымдаған: «Қазіргі заман талабына сай
шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз – аз уақыт
ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық дамуын
қамтамасыз ететін іс».

Мектеп балаларымен жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық
проблема.

Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке
жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен
ізденіс пайда болады.

Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным
белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми
салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмекгі арқылы ашылады және
дамиды.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт
бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше
ізденуге әсерін тигізеді.

Дамыта оқытудың басты мақсаты – баланы оқыту отырып, оны шығармашылық
бағытта жан-жақты дамыту.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық бағытта жан-жақты
дамытуда, дамыта оқыту технологиясының тиімділігі ерекше.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерді нақтылау мақсатында өз тәжірибемді
ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: Менің апам-дәрігер

Сабақтың мақсаты: Барлық мамандықтардың халық үшін пайдасы бар екенін
ұғындыру

А) ауылдағы мамандық иелері, мекемелер жөнінде мағлұматтар беру;

Ә) оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту

Б) еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту

Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

І. Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

- Ауыл туралы қандай сурет дайындадық?
- Ауылды неге жақсы көреміз?
- Өзіміз тұратын жер қалай аталады?
- Өзіміз тұратын жерде қандай мекемелер бар?
«Көлік» деген сөздің мағынасын кім түсіндіреді?

-Кімнің үйінде көлік бар?

-Өзіміз тұратын көшеміздің қалай аталатынын білеміз бе?

-Көшеге қандай адамдардың аты беріледі?

-Қандай батырларды білеміз?

-Бейбіт заманда ерлік көрсеткен және сол батырдың атында көше бар ма, ол
кім?

-Алда қандай үлкен мереке бар?

-Ұлы Жеңіске 65жыл толып отыр.

Сонымен, ауыл қалаға, қала ауылға не береді?

Ауыл
Қала

Ет,сүт, май, ұн, ірімшік, киім-кешек, аяқ киім,
машина, тауар, кітап, т.б

құрт,көкөніс, жеміс машина,
тауар, кітап, т.б

Актуалдау

-Қала мен ауыл бір-біріне беретін өнімдерін қалай жеткізеді?

-Қандай мамандықтарды білеміз?

Суретпен жұмыс

-Әр мамандықтың қызметін атау

Жаңа сабақ

Ендеше өздерің сияқты баланың ата-анасының мамандығы туралы жазылған
әңгімесімен танысамыз

Менің апам – дәрігер

-Балалар, алдымен мәтіннің атына көңіл аударайықшы?

-Дәрігер қандай қызмет атқарады?

(Мәтінді оқып, түсіндіру)

а) іштей

ә) тізбектей оқу

Мәтінмен жұмыс

-Апасы кім болып істейді екен?

-Әкесі кім болып істейді, ол мамандықтың қандай пайдасы бар?

-Ертегіде айтылатын қандай кейіпкермен «мал дәрігерін» салыстыруға
болады?

-Дәрігер Айболит

Рольді ойынды пайдалану

-Сендер қалай ойлайсыңдар, осылардың ішінен алдымен кімнің шаруасын
орындайды?

-Неге?

-Осы көріністе қандай мамандықтардың аты аталған?

Сергіту сәті:

Ойын «мамандықтарды ата»

Дәрілер 50% өз елімізде өндіріледі. Денсаулық сақтау Н.Ә.Н

Ал, балалар біз ата-анамыздың қайда жұмыс жасайтынын білеміз бе?

Ал, әже- аталарымыз- қазір еңбек ардагері

Өз бетімен жұмыс

Сөйлем құрау

Кітапхана, дәрігер, қала, ауыл, көлік, мәдениет үйі.

Бекіту: Ой- толғау

Кім болам?

Қорытындылау:

Міне балалар осы айтылған мамандықтардың ішінде керек емес кәсіп бар ма?
Қадірлеуге тұрмайтын еңбек бар ма? Ал мамандық алу үшін не істеу керек?
Көп оқу керек. Оқып, үйреніп, білмесеңдер маман бола алмайсыңдар.
Мамандықтардың бәрі де халық үшін, оның игілігі үшін жұмыс атқарады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдауында халықтың тұрмысын жақсарту
мақсатында шәкіртақыларды. Мұғалімдердің, дәрігерлердің т.б
бюджеттілердің айлықтарын 25 пайызға өсірілуін осы сәір айынан бастап
отыр.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: «Көптеген табиғи талан дарынсыз
ұстаздардың кесірінен жойылып кенеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол
бермеуі керек». Өйткені ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Сол себептен де
білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау
қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін
қалыптастыруымыз керек. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі ұрпақ
екенін естен шығармауымыз керек.

-----------------------
Игерілген нәтижелерді бақылау

Сабақ үстінде ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика, ән

Балалар шығармашылығын газет бетіне жариялау

Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу

Дарынды балалармен жұмыс істеу бағыттары


Ұқсас жұмыстар
Дарынды дамыту-ұстаз парызы. Нақты дарындылық
Дарынды балалардың ерекшеліктері
Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті
Білімнің бағасын арттыру
Өзіндік білім көтеру - мұғалімінің және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының негізгі құралы
Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар
"Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары."
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары жайлы ақпарат
Информатика пәні мұғалімі
Дарынды оқушылардың қабілетін дамыту
Пәндер