№19 орта мектептің 2014-2015 оқу жылы Толағай сайысын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

Бекітемін: . . .

Мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары: Рысмамбетова. Н

« 20 » « қараша » 2014 ж.

№19 орта мектебінде

Зорлық зомбылыққа жол жоқ ақпараттық науқанына байланысты өткен

Толағай сайысы

Ұйымдастырушы: Байназаров. Қ .

2014-2015 оқу жылы

Толағай сайысы

Бұл сайыста негізгі мақсат оқушылармен ата-аналардың бойындағы спортқа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында.

Сайыстың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығымен білімін арттыру.

Дамытушылық: Дене шынықтыру мен спортқа қызықтыру және жылдамдықтарын дамыту, қалыптастыру.

Тәрбиелік: Алдына мақсат қоя білуге, жеңіске жете білуге және жолдастық қарым-қатынастардың қалыптасуына тәрбиелеу.

Сайысқа қатысушылар: 2-сынып оқушылары, ата-аналарымен.

Өтетін орны: Спорт зал.

Керекті құрал жабдықтар: Эстафеталық таяқшалар, доптар, кедергілер, шығыршықтар, қаптар, ысқырық, секундамер.

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі Көңілді мәре! сайысына қош келдініздер! Сайысқа 2 сынып оқушылары қатысады. Ортаға кезек-кезегімен сайысқа қатысатын командаларды шақырамыз.

2 «а» Бірлік тобы.

2 «ә» Жігер тобы.

2 «б» Сұңқар тобы.

2 «в» Барыс тобы.

Спортқа берік сенеміз,

Думанға қызық келініз.

Әділқазы ел сенген,

Әділ баға берініз деп келесі кезекті сіздерді бүгінгі сайысымызға әділ төрелік ететін әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

1. Сембеев. Ә

2. Рысмағамбетов. Н

3. Әлімбетова. Г

Бүгінгі сайысымыз 6 кезеннен тұрады.

Әр ойын кезендерінен кейін топтардың ұпайлары көрсетіліп отырады.

Сайыс 2, 3, 4, 5, балдық жүйемен бағаланады.

Туымыз көгімізде желбіресін,

Еліміз тыныштықта алға өрлесін.

Жарысқа қатысушы оқушылар,

Намысты қолдан бермей алда келсін.

Жақсықылыш туған жерін, өскен жерін,

Бұл мектеп білімінді ашқан жерін.

Сайысқа бар күшпенен қатысайық,

Бірлесіп әр ойынды жылдамдықпен дей отырып сайысымызды бастаймыз.

Толағай ойынының түрлері мен шарты.

1. Таныстыру (топтың аты, ұраны, төс белгісі)

1. Тобыныздың атын қоясыздар.

2. Бір шумақ не одан көп ұраныныз.

3. Тобыныздың атын жазып төс белгі қылып тағады.

2. Кім жылдам?

Ойын ережесі:

Әр топ ойыншылары эстафета таяқшасын алып, төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, кейін қайтады да екінші ойыншыға береді осылай ары қарай ойын жалғасын табады.

3. Кенгуру ойыны:

Ойын ережесі:

Допты аяқ арасына қысып алып жүгіру.

4. Шығыршықпен тасы.

Ойын ережесі:

Төрешінің белгісі бойынша топ басшысы, шығыршықпен белгіленген жерге топ мүшелерін біртіндеп тасып, кейін қайтады. Соңғы ойыншыны апарып, барлығын бірден алып қайтады кім бірінші келсе, сол жеңіске жетеді.

5. Қаппен жүгіру.

Ойын ережесі:

Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып, белгіленген жерге дейін секіріп барып, қайтарында қапты шешіп қолына ұстап жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды ары қарай жалғастырады.

6. Аралас эстафета.

Ойын ережесі:

Бұл ойында әр топтың төрт ойыншысы төрт ойын түрінен жарысады.

1 ойыншы эстафеталық таяқшасымен жүгіріп келеді.

2 ойыншы допты аяқарасына қысып жүгіріп келеді.

3 ойыншы шығыршықпен жүгіріп барып келеді.

4 ойыншы қаппен секіріп барып келіп ойынды аяқтайды.

Сайыстың қорытындысы.

Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Сайыс қорытындысын шығарып жеңімпаздарды анықтап марапаттау. Осымен ойынымыз аяқталды өмірлеріңіздің әр күні осындай жеңістер мен сәттілікке толы болсын.


Ұқсас жұмыстар
Семей қаласы №19 жалпы орта білім беретін мектептің математикалық сайысын ұйымдастыру жоспары
Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің 6-7 сыныптарына арналған Озық ойлы оқушы математика сайысын өткізу жоспары (2014-2015 оқу жылы)
Толағай көңілді мәре сайысын өткізу жоспары
2014-2015 оқу жылы 4-сыныптар арасындағы Қазақстан тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған Көңілді эстафета сайысын ұйымдастыру жоспары
Информатикалық калейдоскоп: О.Исаев атындағы жалпы орта мектептің сыныптан тыс білімдік сайысы (2014-2015 оқу жылы)
№50 орта мектептің сыныптан тыс әдеби-танымдық кеші Адам болам десеңіз 2014-2015 оқу жылы
Аққала орта мектебі (2014-2015 оқу жылы) VII сынып қыздары арасындағы Көрікті көктем аруы сайысының өткізу сценарийі
М. Әбдіхалықов атындағы орта мектептің 2014-2015 оқу жылы 6-9 сыныптар арасындағы Әлем тілдері сөйлейді сайысы
А.Иманов атындағы лицей-мектептің 5-сыныпқа арналған Астрофизика факультативті курс бағдарламасы (2014-2015 оқу жылы)
Әнші балапан: №21 орта мектептің 1-сынып оқушылары арасындағы ән байқауы, Жаңаөзен қаласы, 2014-2015 оқу жылы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz