Бүгінгі шәкірт - ертеңгі Отан қорғаушы: М. Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернатының әскери-патриоттық сыныптан тыс шарасы (Орал)

Батыс Қазақстан облыстық, Орал қаласындағы М. Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп интернатының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сүлеев Жұмабай Кәкімұлы

Сыныптан тыс шараның тақырыбы:

«Бүгінгі шәкірт - ертеңгі Отан қорғаушы»

Мақсаты:

  1. Оқушыларды ұйымшылдық, ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
  2. Оқушылардың дене тәрбиесінің дамуын жетілдіруге бағыттау.
  3. Оқушының денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.

Өткізілетін жері: мектептің спорт залы.

Пайдаланатын құралдар: екі балға, шегелер, канат, противогаз, гимнастикалық мат, спорттық формалар, 6 кубик, сыпырғыш, әуе шарлары, 2 конверт, оқтар, 4 «мина», т. б.

Жоспар

  1. Ашылуы
  2. Теориялық бөлім
  1. Конкурс, эстафеталар
  2. Көрініс көрсету
  3. Қорытынды

Барысы

1. Жүргізуші:

-Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер! Бүгінгі Қазақстан тәуелсіз мемлекет, өз армиясы, флоты бар. Өз қарулы күштерін үнемі нығайтып отырады. Қазақстан мемлекетінде өз Отанын абыроймен қорғаған батырлар аз болған жоқ. «Жылдам болғың келсе-жүгір, күшті болғың келсе-жүгір, ақылды болғың келсе-жүгір»- деген сөздер тегіннен тегін айтылмаған. Архимедтің өте үлкен спортшы, әрі ғалым болғаны бізге мәлім.

Мүғалім

- Бүгінгі біздің жарысымызға 2-3 жылдан кейін армия қатарына баратын жастар қатысады. Қазір біз оларды залға шақырамыз, олар:10-11 сынып оқушыларының командалары.

ҚР әнұраны орындалады.

Әділқазы мүшелері таныстырылады.

  1. Жарыс, девизбен танысу, команданы таныстыру. Армияда ұйқыдан оянуға 45 секунд беріледі. Біз қалай орындар екенбіз.
  2. «Рота, тұрыңдар» эстафетасы. /Спорт формасын киіп, орнына барып тұру/.
  3. Миналау және минадан тазарту. Екі мина макетімен жұмыстану. Осы жерде каратистер көрініс көрсетеді. «Ер азамат тек қаруды ғана емес, балғаны да мықты етіп ұстай білу керек» көрініс.
  4. «Ағаш шеберлері» жарысы. Балға, шеге, противогазбен жұмыс. Противогаз киіп, шеге қағу.
  5. «Спецназ» әзірлеу тәжірибесі.
  6. Автомат магазинін бұзу, құру. 4 адам қатысады.

Көрініс «Тазалық-денсаулық кепілі» казарманы тазалау.

  1. «Солдаттар тазалықты сүйеді» сыпырғыш, кубиктермен жұмыс.
  2. Әзіл-сықақ эстафетасы. Төрт аяқтап, теннис шарымен ойнау.
  3. «Гладиаторлар».

10. Канат тарту.

Қорытынды.

Мұғалім: Бүгінгі мерекеміздің қонақтарына, қатысушыларына рахмет айтамыз. Отан қорғаушы, форма киген адамнан да, жоғары тұрады. Себебі, олар адамдарға күнделікті қамқорлық жасайды. Сондықтан да, біздің денеміз шымыр болып, дене тәрбиесімен айналысуымыз керек.


Ұқсас жұмыстар
Алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту және әскери-патриоттық тәрбие беру тәжiрибесi - М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернаты (Орал)
Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі ел қорғаны әскери-патриоттық байқауы: мақсаттары, міндеттері және өткізу тәртібі
Алғашқы әскери дайындық: Бүгінгі білімім - ертеңгі байлығым сайыс сабағы
Математика пәнінен топтық сайыс сабағының жоспары (М. Өтемісұлы атындағы негізгі мектеп, Ақжайық ауданы)
С.Торайғыровтың Шәкірт ойы өлеңін оқытудағы шығармашылық ізденістер: №51 М. Қаратаев атындағы орта мектеп мұғалімі Аюпова Қарлығаштың сабақ жоспары
Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие: маңызы, проблемалары және мектеп тәжірибесі (Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы)
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы М. Дауленов атындағы мектеп-интернатының 2022-2023 оқу жылы тәрбие жұмысы жоспары
2014-2015 оқу жылындағы М. Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектеп-интернатының Химия және денсаулық брейн-ринг ойынының сценарийі
Интеллектуалды ойын Бүгінгі білімім - ертеңгі байлығым: сабақ жоспары мен әдістемесі
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің 2 В сыныбының 2015 жылғы 23 қазандағы сыныптан тыс іс-шарасы: Жануарлар әлемі - табиғаттың сәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz