Бастауыш сыныпта математикалық білімді тиянақтау: банк ойыны негізіндегі сабақ жоспары

Нұсқабаева Нұрсауле Анепияқызы,

Шымкент қаласы, №50 А. Байтұрсынов атындағы

көпсалалы мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың өткен тақырыптардан алған білімдерін тиянақтау, екі таңбалы сандарды қосуға, теңдеуді шешуге, есептерді шығаруға қатысты білімдерін пысықтау.

Дамытушылығы: Тез есептеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, банк қызметі туралы түсінік беру.

Тәрбиелілігі: Тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, сұрақ-жауап, жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кестелер, қима кеспелер т. б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Есептерді шығарып,

Біз білімді боламыз.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Жаңа сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру;

  • Балалар банк деген не?
  • Қандай банктерді білесіңдер?

Бүгін біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Бұл ойынға үш банк қатысады:

І қатар - «Альянс» банкі

ІІ қатар - «Халық» банкі

ІІІ қатар - «Нұрбанк» банкі

Бүгін осы 3 банктің қайсысы жақсы жұмыс істейтін тұрақты банк екенін тексеруді тапсырды. Сондықтан бүгін сабақты дұрыс ұғуымыз керек, тез есептеп, ойлап жауап беруіміз және тәртіп сақтауымыз керек.

ІІІ. Ой қозғау. Қайталау. Оқулықпен жұмыс

Ойын «Сынап көр». Теңдеуді шешу.

Әр қатар әр бағанаға шығарады:

2+а=10 а-2=8 10-а=2

а=10-2 а=8+2 а=10-2

а=8 а=10 а=8

2+8=10 10-2=8 10-8=2

1+а=10 а-1=9 10-а=1

а=10-1 а=9+1 а=10-1

а=9 а=10 а=9

1+9=10 10-1=9 10-9=1

IV. Ауызша жұмыс

Ойын «Тез ойлан».

Сандарды кері және тура санау:

92 32 62

88 28 58

«Бәйге» ойыны

Әр қатар әр бағанаға шығарады:

І қатар - қосу амалымен шығарады 2 қатар - 1 азайту амалымен шығарады

10+2=12 12-2=10

20+2=22 22-2=20

30+2=32 32-2=30

40+2=42 42-2=40

50+2=52 50-2=50

3 қатар - 2 азайту амалымен шығарады

12-10=2

22-20=2

32-30=2

42-40=2

52-50=2

V. Жеке жұмыс

Банк бастықтары тақтада парақшамен жұмыс орындайды. Банк бастықтары тапсырманы дұрыс орындаса, сол дұрыс орындаған банк иесіне жаңа сейфтің кілті тапсырылады.

VІ. Дәптермен жұмыс

(10+5) -4=11 (6+4) -2=8 (60+40) -20=80

(10+7) -1=16 9-(3+2) =4 90-(30+20) =40

18-(3+5) =10 (7-2) -3=2 (70-20) -30=20

VІІ. Сергіту сәті

VІІІ. Ой толғаныс

5-ші есептің а) бөлігі орындалады, ә) және б) бөліктері а) бөлігімен салыстыра отырып орындалады.

Үйрек - 36 Қаз - 30

Қаз - ? 6-уы кем Үйрек - ? 6-уы артық

Ш: 36-6=30 Ш: 30+6=36

Ж: Аулада 30 қаз жайылып жүр. Ж: Аулада 36 үйрек жайылып жүр.

Үйрек - 36

Қаз-30 ? - кем

Ш: 36-30=6

Ж: Қаздың 6-уы кем

ІХ. Қорытынды

Шығармашылық тапсырма: «Ойлан тап» ойыны

1 қатар 2 қатар 3 қатар

№17(34) №23(42) №26 (47)

3 банктің жұмысы жайындағы қорытынды сөзді «аудитор»бағалап айтады.

Х. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Екі таңбалы сандарды баған түрінде қосу мен азайту: бастауыш сыныпта білімді тиянақтау сабағы
Дайындық тобының математикасы: бауырсақ ертегісі арқылы математикалық білімді тиянақтау
5-ке көбейту және бөлу: бастауыш сыныптарда білімді тиянақтау сабақ жоспары
5-сынып математика: ондық бөлшектерді қосуды оқыту - банк ойыны түріндегі сабақ жоспары
2 А сыныпқа арналған математика сабағы: Білімді тиянақтау (Өткенді пысықтау) сабақ жоспары
4-сынып математикасы: Білімді тиянақтау - әдістемелік сабақ жоспары және бағалау тапсырмалары
Экономикадағы математикалық әдістер және мектепте банк жүйесін шексіз геометриялық прогрессия арқылы оқыту
2-сынып математика: жақшалы өрнектерді шығару тәртібі мен білімді тиянақтау
Интерактивті тақта арқылы 4-сынып қазақ тілінен сөйлем туралы білімді тиянақтау
Кіріктірілген сабақ Жеті лақ: бастауыш сыныпта тілдік, математикалық және табиғаттану дағдыларын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz