Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Көңілді қыс
ӘБДІР Айгүл Ережепқызы
бастауыш сынып мұғалімі, №2 Қосшы орта мектебі
Ақмола облысы, Целиноград ауданы
Сабақтың тақырыбы: Көңілді қыс
Сабақтың мақсаты:Оқушылырға мәтін мазмұнын меңгерту, мәтіндегі жаңа сөздерді, қысқы табиғат ерекшелігін түсіндіру.
Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғаттың әсемділігін бақылай білуге баулу.
Оқушылардың таным қабілеттерін арттыру, ойын толық жеткізіп сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік, Венн диаграммасы.
Көрнекіліктері: қыс мезгілі бейнеленген суреттер, сызбалар, суреттер, қима қағаздар, дидактикалық материалдар, кестелер.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
<<Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш>> мәтінін мазмұндау.
Ой шақыру стратегиясы:
Ақ матадай қары бар,
Аязы бар, әні бар
Бұл қай кезде болады? (қыс)
- Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)
- Қыс айларын атаңдаршы? (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
- Қыс мезгілі сендерге несімен қызықты?
- Қыста қандай өзгерістер болады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім: Бүгін біз сендермен белгіленген аялдамалар бойынша саяхатқа шығамыз. Олар:
1 - аялдама: <<Көңілді қыс>>
2 - аялдама: <<Қысқы орман>>
3 - аялдама: <<Қысқы ойындар>>
4 - аялдама. <<Қысқы табиғат>>
Осы аялдамаларда бізді көптеген тапсырмалар күтіп тұр. Ал, балалар, біз саяхатқа дайынбыз ба? Ендеше бастайық.
1 - аялдама: <<Көңілді қыс>>
Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтарыңды ашыңдар. Көңілді қыс өлеңін Шәміл Мұхамеджанов жазған. Ш. Мұхамеджанов 1931 жылы Қостанай облысы, Әліби Жанкелдин ауданы, Торғай ауылында дүниеге келген. Оқу ағарту ісін дамытуды мақсат еткен Шәміл, 1952 жылы Абай атындағы педагогикалық институтында білімін жетілдірді. Өз замандастары, Сағи Жиенбаев, Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаевтармен жақсы жолдас болған. 2011 жылы ақиық ақынның 80 жылдық мерейтойы тойланды. Бұл <<Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді>> деген аталы сөздің бекер айтылмағандығының дәлелі. Артында қалған <<асыл қазыналары>> жастың да, кәрінің де есінде. Қадір тұтып, қастерлейді.
-Өлеңде не туралы айтылған?
- Балалар не істейді?
- Қысқы ойындардың аттарын атаңдар.
(шана тебу, шаңғы тебу, коньки тебу, аққала жасау)
а)Жіңішке дауысты дыбыстарды табу.
ә)Дауыстап оқу.
б)Тізбектеп оқу.
2 - аялдама: <<Қысқы орман>>
Мұғалім: Мына аялдамадан өту үшін сендер Жер - Ананың жіберген хатындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
(Қысқа жауап береді)
1 - хат. Қыста қыстап қалатын құстарды атаңдар?
(қарға, суықторғай, шымшық, тоқылдақ, сауысқан)
2 - хат. Аңдардың қысқы тіршілігі туралы айтыңдар?
(қасқыр, қоян, түлкі)
3 - хат. Қысқы табиғатты әңгімілеп беріңдер.
(жел, боран соғады, қар жауады, өзен - көлдердің бетін мұз басады)
Сергіту сәті
Жел бетке еседі,
Ағаштар теңселеді.
Жел тынышталады,
Ағаштар биіктейді.
ә)Жұмбақтар шешу.
1. Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)
2. Табаныма байладым,
Қос аяқтап айдадым. (шаңғы)
3. Тікен, тікен тік пісте
Қысы - жазы бір түсте. (шырша)
4. Қыста жерді жауып кетті,
Ал көктемде ағып кетті. (қар)
5. Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды. (боран)
6. Мамықтай ұлпа, қанттай аппақ,
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қарай қашады. (қар)
7. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
8. Денесі суық, айнадай тұнық,
Су боп ағады, тұрса күн жылып. (мұз)
9. Ілдім дағы аяққа
Сырғып кеттім сай жаққа. (шаңғы)
10. Бет - аузыңнан сүйеді,
Ерні суық тиеді. (аяз)
11. Тоңғақты таниды,
Беті - қолын қариды. (аяз)
12. Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді. (қар)
13. Айнымайды шыныдан,
Қорқады тек жылыдан. (мұз)
14. Суға батпайды,
Отқа жанбайды. (мұз)
б) Тыныштық сәті:
- Балалар денелеріңді дұрыс ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Қазір қыс мезгілі. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Қар аппақ. Қолымызға ұстап көреміз. Ол мамық сияқты, жұмсақ. Бір - бірімізге қарды лақтырып, ойнап жүрміз. Тап - таза, салқын ауа біздің шаршағанымызды басып, денемізді лезде сергітті. Айнала қандай тамаша!
Құстардың дауыстары естіледі. Бәріміз мәз - мейрам болып жүрміз. Табиғат қандай тамаша! Енді ақырын көздеріңді ашуға болады.
- Не көрдіңдер?
- Көздеріңе не елестеттіңдер?
3 - аялдама: <<Қысқы ойындар>>
а) Дәптермен жұмыс: көркем жазу.
(жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз)
а)Ойын <<Қай сөзді жоғалттым?>>
..... суытты.
..... жауды.
...... мұз ......
..... балалар.
Адамдар ...... киінді.
Сергіту сәті
<<Қол соғу>> ойыны.
Қыс мезгіліне байланысты сөздер айтылса, қол соғасыңдар, ал басқадай сөздер айтылса соқпайсыңдар.
(қар, жаңбыр, қалам, мұз, ыстық, боран, көйлек, қағаз, суық, кілем, қырау, гүл, аяз, моншақ, )
ә)Шығармашылық ойын балалар өз ойларын қысқаша айтып береді.
1 - қатар
1. Егер мен ай болсам,
2. Егер мен өзен болсам,
3. Егер мен күн болсам,
4. Егер мен құс болсам,
2 - қатар
<<Қайсысы артық?>>
Суреттерді көрсете отырып артық заттарды табу.
3 - қатар
Өскенде мен ...... боламын.
Өскенде мен ...... боламын.
Өскенде мен ...... боламын.
Өскенде мен ...... боламын.
4 - аялдама. <<Қысқы табиғат>>
1 - қатар
Жоғалған буынды тап
..... қыш, .....кіш.
Ұш
Ат
Бас
Сүрт
2 - қатар
Буынға бөл
Адам, табиғат, құстар, жануар, өсімдік.
3- қатар
Сөз құра
А ш а н
Р а б н о
П с а а н
Р ж е
Ү н к
ІҮ. Қорытынды.
- Бүгінгі сабағымыз жылдың қай мезгілі жайында айтылған?
- Қыс айларын атаңдаршы?
- Қысқы ойындырды атаңдар.
- Жуан дауысты дыбыстарды атаңдар.
- Жіңішке дауысты дыбыстарды атаңдар.
(күн, ыстық, жаңбыр, суық, жыл, мезгіл, боран, самал жел, қар, аяз, саз, су)
Бағалау.
Үйге тапсырма.
<<Көңілді қыс>> өлеңін мәнерлеп оқып келу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz