Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар туралы ақпарат

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар»
Мақсаты:
Оқушылардың білімін қорытындылау, ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Адамгершілікке, ұйымшылдыққы, жолдастыққа қарым-қатынасқс тәрбиелеу.
Басқарушы:
Сәлеметсіздерме ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздер 3 сынып оқушыларының «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» атты зияткерлік ойынын ұсынғалы отырмыз. Ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Ал енді ойын шартымен таныс болыңыздар.
I-кезең: «Таныстыру»
II-кезең: «Бәйге» ойыны.
III-кезең: «Мың бір мақал»
IY-кезең: «Тамаша алтылық»
Y-кезең: «Полиглот»
Басқарушы:
Ойынның бағасын беруші әділ-қазылар алқасын сайлап алсақ.
Әділ-қазылар алқасы таныстырылады.
Олай болса, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Басқарушы:
Бәйгіге түсіп жарыспай
Жүйріктің жаны жанар ма,
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік, сол алда-дегендей ой мен білім сайысын бастаймыз.
Сайысқа қатысушылармен таныс болыңыздар.
1-кезең: таныстыру.
Топ аты: «Алғырлар»
Ұранымыз: Алғырлар тобы бүгін
Жарысқа дайынбыз
Мақсатымыз жеңіп шығу.
Топ аты: «Тапқырлар»
Ұранымыз: Біз тапқырлар тобымыз
Ойланамыз табамыз
Жеңуге тырысамыз.
2-кезең: «Бәйге ойыны»
Ойын шарты: мына ұяшықтардан кез-келген сандардың біреуін таңдап сұраққа жауап бересіңдер. Егер сұраққа нақты жауап берсеңдер, сол ұпай сендердің топтарыңның еншісіне тиеді.
20-сол: Қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы, ұстаз кім? (Ы. Алтынсарин)
30-сол: мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
40-сол: Рейхстагқа ту тіккен кім? (Рақымжан Қошқарбаев)
10-орта: мен бір аяғыммен тұрғанда салмағым 55кг, екі аяғыммен тұрсам ше? (екі аяқпен тұрсада 55кг)
30-орта: Қазақтың атақты суретшісі кім? (Әбілхан Қастеев)
20-орта: Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын не деп атаймыз? (жел)
50-орта: Жеті қазынаны ата: (1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. . Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік ат)
30-оң: Бір ыдыстағы жұмыртқа 2 минутта піседі. 10 жұмыртқа ше? (2мин)
20-мин: Емен, қайың, терек өсімдіктің қай түріне жатады? (ағаш)
10-оң: Түбір дегеніміз не? (Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір немесе түбір сөз дейміз.
3-кезең: «Мың бір мақал» ойыны. Ойын шарты:
Топ басшылары келіп мына қағаздардан мақал тақырыптарын таңдайды. Таңдаған тақырыптарына байланысты мақал айтудан сайысқа түседі. (1 мин уақыт)
Еңбек туралы:
- Еңбегі аздың өнбегі аз.
- Ердің атын еңбек шығарады.
- Еңбегің қатты болса. Тақаның тәтті болады.
- Жаңбырмен жер көгерер. Еңбекпен ел көгерер.
- Байлықтың атасы еңбек, анасы жер.
- Еңбек ет те міндет ет.
- Еңбек еткен емеді. Еңбексіз не өнеді.
- Еңбек етсең емерсің. Ерінбесең жеңерсің.
- Еңбегіңе қарай өнбегі
- Еңбегі ештің-күні кеш.
- Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді.
- Рақаттың түбі кеңіс, еңбектің түбі жеңіс
- Еңбек ер атандырады.
- Еңбек ердің көркі. Ер елдің көркі.
- Еңбексіз құраған дәулет. Емсіз жабысқан дертпен тең.
- Еңбекке үйренем десең ерінбе.
- Еңбексіз ауырса, емі табылмайды.
- Еңбек етсең ерінбей. Тояды қарның тіленбей.
- Еңбексіз жалқау еріншек. Көрінгеннен тілемсек.
- Еңбектің наны тәтті. Жалқаудың жаны тәтті.
Отан, туған жер, ел-халық туралы.
- Ел мен жер егіз.
- Ел іші алтын бесік.
- Жері байдың елі бай.
- Отан қуат, отбасы шуақ.
- Егемен елдің еңсесі биік.
- Әркімнің өз жері-Мысыр шаһар.
- Туған жердің түтініде тәтті.
- Отансыз адам. Ориансыз бұлбұл.
- Өз елің өзекке теппес.
- Елінен безген ер оңбас.
- Елің панаң, жерің анаң.
- Өз елім өлең төсегім.
- Туған жерің түсіңе кіреді.
- Ауылым алтын бесігім.
- Отан оттанда ыстық.
- Өз елің алтын бесік.
- Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып істе.
- Ел даусыз болмас, жер даусыз болмас.
- Отан үшін отқа түс күймейсің. Арың үшін алыссаң өлмейсің.
- Елдің көркі елімен. Отан көркі желімен.
4-кезең: «Тамаша алтылық»
Ойын шарты: 1-ден 6-ға дейін сандар тақтада жазулы тұр. Осы сандардан бірін таңдаймыз. Сұрақтарға жауап береміз.
1. Ана тілі:
міне, сен өрісіңді тауып, жолыңды аштың. Ендігі қалған оқуда, одан арғы талап та осы ниетіңе жетектесін. Сен еліңе келіп, жалшылардың балаларын өнерлі, қайратты азамат етіп өсіріп шығарсаң, өз басың түгіл, менің де халық алдындағы көп қарызымды өтемес пе ең? Осы елдің жас буынына сен ұстаз боп, ақыл айтып отырсаң, мен арманы бар әке болам ба?-деп, үні өзгеріп барып тоқтады. Қай мәтіннен үзінді
(Бұл үзінді «Әке арманы» мәтінінен
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz