Астанаға саяхат

Сабақтың тақырыбы : Астанаға саяхат.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Мақсаты:
1
Білімділік
: Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. Ұжымдық түрде білім алуға баулу, қалалар жайлы білетін мәліметтерін талқылай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, қалалар туралы өткен сабақтарда алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық:
Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік:
Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар туған Отанын, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін ояту және өз Отанына, еліне, қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Міндеттері:
- тақырып бойынша білімдерін кеңейту;
- мәтін ішінен негізгілерін тауып, айта білуге, тақырып бойынша сөйлем құрастыру және тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру ;
- сөйлемде сөз тәртібін сақтауға үйрету;
Әдіс-тәсілдері
: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, іздену, жинақтау.
Сабақ көрнекіліктері:Суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
. ( 4 мин) 1. Оқушылармен амандасу
- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
- Көңіл - күйлерің қалай? 2. Сабаққа дайындық деңгейін тексеру
ІІ. Үй жұмысын
слайд арқылы тексеру.
ІІ Негізгі кезең (
8 мин) . Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Ой қозғау стратегиясы:
1. Қазақ елінің Отаны қалай аталады?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3. Қазақстанның елбасы кім?
4. Қазақстанның ірі қалаларын атаңдар.
5. Қазақстанның астанасы қай қала?
\6. Астана қандай қала?
7. Астана қаласының символы не?
8. Астана қай өңірге жатады?
Ал, балалар, айтыңдаршы қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады?
- Иә, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Астана қаласы туралы.
- Сендер Астана қаласы туралы не білесіңдер?((- Ендеше, балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Астанаға саяхат» деп аталады.
Оқушыларды үш топқа бөлу: 1 -топ «Байтерек» 2 -топ «Астана» 3 -топ «Қазақстан»
Әр топ өз атауына байланысты ассоциация жазады.
Оқушыларға бағалау парақтары таратылып, толықтыру ережесі түсіндіріледі
ІІІ. Мәтінмен жұмыс:
Астана
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы - Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан . Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер салынды. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана - болашағы үлкен қала. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана - болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Астана қаласы - жаңа Қазақстанның белгісі.
Қала төрінде алып «Бәйтерек» кешені - тәуелсіздіктің символы. Құрылыстың биіктігі 97 метрді құрайды . Алтындатылған шардың көлемі - 22 метр. Онда кафе, аквариумдер, «Бәйтерек» кішігалереясы бар.
Келген қонақтарға экскурсиялар қазақ, орыс және шет тілдерінде өткізіледі.
Мәтінді мәнерлеп, оқу, бейтаныс сөздері бар сөйлемдерді аударып, мағынасын түсіну.
Сөздік арқылы аудару.
А) Мәтін бойынша сұрақ дайындап, сұрақтарға жауап беру. 1. Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
2. Есіл өзеннің бойында қандай ғимараттар бар?
3. Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіш бар?
4. Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?
Ә) «Атыс» әдісі бойынша оқушылар бір - біріне сұрақ қояды.
Б) «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны арқылы мәтіннің мазмұның айтады. Оқушылар шеңберге тұрады, ортада жүргізуші көзін жұмып, кез-келген ойыншыға нұсқайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді. Мәтін қайта оқылады. Жауаптарында қате кеткен сөйлемдер түзетіледі, әңгіме қайта толықтырылады. Ең белсенді қатысқан топ жеңімпаз аталады.
Мәтінмен жұмыстан соң оқушылар бағалау парақтарына бағаларын қояды.
Б) Мәтінді пайдаланып Астанатақырыбына диалог құрастыру.
ІҮ. Бекіту тапсырмалары ( 15 мин)
Тақтамен жұмыс: Сандарды сөйлет
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Дамытушылық: Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылар туған Отанын, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін ояту және өз Отанына, еліне, қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Негізгі бөлім
«Ой қозғау»
Мағы-наны тану
Сұрақтар:
1. Қазақ елінің Отаны қалай аталады?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3. Қазақстанның президенті кім?
4. Қазақстанның астанасы қай қала?
5. Астана қандай қала?
6. Астана қаласының символы не?
Ал, балалар, айтыңдаршы қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады?
- Иә, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Астана қаласы туралы.
- Сендер Астана қаласы туралы не білесіңдер? Біз соны анықтаймыз.
Ендеше, балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Астанаға саяхат» деп аталады.
Қазір бәріміз Астанаға барамыз. Алдарыңызда поезд билеттері бар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz