Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық

Семей қаласы. «ММ №19 жалпы орта білім беретін мектептің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Садыбекова. С. Ж.
«Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық»
Мақсаты : а) оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан тарихы, салт-дәстүрі туралы мәліметтер беру;
ә) оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
б) оқушылардың тапқырлық, шапшаңдық қасиеттерін молайтып, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Барысы:
1 -кезең:Алтын қазына :Киіз үй, ұлы есімдер, салт-дәстүр, тәуелсіздік, қасиетті сан.
2 -кезең:Сөз байлығы елде : «Жалғасын тап», «Ойлан тап».
3 -кезең:Жерұйық: «Туған жер - тұнған шежіре», «Жорға».
1- жүргізуші :Қымбатты оқушылар, ұстаздар сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Әр қадамдарыңызға сәттілік тілейміз. 2014жыл -Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздік алғанына 23 жыл соған байланысты біздің елімізде әр түрлі шаралар өткізіліп жатыр, соның бірі 7 -сынып арасында өткізілетін «Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық» атты сайыс.
Мұқағали ағамыз айтқандай: Ең бірінші бақытым- Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің, -
деп зияткерлік сайысымызды бастаймыз.
1 - кезең: Асыл қазына
1. Киіз үй
2. Қасиетті сан
3. Наурыз
4. Өнер туралы
5. Тәуелсіздік шежіресі
6. Ұлы есімдер
7. Салт-дәстүр
8. Қазақстанның жетістіктері
9. Мерекелер
1. Киіз үй
Сұрақ: Киіз үйдің бөлшектерін атаңдар?
Жауап: уық, шаңырақ, кереге, т. б.
Сұрақ: Киіз үй пайдаланылуына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
Жауап: Үш қанатты, төрт қанатты, бес қанатты, алты қанатты, он екі қанатты, жиырма қанатты, отыз қанатты.
2. Қасиетті сандар.
Сұрақ: Бес қаруды атаңыз?
Жауап: Ату, кесу, түйреу, соғу, шабу.
Сұрақ: Жеті қазынаны атаңыз?
Жауап: Жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қақпан, майланғыш ау, өткір кездік.
3. Наурыз.
Сұрақ: Қазақстанда Наурыз қай жылдан бастап тойлана бастады?
Жауап: Қазақстанда Наурыз 1989 жылдан бастап тойланады.
Сұрақ: Наурыз көжеге қосылатын тағамдар.
Жауап: ет, су, сүт, бидай, тұз, тары, құрт.
4. Өнер туралы.
Сұрақ: Қазақстанда қай өнердің түрі жақсы дамыған?
Жауап: Бейнелеу өнері, сәулет өнері, зергерлік өнер, балалар суреті.
Сұрақ: Қазақ халқының қол өнері.
Жауап: Жүн, киіз басу, зергерлік өнер, өрмек тоқу, кілем тоқу.
5. Тәуелсіздік шежіресі.
Сұрақ: «Желтоқсан оқиғасы». Қай жылы болды?
Жауап: 1986ж. 16 желтоқсанда.
Сұрақ: Тәуелсіздік қай жылы жарияланды?
Жауап: 1991ж. 16 желтоқсанда.
Сұрақ: Тәуелсіздік монументі қай жерде орналасқан?
Жауап: Алматы қаласында.
Сұрақ: Оның биіктігі.
Жауап: 28 метр
6. Ұлы есімдер.
Сұрақ : Ол 1845 жылы дүниеге келген қазақ халқының ұлы ақыны.
Жауап: Абай Құнанбаев.
Сұрақ: 1841 жыл дүниеге келген педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы.
Жауап: Ыбырай Алтынсарин.
7. Салт-дәстүр.
Сұрақ: Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер.
Жауап: Шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу.
Сұрақ: Ұлттық ойындардың түрлері
Жауап: Көкпар, қыз қуу, бәйге.
8. Қазақстанның жетістіктері.
Сұрақ: Қазақстан қандай мемлекет?
Жауап: Қазақстан- көп ұлтты, егеменді мемлекет.
Сұрақ: Қазақстанның ең үлкен жетістігі.
Жауап: Ұлтаралық келісім мен бейбіт өмір.
9. Мерекелер.
Сұрақ: Ата Заң қашан қабылданды?
Жауап: 1995 жылы 30 тамызда.
Сұрақ: Қазақстан тәуелсіз республика болып қашан жарияланды?
Жауап: 1991 жылы 16 желтоқсанда.
2-жүргізуші: Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім, - деп сайысымыздың «Сөз байлығы елде» деп аталатын екінші кезеңін бастаймыз.
«Жалғасын тап»
Мақал- мәтелдер сайысы.
1) Туған жердей жер болмас. . .
(Туған елдей ел болмас) .
2) Тіл тас жарады,
(Тас жармаса, бас жарады) .
3) Ел елдің бәрі - жақсы,
(Өз елің бәрінен - жақсы) .
4) Туған жердің қадірін
(Шетте жүрсең білерсің) .
5) Жері байдың -
(Елі бай)
6) Ұстамен жақын болсаң,
(Ісің бітер) .
7) Жеті рет пішіп,
(Бір рет кес)
8) Ұста пышаққа жарымас,
(Етікші етікке жарымас) .
1-жүргізуші :Бүгінгі сайысымызға көрермендер де қатыса алады. Ендеше, көрермендерге арналған сайысымыздың кезеңі - «Сіз білесіз бе?» Берілген сұраққа дұрыс жауап берген көрермен ойыншылардың біріне өз ұпайын бере алады.
(Көрермендерге сұрақ)
1) Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаев қашан сайланды?
1991 жылы 1 желтоқсанда.
2) «Невада - Семей» қозғалысы қай жылы басталды?
1989 жылы.
3) «Тіл туралы» Заң қай жылы қабылданды?
1989 жылы 22 қыркүйекте.
4) Республика күні қай күні тойланады?
25 қазанда
2-жүргізуші: Бақытым бар үшінші - Отан деген,
«Кім мықты?» десе біреу Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz