Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Сабақтың тақырыбы: бұлбұлдың әні. мәдіхат төрежанов



«А.С.Макаренко атындағы № 6 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік мекемесі
Ахметова Толқын Бекетайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
3 сынып
Пән атауы: Әдебиеттік оқыту

[pic]

Сабақтың тақырыбы: Бұлбұлдың әні. Мәдіхат Төрежанов

Сабақтың мақсаты: 1) білімділігі Мәтіннің мазмұнын меңгертіп,
бұлбұл құсы туралы түсініктерін тереңдетуі
2) дамытушылығы: тіл байлығын,
сөздікқорын, көркем сөйлеу дағдысын дамыту. Көз алдында елестету
арқылы еске сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыту.

3) тәрбиелігі:Табиғатты аялауға, құстарды
қорғауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтастыру, венндиаграммасы. Сұрақ-жауап, әңгімелеу, бес
жолды өлең әдісі.
Сабақтың көрнекілігі:
суреттер,үнтаспа,слайд, интерактивті тақта. Сабақтың типі:Жаңа білімді
меңгерту.
Сабақтыңтүрі: аралас c
Сабақтың
барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі:
Күндей жадырап,
Айдай
арайлап,
Жұлдыздай жарқырап.

Судай таза көңілмен ,

Сәлемдесіп сіздерге

Сабағымызды бастаймыз.
1) Қызығушылықтарын
ояту.Мұғалімнің түсінік беруімен басталады
Сұрақтар: - Қазір қандай мезгіл ?
(Қыс,қыстың соқғы айы ақпан) - Енді қай жыл мезгілі
келеді? (Көктем)
- көктем туралы не білеміз?
Көктем -
күн ұзарады,қар ериді,құстар келеді,тіршілік басы,ағаштар бүр
жарады,гүлдейді, шөптер шығады ,бәйшешек гүлдейді.
- Көзалдарыңа не елестейді?

- Егер көктемді «тіршілік басы» десек, осы тіршілікке, өлкенің,
жер әлемнің құлпыруына үлкен әсерететін не?
- Жаңбыр. Жақсы
балалар.
- Онда бұл өлеңді кім жазған?
-
Б.Майлин кім ? (Үш арыстың бірі,жазушы т.б)

- Қандай еңбектерін оқыдыңдар?(Күлпаш,)

- Жаңбыр — тіршілік көзі.

II.Үй тапсырмасын тексеру:
Топпен жұмыс:

І - топ – Жаңбырдың қандай
түрлерін білесіңдер?
- Нөсер жаңбыр, ақ жаңбыр, өткінші және соқыр жаңбыр.
2- топ – Үйге берілген: Б.
Майлиннің «Жаңбыр» өлеңін жатқа айтып, мәнерлеп оқу.

– Жаңбырдан бізді не қорғайды, сол заттың
суретін салып
келдіңдер? (қолшатыр).Салған суреттерін көру.
– Жаңбыр жауып басылған соң
нелердің даусын
естуге болады, аспанда не пайда болады?
-(Құстардың, шегірткенің
шырылын, бақаның даусын) (Кемпірқосақ).

III.Жаңа сабаққа әзірлік:

- Өте жақсы балалар, көктем сәні
жаңбыр мен де кіреді екен,сонымен бірге құстардың әсем дауыстарымен де
ерекшеленеді екен.
– Қандай құстарды білесіңдер?
- Оларды қандай топтарға
бөлуге болады?
-Құстар: Қыстап қалатын (қарға,суық торғай,кептер,сауысқан
т.б), жылы жаққа ұшып кететін (бұлбұл,тырна,қара
торғай,шымшық,қарлығаш,т.б)

Үй құстары: (тауық, қаз, үйрек,үндік)
Дала
құстары:(бұлбұл,сауысқан,қарға,торғай,кептер,аққу,тырна т.б) Жыртқыш
құстар:(бүркіт, жапалақ,таз қара)
- Құстар қалай дыбыстайды?
Сәйкестігін тауып,
тақтада орындайды.
Қаз -------------------
шырылдайды
Бозторғай ---------- қаңқылдайды
Сауысқан -----------
шақырады
Әтеш ----------------- саңқылдайды

Қарға ---------------- тыраулайды
Тырна --------------- сайрайды

Бұлбұл -------------- қарқылдайды
- Балалар, олай
болса бәріміз, үнтаспаны тыңдап көрейікші?
- Қандай құстың үні ерекше естіледі?
-
Бұлбұлдың даусы. Бұлбұл әнші құс екен. Сондықтанда үлкендер бұлбұлдай
әнші бол деп бата беріп жатады. Бұлбұл тамыз айында Африкаға ұшып кетеді
екен. Оның 2 түрі болады.
а) Дала бұлбұлы

ә) Тоғай бұлбұлы
Суреттерін көрсету арқылы
ұқсастықтары мен ерекшелік терін анықтату Әнші құс

Дала бұлбұлы

Тоғай бұлбұлы
IY.Мақсат қою
кезеңі: Бүгінгі сабақта Мәдіхат. Төрежановтың „Бұлбұлдың әні" атты мәтіні
мен танысамыз. Автордың өмір баянына тоқталып өту, таныстыру. Төрежанов
Мәдіхат Сейітхожаұлы - (1921жылы 30-сәуірде, Ақмола облысы Ақкөл ауданы
Еңбек ауылында дүниеге келген) – балалар жазушы, КСРО Жазушылар одағының
мүшесі (1986). Семей мұғалімдер институтын бітірген (1941).Омбы облысы
Шарбақкөл ауданында, Ақмола мектебінде мұғалім (1939 -1941). Омбы
қаласындағы авиациа зауытында жұмыс жасады (1941 –1945). Ақмола облысы
мұғалімдер кәсіподақ ұйымының төрағасы, Қорғалжын мектебінде оқу ісінің
меңгерушісі, мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі
(1946 – 1981) болды. Мәдіхат Төрежановтың алғашқы өлеңдері 1938 ж. жарық
көрді. 1981 жылдан зейнеткерлік демалыста. Орден, медальдармен
марапатталған.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен жұмыс:

а) Мәтінді мәнерлеп, түсінікті, дауыстап оқып беру.
ә) Мәтіндегі негізгі кейіпкерлерді
анықтату.
– Негізгі кейіпкерлер
- Әбдеш пен оның
досы.
б) Мәтінді оқулықтағы берілген
сұрақтар бойынша талдау, мәтіннің негізгі ойын, жасырын ойын анықтау.

(бұл жерде сұрақтарды оқушылар өздері бір – біріне қояды)
Cергіту сәті:

Y.Бекіту кезеңі:

в) Мәтінді оқушыларға рольге бөліп оқыту.
г) Оқулықтағы
тапсырмалармен жұмыс.
– Әбдеш қандай бала, мінездеме бер?
Шығармашылық жұмыс:
Сөзтіркестері беріледі, соларды қатыстыра отырып, шағын мәтін құрастыру (5-
7 мин) Арайлап атқан таң, айдынкөл, көркем тоғай, әсем табиғат, гүлдердің
хошиісі, самал жел, мөлдір бұлақ, жазық дала, сайраған құстар, киелі
топырақ, таза ауа, туған жер. Белгілі бір уақыттан кейін 2 - 3 оқушының
әңгімесін тыңдау, талдау, мадақтау, бағалау.

Қайсар: Туған жерімнің әр бір арайлап атқан таңы мен үшін үлкен қуаныш.
Ауыл сыртындағы айдын көлден,көркем тоғайдан небір сайраған құстардың
даусын естисің. Киелі туған жерімнің әр бір гүлінің хош иісін иіскеп,
мөлдір бұлағының суынішіп, таза ауасымен демалып жүрген мен – бақытты
жандардың бірімін.

Аяжан:Мен ауылымның киелі топырағын басып тіршілік етіп жүрмін. Таза
ауасын жұтып, гүлдердің хошиісін иіскеп, мөлдір бұлағынан су ішіп туған
жерімде ешалаң сызөмір сүріп келемін. Ауылымның табиғаты сондай әсем.
VI. Қорытынды.
Тәрбиелік ой толғаныс:

-Табиғатты аялау дегеніміз не?
- Сендер табиғат
пен құстарды қорғауға қандай үлес қосар едіңдер?
1. Табиғаттағы әр бір тіршілік иесін қорғау керек.
2. Гүлдерді жұлмау керек.

3. Құстарды атпау керек, жұмыртқасын алып, ұясын бұзуға
болмайды. 4. Құстарға қолдан ұя жасап, жем шашар
әзірлеп қою керек. «Бес жолды
өлең» құратып ,оқыту.
1. Бұлбұл

2. Әнші, әдемі, нәзік

3. Сайрайды, қонады, ұшады.

4. Бұлбұл – орманның әнші құсы.
5. Құс.

-Бүгінгі сабақта не туралы білдік?

-Қазақ халқының бұлбұл әншісі деп кімдерді айтқан ?(Бибігүл
Төлегенова,Күләш Байсейітова,Роза Бағланова апаларымыз)
-Бұлбұлды сипаттап көр.

VII. Үйге тапсырма:

1) Мәтіндітүсініп оқу.
2) Бұлбұл құсы туралы
мәлімет жазу,суретін салуға.
3)Автор туралы мәлімет жинау.
YIII.Оқушыларды
бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Мәдіхат төрежанов «қолғабыс» әңгімесі
Бұлбұлдың әні. 3 сынып. ана тілі
Қайроштың анасы
Мәтін жайлы
Күй тартыстың мәні
Тестілеу – оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың бір түрі
Әдебиеттік оқу 2 сынып сабақ жоспарлары
Үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз
Отбасындағы әдептілік
Ортақ іс табысы
Пәндер