Темекінің адам денсаулығына зияны және алдын алу шаралары

М. Әуезов атындағы №6 орта мектебінің

ағылшын тілі пән мұғалімі Л. Н. Тулеева

Байқоңыр қаласы

Тақырыбы «Темекі және оның зияны»

Мақсаты : оқушыларға никотиннің зияндығын түсіндіру;

оқушыларды салауатты өмірге жетелеу; денсаулықты сақтау, улы заттардың адам ағзасын уландырып, тоздыратынын айтып түсіндіру. Көрнекілігі салауатты өмір салты туралы қанатты сөздер.

Жоспары

1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Негізгі бөлім

3. Оқушылар пікірі

4. Қорытынды.

Мұғалім: Салауатты өмір сүру дегеніміз:

- әлеуметтік тұрмысты жақсарту;

- бос уақытты дұрыс пайдалану:

- білімін көтеру:

- денсаулығын нығайту:

- тазалықты сақтау;

- зиянды әрекеттерден аулақ болу;

- сапалы тамақтану.

Денсаулық - бірдің емес мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Болашақ ұрпағымыздың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым - біліммен жақсы қаруланған болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі сабағымызда темекінің адам өміріне зиянды зат екендігі туралы ой қозғаймыз.

1 - оқушы: «Темекі және оның зияны»

Темекі - паслен тұқымдас бір жылдық және көп жылдық өсімдік . Жапырақтары ірі, тығыз, кезектесіп орналасады. Темекі құрамындағы 300 заттың ішіндегі алкалоид (никотин мен никотин сульфат нитропты у) өте зиян. Бұлар ағзаға түскенде жасушалар тіршілігін тоқтатады.

2 - оқушы: Темекі тарту адамды баяу улайды. Темекі құрамындағы никотин - өте күшті у. Адам темекі тартқанда қоршаған ортаға темекі түтіні тарайды. Темекі құрамында никотинмен бірге иісті газ, синил қышқылы, NH3 аммиак, формальдегид, бензопирин (өкпені қатерлі ісікке шалдықтырады) бар. Алғашқы рет темекі тартқанда адамның жүрегі айниды, басы айналады, құсады, жүрек қатты соғады, тамақта, өңеште, асқазанда түйілу, қысылу сезіледі, кейде естен тану байқалады.

3- оқушы: Темекі шайыры ми мен жүрек тамырларын бұзады, өкпенің көпіршіктерін зақымдайды, қауіпті ісік ауруларына, жүрек демікпесі, ұстама ауруы, инфаркт ауруларына себепкер болады. Темекі тартушылар өзіне ғана зиян келтірмейді, айналасына да зиянын тигізеді. Темекі тартпайтын сау адам темекі түтіні бар бөлмеде бір сағат отырса, 4 тал темекі тартқан адамдай уланады.

4- оқушы: Темекімен күрес шаралары қалай жүргізілген?

Темекінің зиянын ертерек білген елдер тыйуға әртүрлі шаралар қолданады.

- Англияда темекі шеккендерді дарға асқан.

- 1680 жылы ХІІІ Людовик королъ темекіні еркін сатуға тыйым салып, тек дәрігердің қағазымен ғана дәріханалардан сатып алуға рұхсат берді.

- 1692 жылы Сантъ - Ягода кешкілік ғибадатқа кірудің орнына шіркеу есігінің алдында шылым шеккені үшін бас монахты тірілей қабырғаға жабыстырып, бітеп тастаған.

- І Петр темекі мен темекі бұйымдарына салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен.

- Югаславияда 1987 жылдың 1 - қаңтарынан бастап жұмыс және қоғамдық орындарда оның ішінде мектепте темекі шегуге тыйым салу жөнінде бұйрық берілген. Оны бұзғандар 50 000 динар айып төлейді.

- Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.

- Сингапурда темекі шегуге тыйым салынған жерде шылыммен ұсталған адам 1000 долларға дейін айыппұл төлейді.

- Қазақстанда кәмелетке толмағандарға темекі сатылмайды және мемлекеттік мекемелерде темекі сатылмасын деген заң бар.

5- оқушы: Денсаулық» өмірдің басқа игіліктеріне қарағанда әлдеқайда құнды. Ел аузынан «Ауру патшадан дені сау қайыршы артық» деген сөз текке айтылмаған. Денсаулық көтеріңкі көңіл - күй, үлкен бостандық, қимыл береді.

ІУ. Қорытынды. Балалар, салауатты өмір сүру үшін, денсаулықты сақтап бұндай зиянды заттардан аулақ болайық.

2. Темекімен күрес шаралары қалай жүргізілген?

Темекінің зиянын ертерек білген елдер тыйуға әртүрлі шаралар қолданады.

- Англияда темекі шеккендерді дарға асқан

- 1680 жылы ХІІІ Людовик королъ темекіні еркін сатуға тыйым салып, тек дәрігердің қағазымен ғана дәріханалардан сатып алуға рұхсат берді.

- 1692 жылы Сантъ - Ягода кешкілік ғибадатқа кірудің орнына шіркеу есігінің алдында шылым шеккені үшін бас монахты тірілей қабырғаға жабыстырып, бітеп тастаған.

- І Петр темекі мен темекі бұйымдарына салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен.

- Югаславияда 1987 жылдың 1 - қаңтарынан бастап жұмыс және қоғамдық орындарда оның ішінде мектепте темекі шегуге тыйым салу жөнінде бұйрық берілген. Оны бұзғандар 50 000 динар айып төлейді.

- Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.

- Сингапурда темекі шегуге тыйым салынған жерде шылыммен ұсталған адам 1000 долларға дейін айыппұл төлейді.

- Қазақстанда кәмелетке толмағандарға темекі сатылмайды және мемлекеттік мекемелерде темекі сатылмасын деген заң бар.


Ұқсас жұмыстар
Темекінің зияны мен жастар арасындағы алдын алу шаралары
Салауатты өмір салты: темекінің зияны және алдын алу
Компьютердің балалар денсаулығына әсері және алдын алу шаралары
Есірткі мен темекінің зияны және алдын алу: 9-сыныпқа арналған сабақ
Темекі шегудің зияны және жасөспірімдер арасындағы алдын алу шаралары
Жоғары жүйке қызметінің зақымдануы және алдын алу шаралары: темекі, алкоголь және есірткі зияны
Есірткілердің зияны және жастар арасындағы алдын алу
Темекінің ағзаға әсері және жастар арасында темекі тұтынуды алдын алу
Тыныс алу мүшелерінің аурулары: себептері, жұғу жолдары, белгілері, емдеу, алдын алу және темекі зияны
Темекінің зияны және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz